Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Тақырып: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу. №112 сабақ

Оқу мақсаттары: 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабаққа қажетті мағлұматтар

Циолковский Константин Эдуардович (5(17).9.1857, Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское ауылы — 19.9.1935, Калуга қаласы) — осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған. 1880 жылдан Боровскідегі уездік училищеде математика және физика пәндерінен сабақ берді. 1885 жылдан басқармалы тұтас металл дирижабльді, металл қаңқалы (каркасты) ұшақ-монопланды жобалаумен әрі олардың теор. мәселелерімен айналысты.1897 жылы Ресейде тұңғыш рет аэродинамикалық құбырды жасап, қарапайым модельдерді сынаудан өткізді. Бірақ Циолковскийдің техникалық идеялары патшалық Ресейде жүзеге аспады. Қазан төңкерісінен кейін Циолковскийдің еңбектері кеңес өкіметі тарапынан жан-жақты қолдау тапты. Циолковскийдің негізгі ғылыми еңбектері реактивті қозғалысқа, космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған. 1924 жылы Циолковскийге Н.Е. Жуковский атындағы Әуе флоты академиясының құрметті профессор атағы берілді. КСРО ҒА планетааралық қатынас саласындағы үздік еңбектері үшін берілетін К.Э. Циолковский атындағы Алтын медалін белгіледі. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің бірі Циолковский есімімен аталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу