Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/Ежелгі замандағы ұлы математиктер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


107-сабақ. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/

Ежелгі замандағы ұлы математиктер

Тақырып:Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/Ежелгі замандағы ұлы математиктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

Мынадай жағдайда: 46:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолдануды.

Бірқатар оқушылар:

Мынадай жағдайда: 46:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу алгоритміне сәйкес түсінік беруді.

Кейбір оқушылар:

Мынадай жағдайда: 46:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіруді біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалдары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейткенде баған түрінде жазған ыңғайлы.

Бірлікті санға көбейтіп, бірліктің астына жазады.

Ондықты санға көбейтіп, ондықтың астына жазады.

Жүздікті санға көбейтіп, жүздіктің астына жазады.

Хат:

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлуді баған түрінде жазыңдар, мүмкіндік тармағын құрыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушыларға ежелгі замандағы ұлы математиктер туралы әңгімелейді.

1- тапсырманы орындайды, Пифагор кестесінің құрылу ұстанымын түсіндіреді.

Оқулық, ежелгі математиктердің портреттері, Пифагор кестесі

3-слайд

4-6

Белсендіру.

Сабақта жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін көбейту мен бөлу кестесін дұрыс білу керек, бұған математикалық ойындар көмектеседі. Мұғалім оқушыларды «үндемес» ойынының шарттарымен таныстырады. Оқушыларға пластикалық планшеттер таратылады, файлдарға салынған немесе ламинатталған қағаздар және «whiteboard» маркерге арналған ақ тақтаға жазу үшін маркерлер, жазылғанды жылдам өшіретін майлықтар таратылады. Мұғалім электронды тақтаға ауызша есептеудің тапсырмаларын шығарады, оқушылар планшетке жауаптарын жазып, оны көрсетеді. Мұндай сауалнамадан мұғалім қай оқушыда ауызша есептеуден қиындық туындағанын білетін болады.

Пластиклық планшеттер, ламинатталған немесе файлға салынған қағаздар мен «whiteboard»маркерлері, майлықтар.

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Бүгін біз кімде қандай қиындық туындағанын анықтап, қатемен жұмыс жасаймыз.

12-29

Өздік жұмыс

(Ө.Ж) Бөлуді орында. 2- тапсырманы орындайды. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жазбаша амалдарын алгоритмге сәйкестендіріп, баған түрінде жазып, тексеруді орындайды. Оқушылар бөлу амалын көбейтумен тексеретінін еске түсіреді, алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді орындайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ө.Ж) Есепті шығар. 3-тапсырманы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалын қолданып, 3 тәсілмен орындайды.

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолданады.Разрядтан аттамай екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.

Дәптер, оқулық,

4-слайд

5-слайд

30-40

Өткенді қайталау

(Ж.Ж) Есепті шығар. 4-тапсырманы орындау барысында оқушылар қысқаша жазу бойынша есеп құрастырады да оны шығарады.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

(Ж.Ж) 5-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. әр жұпқа жұппен жұмыс түрін таңдауға мүмкіндік беріледі. Оқушылар алгоритмге сай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды.Жұптық жұмыстың бұл түрінде «материал элементтерін бөлу»: бірінші оқушы бәрін өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды.

Мына өрнектің мәнін табу барысында, оқушылардың қызметі ауысады. Жұппен жұмыс жасау барысында «амал бойынша» бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі жазып отырады, бірінші оқушы келіседі немесе келіспейді, бір есепті орындау барысында оқушылар орындарын ауыстыруына болады.Тексеру кезінде оқушылар бөлу амалын көбейтумен, көбейту амалын – бөлумен тексереді.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Т.Ж) Есеп құрастыр.6-тапсырманы топпен орындайды, қысқаша жазбасы бойынша есеп құрайды да оны шығарады. Тапсырмада не белгілі? Қандай сұрақ қойылған? Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге болады ма, әлде жоқ па? Неліктен? Алдымен нені тауып алу керек? Қалай? – деген сұрақтарға оқушылардан жауап алынады. Тапсырманы талдағаннан кейін оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Содан соң, бір оқушыға жауабын тақтаға жазып, шешімін түсіндіреді. Басқа оқушыларға тақтаға жазылған шешімді тексереді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ө.Ж) Теңдеуді шеш.7-тапсырманы орындайды, теңдеуді шешеді. Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеудің сол жағын қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді.Тапсырманы орындап болған соң,өзара тексеру жүргізіледі.Оқушылар жұмысы бағаланады.

Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1.Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар теңдеуді алгоритмге сай шешеді.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

8-тапсырма.Көпшілікке танымал геометриялық конструкторды әлі де «Пифагор басқатырғышы» деп атайды.Осындай ойын әзірленеді.Осы және басқа да пішіндер құрастырады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Дәптер, оқулық.

6-слайд

7-8-слайдтар

41-45

Рефлексия.

«Алма ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі.Тақтаға ағаш суреті ілінеді.Әр оқушыға қызылжәне сары алма таратылады.Оқушылар сабаққа қатысуы мен көңіл күйі қарай жапсырады.

- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі.

-мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу