Жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Ғарышты зерттеушілер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында сабақты ғарыш зерттеушілері туралы әңгімелеуден бастау.
Оқушылар қима қағаздарға жазылған қалдықпен бөлуді орындайды, барлық қалдықтардың көбейтіндісін табады және Г.Галилейдің не ойлап тапқанын біледі.
Галилео Галилей (итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемнің екі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді. 1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.
Қазақстан математиктері: Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1974).
Белсендіру.
Көбейту мен бөлу кестесін еске түсіру үшін ойын ойнауды ұсыну
Интерактивті тақтада ойнау мүмкін болмаған жағдайда, «Орамал тастамақ» ойыны арқылы көбейту кестесін қайталауға болады. Ол үшін жүргізуші таңдалып, орамалды көбейту кестесінен тапсырма айтып, орамалды келесі оқушыға лақтырады. Орамалды қағып алған оқушы жауабын айтып қайта лақтырады. Жүргізуші жауаптың дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, әрі қарай жалғастырады.
(Т)Топқа бірігу
Әр топқа үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің түрлі жағдайларының жазбасын ұсыну. Оқушылар әзірге бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін білмейтіндіктен, егер жоғарғы разрядтың бірінші саны бөлгішке бөлінбесе, егер аралық толық емес бөлінгіштер бөлгішке толықтай бөлінбесе, мәселелі жағдаят туындайды.
Оқу мақсатымен таныстыру:
Жазбаша бөлу алгоритмін қолданатын боласың
Оқушыларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды ұсыну
. (Т) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің жазбаша ұсынылған алгоритмімен танысу. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша жазбаша қалдықпен бөлуді және тексеру алгоритмінің бір пунктін түсіндіреді.
(Ұ)Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№3 тапсырманы орындау және екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмдеріне сәйкес есептейді.
364 : 3 = 121 (1 қалд); 846 : 4 = 211 (2 қалд); 89 : 4 = 22 (1 қалд); 78 : 7 = 11 (1 қалд);
483: 2 = 241 (1 қалд); 779 : 7 = 111 (2 қалд); 968 : 3 = 322 (2 қалд); 685 : 2 = 342 (1 қалд).
Жаңаны қолдану.
(Ұ) Тапсырманы орындау барысында жанама есеп екеніне мән беріп, есепті 2 амалмен орындайды, жанама есеп сұрақтарына тоқталу.
Егер есептің шарты жанама түрде берілсе, жанама түрде жазылған мәтіндік тапсырманы қысқаша жазбаға дұрыс аудару маңызды.
Бұл үшін, алдымен, есеп шартының қысқа жазбасын құрудан бұрын, оқушылар бірінші амалда үлкен немесе кіші санды табу керек екенін анықтайды. «Не» сөзі мектеп оқушыларын меңзейді, яғни оқушылар саны үлкендерден үш есе көп. Яғни, үлкендердің саны мектеп оқушыларының санынан 3 есе артық, ал бұл алдымен аз санды табу керек деген сөз. Аз санды табу керек екеніне тоқталып, оқушылар есеп шартының қысқаша жазбасын жасайды, есепті екі амалмен шығарады, есепке өрнек құрады, жауабын жазып отырады.
(Ж) №4 ә) тапсырманы жұппен орындау, қысқаша жазбаны сұрақпен толықтырады, есепті шығарады.Әр жұп жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.
Өткенді қайталау.
(Ж)Теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрау (қиындатылған). Жұпта теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1. Теңдеуді оқы.
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан.
3. Шығара алатын есептерді орында.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Алгоритмге сәйкес теңдеуді шешу.
(Ө) №6 (а) тапсырманың есебін тіктөртбұрыштың белгілі ауданы мен ені бойынша шығарады, тіктөртбұрыштың ауданының формуласын қолдана отырып, тіктөртбұрыштың ұзындығын есептейді:
36 : 4 = 9 (см),
тіктөртбұрыштың периметрін анықтауды және оны есептеу тәсілдерін естеріне түсіреді, тіктөртбұрыштың периметрін есептейді :
(4 + 9) ⋅ 2 = 26 (см)
№6 ә) тапсырмада ауданы бірдей болатын шаршы құру керек. Бұл шығармашылық деңгейдегі тапсырма. Шаршы құру үшін оның бір қабырғасының ұзындығын білу жеткілікті, себебі шаршының барлық қабырғасы тең. Шаршының ауданы оның қабырғаларының екі еселенген ұзындығына тең. 36 = 62 шаршының қабырғаларының ұзындығын анықтап, оқушылар оны сызады.
Жұмыстарын жұпта ауыстыру арқылы бір бірін бағалайды. Қатесіз орындаған оқушыларды ауызша мадақтау, қате жіберген оқушылардың қателігін анықтау
Рефлексия.
Сабақ барысында кім қолынан не келетінін түсінді:
•Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін қолдану;
•Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритміне түсінік беру;
•Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіру;
•Тексеру алгоритмін қолдану;
•Тексеру алгоритмін түсіндіру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?