Күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлімі Теңдеулерді шешу. Сандармен операциялар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күрделі теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 ** көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; х· (25:5)=60;

(24·3):х=6;

х: (17·2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

қарапайым теңдеулерді шешуді біледі;

Оқушылардың көпшілігі

белгісіз компоненттерді табу ережесін біледі;

Кейбір оқушылар:

күрделі теңдеулерді шеше алады.

 Жетістік критерилері

Күрделірек теңдеулерді рет-ретімен орындай отырып, шеше алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

теңдік, теңсіздік

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

• белгісіз қосылғыш, азайғыш, азайтқыш, көбейткіш, бөлгіш.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңдеулермен танысу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Теңдеу жайлы естеріне түсіру. Өткен сабақ тақырыбы мен мақсатына шолу жасау мақсатында ауызша қарапайым теңдеулер есептету.

Логикалық тапсырмалар

  • Үшбұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама - қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?
  • Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек?
  • Бүгін 14 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?
  • Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр.
  • Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?

Маркер, ламинад қағаз,презентация

Сабақ ортасы

(Ұ) Оқып үйренген тәсілдерді күрделірек теңдеулерге қалай қолдануға болатындығын көрсетіңіз.

y + 380 = 750 +250

800 –x = 3 х 80

(Ұ, МК) Күрделірек теңдеулерді рет-ретімен орындай отырып шешуге болады. . Теңдеуді ықшамдау бойынша амалдарды көрсетіп, сосын айнымалының мәнін табыңыз. Екі теңдеудің біреуін таңдап шығаруға мүмкіндік беріңіз.

9•у+380 :2=750+250

(957-900)+ 360:а=63

(Ұ) Теңдеуді шешу әрекеттерін талқылаңыз. Теңдеуді шешуде барлық алгоритмін дұрыс орындады ма? Маңызы бар ма?

(Ұ) Есептеу машықтарын дамыту мақсатында өрнектермен жұмыс жасаңыз. Сондай-ақ формулалар тақырыбын бекіту мақсатында есептер шығарыңыз.

№1

68 102 : 34 =

17 710 : 35 =

№2 Есеп құрып,шығартыңыз.

№3Екі сынып оқушыларына ұзындығы 28 м, ал ені 20 м спорт алаңын қардан тазарту жүктелді. Бір сыныпта 29 оқушы, ал екіншісінде 27 оқушы бар. Егер жұмыс оқушылар санына қарай тең бөлінсе, әр сынып неше квадрат метр жерді тазалауы керек?

(Ө,Қ) Теңдеулерді шешу үшін оқушыларға тапсырмалар беріңіз.

Мысалы:

«А» деңгейі

y + 380 = 750 +250

800 –x = 3 х 80

7 х а = 245 – 34

640 : с = 40 х 2

56 + а = 810 : 9

х – 95 = 580:20 т.с.с.

«В» деңгейі

9у+380 :2=750+250

800-7х=380

(957-900)+ 360:а=63

«С» деңгейі

(60 +2 у) :4 = 810 : 9

. (х – 95) х 5 = 580 - 80

6у + 380 х 2 = 750 + 250

(Ж) Мұғалім берген тапсырмаларды орындағаннан кейін, олар бір-біріне тапсырмалар құрастырулары қажет. Мұндай тәсілмен тапсырмалар құру теңдеулерді шешу жолдарын түсінуді қажет етеді және тексереді

Презентация,

күрделірек теңдеулерді шешу: http://www.bbc.co.uk/bitesize/ks3/maths/algebra/equations1/revision/4/

Есеп (теңдеудің көмегімен шешу): http://nrich.maths.org/664

Математика тарихындағы есеп: http://nrich.maths.org/278

Сабақтың соңы

ҚБ Деңгейлік тапсырмалар

Өздері таңдаған теңдеуді шығартыңыз. Тексеріңіз. Өзін-өзі бағалау жүргізіңіз.

(А) 640 : с = 40 х 2

(В) (957-900)+ 360:а=63

(С) 6у + 380 х 2 = 750 + 250

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

Карточкалар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Пікір жазу