Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/Ежелгі замандағы ұлы математиктер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

Оқу мақсаттары: екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша

көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: суреттер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритім қарастырылады.

1.Бірліктерді көбейтіп,бірліктердің астына жазады.

2.Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың астына жазады.

3.Жүздіктерді көбейтіп,жүздіктердің асына жазады.

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Мұғалім оқушыларға ежелгі замандағы ұлы математиктер туралы әңгімелеңіз.

  • тапсырманы орындайды, Пифагор кестесінің құрылу ұстанымын түсіндіреді.

Белсендіру.

Сабақта жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін көбейту мен бөлу кестесін дұрыс білу керек, бұған математикалық ойындар көмектеседі. Мұғалім оқушыларды «үндемес» ойынының шарттарымен таныстырыңыз. Оқушыларға пластикалық планшеттер таратылады, файлдарға салынған немесе ламинатталған қағаздар және «whiteboard» маркерге арналған ақ тақтаға жазу үшін маркерлер, жазылғанды жылдам өшіретін майлықтар таратыңыз. Мұғалім электронды тақтаға ауызша есептеудің тапсырмаларын шығарады, оқушылар планшетке жауаптарын жазып, оны көрсетеді. Мұндай сауалнамадан мұғалім қай оқушыда ауызша есептеуден қиындық туындағанын білетін болады.

Өздік жұмыс

(Ө.Ж) Бөлуді орында. 2- тапсырманы ұсыныңыз. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жазбаша амалдарын алгоритмге сәйкестендіріп, баған түрінде жазып, тексеруді орындайды. Оқушылар бөлу амалын көбейтумен тексеретінін еске түсіреді, алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді орындайды.

(Ө.Ж) Есепті шығар. 3-тапсырманы ұсыныңыз.Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалын қолданып, 3 тәсілмен орындайды.

Қала мектебінен – 69 бала

Ауыл мектебінен -93 бала

Әр мектептен – 3 баладан

Неше мектеп - ? қатысты

Ш:69:3+93:3=54 (мектеп) Ж: барлығы 54 мектеп жарысқа қатысты

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолданады.Разрядтан аттамай екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.

Өткенді қайталау

(Ж.Ж) Есепті шығар. 4-тапсырманы орындау барысында оқушылар қысқаша жазу бойынша есеп құрастырып, оны шығаруды ұсыныңыз.

Қала мектептері – 11 баладан 4команда

Ауыл мектептері- 11 баладан 8 команда

Ш:11·8+11·4=44 (бала)

Ж: жарысқа ауыл мектептерінен 44 бала артық келді

(Ж.Ж) 5-тапсырманы оқушылар жұппен орындатыңыз. Әр жұпқа жұппен жұмыс түрін таңдауға мүмкіндік беріңіз. Оқушылар алгоритмге сай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды.Жұптық жұмыстың бұл түрінде «материал элементтерін бөлу»: бірінші оқушы бәрін өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды.

Мына өрнектің мәнін табу барысында, оқушылардың қызметі ауысады. Жұппен жұмыс жасау барысында «амал бойынша» бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі жазып отырады, бірінші оқушы келіседі немесе келіспейді, бір есепті орындау барысында оқушылар орындарын ауыстыруына болады.Тексеру кезінде оқушылар бөлу амалын көбейтумен, көбейту амалын – бөлумен тексертіңіз.

(Т.Ж) Есеп құрастыр.6-тапсырманы топпен орындатыңыз. Қысқаша жазбасы бойынша есеп құратып, оны шығартыңыз. Тапсырмада не белгілі? Қандай сұрақ қойылған? Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге болады ма, әлде жоқ па? Неліктен? Алдымен нені тауып алу керек? Қалай? – деген сұрақтарға оқушылардан жауап алынады. Тапсырманы талдағаннан кейін оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Содан соң, бір оқушыға жауабын тақтаға жазып, шешімін түсіндіреді. Басқа оқушыларға тақтаға жазылған шешімді тексертіңіз.

(Ө.Ж) Теңдеуді шеш.7-тапсырманы орындайды, теңдеуді шешеуді ұсыныңыз. Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеудің сол жағын қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді.Тапсырманы орындап болған соң,өзара тексеру жүргізіледі.Оқушылар жұмысы бағаланады.

Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1.Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар теңдеуді алгоритмге сай шешеді.

63:х=159-156 80·у=1000-280 7·х=84:4

63:х=3 80·у=720 7·х=21

х=63:3 у=720:80 х=21:7

х=21 у=9 х=3

63:21=159-156 80·9=1000-280 7·3=84:4

3=3 9 =9 21=21

8-тапсырма.Көпшілікке танымал геометриялық конструкторды әлі де «Пифагор басқатырғышы» деп атайды.Осындай ойын әзірлетіңіз.Осы және басқа да пішіндер құрастырып көріңіз.

Рефлексия.

«Алма ағашы» әдісі арқылы жүргізіңіз.Тақтаға ағаш суреті ілінеді.Әр оқушыға қызылжәне сары алма таратылады.Оқушылар сабаққа қатысуы мен көңіл күйі қарай жапсырады.

- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі.

-мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу