Күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлімі Теңдеулерді шешу. Сандармен операциялар

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күрделі теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 ** көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; х· (25:5)=60;

(24·3):х=6;

х: (17·2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

 Сабақ мақсаттары

Көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым және күрделі теңдеулерді шешу

 Бағалау критерилері

Күрделірек теңдеулерді рет-ретімен орындай отырып, шеше алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

теңдік, теңсіздік

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

• белгісіз қосылғыш, азайғыш, азайтқыш, көбейткіш, бөлгіш.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңдеулермен танысу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Қоңырау үні соғылды,

Сабағымыз басталды

Оқушылар тынышталып,

Қатар қатар тік тұрды.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

(Ұ, Ө)Математикалық диктант

Мақсаты: Теңдеу, өрнек, теңсіздіктерді ажырату.

Х+56=(80х2)

(78+12):2

Х+6≤20

/Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар дайын жауап бойынша жұппен тексереді. «Плюс- минус» арқылы бағалайды/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

слайд

Сабақ ортасы

10 минут

5 минут

15 минут

(Ұ) «Сен маған, мен саған»

Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту.

2*Х+56=(80х2)

Оқушыларға теңдеу жазылған А 4 форматындағы қағаз таратылып, беріледі.

Тапсырма:

  • Теңдеудің түрін анықта.
  • Теңдеуді шығару алгаримін жаз.

/Оқушылар топта ойласып, стикерлерге теңдеуді шешу алгаритмін реттілігіне қарай орналастырып жапсырады/.

  • Топтар жұмыстарын сағат тілі бойынша өзара алмастырады.
  • Жазылған алгаритм реттілігін тексереді, тапсырма дұрыс орындалса, «Шаңырақ» құрады.
  • Тапсырма тағы да сағат тілі бойынша алмастырылады. Бұл кезеңде топ оқушылары теңдеудің түбірін табуы тиіс.
  • Теңдеудің түбірі табылған соң, постері бастапқы топқа қайта оралады.

/ Тапсырма тексеріледі. Ұжым алдында теңдеудің түбірі «дұрыс» немес «бұрыс» орындалғаны анықталып, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі. Кері байланыс жасалады/.

(Ж) Теңдеуді шеш.

Мақсаты: күрделі теңдеулерді шешуге дағдылану

420:(х*5+60)=2

/тапсырма жұптармен өзара алмастырылады. Мұғалім бағытымен «Тізбектеу» әдісі бойынша оқылады, теңдеудің шығару жолы тексеріледі, «+», «-» әдісі бойынша бағаланады/.

(Ө) «Бинго» ойыны. Теңдеуді шеш.

Мақсаты: күрделі құрылымды теңдеуді шешу.

Оқушыларға түрлі - түсті қағазда теңдеулер жазылған қағаздар тартылып беріледі.

Тақтада әрбір теңеудің шешімі жазылған қағаз (кері бетімен) ілініп тұрады.

Оқушылар әрбір теңдеуді орындап болған соң, тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріп, келесі тапсырманы орындауға мүмкіндік алады. Барлық тапсырманы орындау арқылы «Бинго» деп дауыстайды.

Сары түсті: 65-(a:2)=78-52

Көк түсті: 224+(c-14):4=124

Қызыл түсті: (в+150):5+45=85

Жасыл түсті: 5•х+360 :9=190

/Тапсырма орындалып болған соң, оқушылармен өзін-өзі бағалайды, кері байланыс жасалады/

Постерлер, А 4 қағазы, стикерлер

Слайд, қима қағаздар

Түрлі-түсті карточкалар

Сабақтың соңы

5 минут

  • Сен бүгін не үйрендің?
  • Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?
  • Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?
  • Қай тапсырма сені қызықтырды?
  • Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?
  • Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?
  • Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалайды

Слайд

«Жетістік жолы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Пікір жазу