Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу /Ұлы математиктер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


109-сабақ

Тақырып:Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу /Ұлы математиктер.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

мынадай жағдайда:123∙2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануды.

Барлық оқушылар:

мынадай жағдайда:123∙2 үштаңбалы санды бір таңбалы санғакөбейтуді алгоритмге сәйкес түсінік беру.

Кейбір оқушылар:

мынадай жағдайда:123∙2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдарын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазған ыңғайлы.

Бірлікті санға көбейтіп, бірліктің астына жазады.

Ондықты санға көбейтіп, ондықтың астына жазады.

Жүздікті санға көбейтіп, жүздіктің астына жазады

Хат:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазыңыз, мүмкіндіктер тармағын құрыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

«Компьютер» ойынын жүргізуге болады.

3-слайд

4-6

Белсендіру.

(Ж.Ж) «Есімін тап» 1-тапсырмасын оқушылар жұппен орындайды. Әр жұпқа мысалдарды береді. Бірінші оқушы А жиынына тиесілі болуы мүмкін фигураларды таңдайды. Екінші оқушы сол фигураларды ретімен орналастырып осындай диаграммаларға аты берілген ғалымның есімін табады. В жиынының да элементтерін атап, тағы бір белгілі математиктің тегін табады. Дайын жұп сол ғалымдар жайлы туралы қысқаша хабарлама жасауға мүміндік беріледі.

В жиыны Леонард Эйлер жайлы айту

Оқулық, бұрынғы заман математиктерінің портреттері

4-5-слайдтар

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Бүгін біз кімде қандай қиындық туындағанын анықтап, қатемен жұмыс жасаймыз.

12-29

Шығарып көр.

(Ө.Ж)«Сәйкестендір» ойыны.2-тапсырманы өз беттерінше орындайды, есептейді.Қағазға өрнектер және жанына бірнеше жауаптар жазылған парақтар таратылады. Әр оқушы өз бетінше мысалдарды баған түрінде орындап жауаптарын сәйкестендіріп сызады. Екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдарын қолданып, сәйкес алгоритмдер бойынша үш таңбалы сандардың қосу мен азайту амалдарын орындайды. Бұрын шығарған оқушы қол көтеріп,оқиды.Қалған оқушылар жауаптарын салыстырып,(+,-) белгілері арқылы тексереді.

323 • 2 844 • 2 231 • 3

124 • 4 482 :2 663 :3

(Қиындық келтірген оқушыларға көмек көрсету)

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша

3- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен орындайды.Жұпта тапсырманы талқылайды, амалдардың орындалу тәртібіне мән бере отырып орындайды,бір-бірін тексереді,салыстырады.Бұл тапсырма есептеу дағдыларын жаттықтыруға бағытталған.

1000-32•3-84:2 124•2+482:2

Шапалақ арқылы бағалау

(Т.Ж)Теңдіктер құр.4-тапсырманы шағын топта орындайды.Ол үшін өрнектер жазылған қима қағаздар таратылады.Оқушылар төмендегі түсініктерге анықтама береді: «теңдік» және «теңсіздік», «тура теңдік» және «тура теңсіздік»; кестені пайдаланып тура теңдік пен теңсіздіктер құрастырады.

Топтағы оқушылар кезекпен тапсырманы түсіндіріп орындайды,ал келіскен оқушы бас бармағын жоғары, ал келіспеген оқушы бас бармағын төмен қарай көрсетеді.Дұрыс өрнекті дәптерлеріне жазады.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Дәптер, оқулық

6-слайд

7-слайд

Қима қағаздар

30-40

Пайымда.

(Ө.Ж)5-тапсырмасын өз бетінше орындайды.Тапсырма баған түрінде көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.Оқушыларға екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін дұрыс қолдану ескертіледі.Бірнеше оқушы тексеріліп,бағаланады.

а) 32•264:2 41:2 82:2

232•2464:2 341:2 682:2

ә) 503+49619+921810-679

860-7747+648165+309

Бұл тапсырманы жеке орындауды ұсынылады.Содан кейін өзара тексеруді жұпта орындайды. Егер интербелсенді құрал бар болса, эталон дайындалады және өздерінің жауаптарын салыстырып тексеруді ұсынылады. Оқушыларға екі/үш таңбалы сандарды үш таңбалы санға баған түрінде қосу және азайту алгоритмін дұрыс қолдану ескертіледі.Бірнеше оқушы тексеріліп,бағаланады.

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Салыстыр.6-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.Оқушылар салыстыру ережесіне сәйкес шамаларды салыстырады.

19мм *2см9ц * 90кг

47см*4дм 7см910кг *9ц 1кг

Тапсырма ұзындық, массаның өлшем бірліктері –миллиметр мен сантиметр, килограмм мен грамм арасындағы қатынасты бекітуге бағытталған. Сонымен қатар логикалық ойлау мен тапқырлықты дамытуға бағытталған. Оқушылар талдау жүргізе отырып, ортақ қорытындыға келе алады. Қиындық туындаған жағдайда, оқушыларға сұрақтардың көмегімен көмектесу.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Шығарып көр. 7-тапсырма. Топта оқушылардың барлығы берілген өрнек бойынша есептер құрастырады. Әр топ мүшесінің құрған есебі тыңдалады. Топтағы оқушылар кезекпен тапсырманы түсіндіріп орындайды,ал келіскен оқушы бас бармағын жоғары, ал келіспеген оқушы бас бармағын төмен қарай көрсетеді.

Дұрыс есепті дәптерлеріне жазады.

1-топқа: 320•2+120•3

2-топқа: 450•2-120•3

3-топқа: 432•2+223•3

4-топқа:115•2+135•3

«Басбармақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж) Теңдеуді шеш.8-тапсырманы өз бетінше орындайды, теңдеулерді шешеді.Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1. Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар теңдеуді алгоритмге сай шешеді.

Амалдар бойынша шығару.

9 -тапсырмадағы берілген амалдарды баған түрінде жазып, есептейді. Бұл тапсырма амалдардың орындалу тәртібін анықтау дағдысын жетілдіруге және есептеу дағдысын дамытуға арналған.алғашқы өрнекті шығарғаннан кейін жұпта бірін-бірі бағалауды ұйымдастырылады.Екінші өрнекпен де осындай жұмысты ұйымдастырылады.

Ойлан

10- тапсырмада 2-ден 9-ға дейінгі сандарды тура теңдік шығатындай етіп бос орындарға қой. Сандар қайталанбауы тиіс.

: 4 = :

Дәптер, оқулық.

8-слайд

9-слайд

 10-слайд

 

 

 

11-12-слайдтар

13-слайд

41-45

Рефлексия.

«Иә-Жоқ-Білмеймін» ойынын ойнату.

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейткенде жүздікті көбейтуден бастаймыз. (ЖОҚ)
  • Баған түрінде жазғанда бірлікті бірліктердің астына жазамыз (ИӘ)

Ойын соңында үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қайталап жаттықтырылады.

«Иә, жоқ, білмеймін»

парақшалары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу