Құрылымы күрделі теңдеулер. Бекіту/Музыка. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
91-сабақ.Тақырыбы: Құрылымы күрделі теңдеулер.Бекіту
Оқу мақсаттары: көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу;құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;
х: (17∙2)=2; k+124:4=465 теңдеулерді ше
Сабаққа қажетті ресурстар: кестелер, слайдтар,суреттер, алма ағашы суреті және алмалар суреттері
Сабақта қолданатын деректі материалдар:Бұл сабақта күрделі теңдеулерді шешуді бекіту керек.Мұндай теңдеулерді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап,ең соңғы орындалатын амалды табу керек,белгісіз компонентін анықтап,оны табудың ережесін қолданып,теңдеудің түбірін тауып,тексеруді табу керек.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Музыка туралы әңгіме.
Әртүрлі жанрлардан үзінділер тыңдайды да, балалар білетіндерін ортаға салады.
Музыка жанры деген не?
Жанр дегеніміз –нақты бір музыкаға қатысты ерекше үлгі. Оның орындалуының, арналуының, пішіні мен мазмұн сипаттамасының нақты шарты бар.
Мысалы, бесік жырының нақты мақсаты – баланы тыныштандыру, сондықтан оған «тербетіліс» екпіні мен ырғақ мәнері тән; маршқа – нақты адымдарға үйлестірілген мызыканың барлық мәнері тән.
Музыка жанрлары қандай болады?
Жанрларды топтастырудың ең қарапайым жолы –орындау амалымен жүреді.
Бұл үлкен екі топ: аспапты (марш, вальс, этюд, соната, фуга, симфония) вокалды жанрлар (ария, жыр, романс, кантата, опера, мюзикл). Жанрлардың басқа типологиясы орындау мәнерімен байланысты.
Бірақ балалар мектепте негізінен үш танымал түрін өтеді: ән, би, марш.
Белсендіру.
Музыка өнерінің үлкен мерекесіне бағдарлама құрады. (Ж.Ж) 1- тапсырманы орындауды ұсынады. Өрнекті шешіп, концертте қанша ән, би мен марш қойылатынын біледі.
Балалар өрнекті бірнеше жолмен шешеді. Оларды амалдар компоненттерінің атауларын пайдалана отырып оқып береді.
25·4-25·3= 25 (биледі)
2·(11 ·30-320)= 20 (ән айтылады)
20 · 11 –(99 · 2 +2)=20(марш)
«Шапалақ» арқылы бағалау
(Т.Ж) «Белгісізді тап» ойыны.2-тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Бұл тапсырманы қатар бойынша жарыс түрінде (егер оқушылар қатар бойынша отырса) немесе топта орындайды. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап. шыққан оқушы қай қатардыкі (топтыкі) болса, сол қатарға (топқа) ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған қатар (топ) жеңіске жетеді. Оқушылар тапсырмада белгісіз компоненттерді қалай табатынын ереже арқылы табады.Кестеде жауаптарын эталонмен тексереді.
Тапсырманы орындамас бұрын белгісізді табу үшін,бірнеше сұрақ қойып,жауап алыңыз..
- Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?
- Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?
-Белгісіз бөлгішті қалай табамыз?
Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз.
Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке бөлеміз.
Белгісіз бөлгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлінгішке бөлеміз.
Көбейткіш | 23 | 10 | 9 | 20 | 4 | 31 | 70 | 10 |
Көбейткіш | 10 | 40 | 100 | 30 | 200 | 10 | 10 | 30 |
Көбейтіндінің мәні | 230 | 400 | 900 | 600 | 800 | 310 | 700 | 300 |
Бөлінгіш | 250 | 600 | 700 | 210 | 500 | 1000 | 800 | 800 |
Бөлгіш | 10 | 30 | 100 | 21 | 100 | 50 | 40 | 200 |
Бөліндінің мәні | 25 | 20 | 7 | 10 | 5 | 20 | 20 | 4 |
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
Өткенмен жұмыс.
№ 4–7 тапсырмалар. Оқушылардың есептер бойынша өрнек құра алатындарын көрсету үшін және өткен тапсырманы қайталау үшін берілген.
(Ө.Ж) Қ.Б 3-тапсырманы оқушыларға өз бетінше теңдеуді шешуге ұсыныңыз.Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеудің сол жағын қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді.Тапсырманы орындап болған соң,өзара тексеру жүргізіледі.Оқушылар жұмысы бағаланады.
Құрылымы күрделі теңдеуді шешу алгоритмі
1.Амалдарды орындалу ретімен қой.
2. Соңғы амалды қорша.
3. Соңғы амалдың компоненттерін ерекшеле.
4. Белгісіз компонентті анықта.
5. Оны ереже бойынша тап.
6. Теңдеуді ықшамда.
7. Теңдеудің түбірін тап.
8.Теңдеуді тексер
56:х=(10+6):2 (67-23)+у=786-145
56:х=16:2 (67-23)+у=641
56:х=8 44-у=641
х=56:8 у=641-44
х=7 у=597
56:7=(10+6):2 (67-23)+597=786-145
8=8 641=641
«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру
(Ж.Ж) 4-тапсырма жұпта орындатыңыз.Есеп қалдықпен бөлуге және оған байланысты есептер шығару және есеп құрастыра білуге арналған. Жұпта оқушылар талдайды,орындайды.(Көмек қажет жұпқа көмек беру)
а)Болды- 35 фотосурет
Жапсырды – 4 фотосуреттен
Қалды-? фотосурет
Ш:35:4=8 (3 қалд)
Ж:3 фотосурет артылып қалды.
Кітапханада 49 кітапты алып,әр бумаға 5 кітаптан буып жинады.Неше кітап артылып қалды?
ә)Болды – 49 кітап
Әр бумаға– 5 кітаптан
Қалды - ? кітап
Ш:49:5=9 (4 қалд.)
Ж: 4 кітап артылып қалды.
(Ж.Ж) 5-тапсырма теңдеу шешуді жұпта орындауға ұсыныңыз. Оқушылар күрделі теңдеуді шешуді,тексеруді аяқтап,күрделі теңдеулерді шешу дағдысын бекіте алады.Теңдеуді орындап болған соң.жұмыстарын ауыстырып бір-бірін тексереді,салыстырады.
45·2·у=900 45·2+b=900 a-45·2=900
90·у=900 90+b=900 a-90=900
у=900:90 b=900-90 a=900+90
y=10 b=810 a=990
45·2·10=900 45·2+810=900 990 - 45·2=900
900=900 900=900 900=900
«Бағдаршам» бойынша бағалау арқылы кері байланыс беру.
(Т.Ж) 6-тапсырманы топта орындатыңыз.Топта оқушылар есептің берілгенін оқиды,талдайды.
-Не белгілі,не белгісіз?
-Нені табамыз? Қалай табамыз? -екенін анықтайды.
Шырша 20 түптен 3 қатар және барлық ағаш 185 екені белгілі.
Ендеше, 20 түптен 3 қатар шырша 60 түп (20·3=60) болады.Жөке ағашын табу үшін барлық ағаш санынан шыршаның санын азайтамыз.185-60=125(түп)
а)Жөке ағашы -? түп
Шырша -20 түптен 3 қатар 185 түп
Ш:185-(20·3)=125 (түп)
Ж: 125 түп жөке ағашы отырғызылды.
ә)Көк - 5 кг-нан -25 құты
Жасыл - ? кг 500 кг бояу
Ш: 500-(25·5)=375 (кг)
Ж:375 килограмм жасыл түсті бояу сатып алды.
б)Болды - 855 м мата
Бөлді – 4 бөлікке
Артылып қалды – 15 м мата
Әр бөлікте -? м мата
Ш:855-15=840(м)
840:4=210(м)
Ж:әр бөлікте 210 метр мата бар.
№7 тапсырма. Кәмила сауалнама жүргізді. Оған 100 оқушы қатысты. Диаграмманы оқы. Өз сыныбыңда осыған ұқсас зерттеу жүргіз. Алынған мәліметтерді диаграммаға жаз.
Бұндай жұмыстарды жүргізу үшін алдын ала дайындық жасаңыз. Түрлі түсті стикерлер дайындаңыз.
Балалар өздерінің сикерлерін сәйкес келетін жазудың астына бекітеді. Әрбір топ тақтаға бір «санағыштарын» жібере отырып, есептеуді өз беттерімен жүргізе алады. Өзгелер бұл кезде диаграммаға арнап шкала жасайды. Бағаналарды қандай түспен бояу керек екенін шешеді.
Диаграммалардың презентациясы топтар бойынша жүргізіледі. Топтарға осыған ұқсас, әдебиет пен кескіндеменің артықшылықтарын зерделей отырып, тапсырма беру арқылы жұмысты түрлендіруге болады.
Өздік жұмыс.
Бағалау критерийлері бойынша дәптерде орындайтын есептер ұсынады.
Теңдеулерді шеш. Тексер.
х: (15∙2)=3 с∙(5∙2)=540
Мен:
- күрделі құрылымды теңдеуді жеңілдетуді;
- теңдеудің түбірін табуды;
- кестеден тыс жағдайда көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындауды;
тексеруді орындай аламын.
Рефлексия.
«Алма ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі.Тақтаға ағаш суреті ілінеді.Әр оқушыға қызылжәне сары алма таратылады.Оқушылар сабаққа қатысуы мен көңіл күйі қарай жапсырады.
- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі.
-мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?