Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


112 сабақ.

Тақырып: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қылышбаева А.Т.

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.6

бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

Тілдік мақсаттар

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіру.

Оқушылар:

Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлумен көбейту амалдарының жазбаша тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бөлуді қай разрядтың сандарынан бастау керек?

Бөліндінің цифрлық құрамын қалай анықтауға болады?

Бөлу кезінде шыққан қалдық туралы не айтуға болады?

Хат:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлінген жазбаны жазыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бір таңбалы санға жазбаша бөлу.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

(Ұ) Ғарышты зерттеушілер туралы әңгімелеу. Қима қағаздардағы тапсырмаларды орындайды, өрнектің мәнін есептейді, жауаптарын кему ретімен орналастырады, ғарыш ғылымының негізін қалаушылардың бірі – К. Циолковскийдің пікірін оқиды, осы сөздердің мағынасын өз түсінгендері бойынша әңгімелеп береді.

(Бүгін мүмкін болмаған емес нәрсе, ертең іске асуы мүмкін).

Циолковский Константин Эдуардович өміріне қысқаша тоқталу. (5(17).9.1857, Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское ауылы — 19.9.1935, Калуга қаласы) — осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.

1880 жылдан Боровскідегі уездік училищеде математика және физика пәндерінен сабақ берді.

1885 жылдан басқармалы тұтас металл дирижабльді, металл қаңқалы (каркасты) ұшақ-монопланды жобалаумен әрі олардың теор. мәселелерімен айналысты.

Оқулық

4

Бүгінгі оқу мақсаты:

Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды үйренесің

слайд

5-11

(Ө) «Үндемес» ойыны. Шарттарымен таныстыру. Оқушыларға пластикалық планшеттер таратылады, файлдарға салынған немесе ламинатталған қағаздар және «whiteboard» маркерге арналған ақ тақтаға жазу үшін маркерлер, жазылғанды жылдам өшіретін майлықтар таратылады. Мұғалім электронды тақтаға ауызша есептеудің тапсырмаларын шығарады, оқушылар планшетке жауаптарын жазып, оны көрсетеді. Мұндай сауалнамадан қай оқушыда ауызша есептеуден қиындық туындағаны білінеді.

679 : 5 = 135 (4 қалд.); 537: 5 = 107 (2қалд.);

949 : 8 = 118 (5 қалд.); 554 : 4 = 138 (2 қалд.);

659 : 5 = 131 (4 қалд.); 815 : 8 = 101 (7 қалд.);

764 : 3 = 254 (2 қалд.); 565 : 4 = 141 (1 қалд.)

Жауаптарын тақтада көрсете отырып, өзін-өзі бағалау.

Пластикалық планшеттер, ламинатталған немесе файлға салынған қағаздар және «whiteboard»маркерлер, майлықтар

12-29

(Ж) Есеп шығару.

Барлығы – 338 бөлшек

Бөлінді- 3 бала

Қалғаны-? Бөлшек

Шешуі: 338 : 3 = 112 (2 қалд.)

Жауабы: 2 бөлшек қалды.

Кері байланыс.Тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердің?

– Жіберілген қатенің себебін анықта?

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.

Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.

Мен:

  • Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіруді;
  • Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды;
  • Қалдықпен бөлуді тексеруді білемін.

Дәптер, оқулық

30-40

(Т)Саралау тапсырмаларын беру.

 Қима қағазға жазылған тапсырмадан оқушылар есепті шығарады, шешуін өрнек түрінде жазады.

І топқа сызба бойынша есеп құрастыру.

ІІ топқа есепті өрнек түрінде жазу.

ІІІ - ІV топтар есептерді шығару

V топ тіктөртбұрышты пішіндегі жер телімінің периметрін есептеу; периметрдің дәл сол мәні бойынша тіктөртбұрыш туралы есеп құрастыру.

 (Ж) Теңдеуді шешу.

 56 : х = (10 + 6) : 2

 56 : х = 8

 х = 56 : 8

 х = 7

 56 : 7 = (10 + 6) : 2

 8 = 8

 х – 340 : 10 = 12 ·5

 х – 34 = 60

 х = 60 + 34

 х = 94

 94 – 340 : 10 = 12 •5

 60 = 60

Мұғалім бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1. Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар алгоритмге сәйкес теңдеуді шешеді.

Өздік жұмыс.

№9 тапсырма шамалар бойынша амалдарды орындау. Оқушылар аталған шамалармен өрнектің мәнін табу ережесін түсіндіреді. Атаулы шамаларды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу кезінде, жай сандармен орындалатын амал сияқты орындалады, жауап жазу кезінде сандық мәнге сол өлшем бірлік жазылады.

41-45

Рефлексия.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Мақсатқа жете алдыңдар ма?

– Қиындық туындады ма?

– Сол қиындықтарды жеңе алдың ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсыну.

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу