Тиімді есептеу. Сәндік-қолданбалы өнер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

82-сабақ, Тақырыбы

Тиімді есептеу.Сәндік-қолданбалы өнер

Оқу мақсаты:

3.1.2.3** көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

3.1.2.9 - 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, + қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 - көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac;a(b–c)=ab–ac +қосындыны санға бөлуді(а+в):скөрсету және қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

-көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін, қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту, қосындыны санға бөлу ережелерін қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі:

-көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac;a(b–c)=ab–ac;қосындыны санға бөлуді(а+в):скөрсетуді және қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі:

-өз бетімен тиімді тәсілдерді табу және олардың теориялық негізін түсіндіреді.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

-көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолдана отырып тиімді есептеуді түсіндіреді

Пәндік терминология мен тірек сөздер:көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттері, тиімді есептеу.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • Тиімді есептеу дегеніміз не?
  • Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттерін қолданып, 1-3 амалдан тұратын өрнектердің мәнін таба аласың ба?
  • Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсете аласың ба?
  • Мына немесе басқа амалдардың қасиеттерін қолдану неге тиімді екенін дәлелде.

Жазу:

-көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде жазу: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b-c) =ab–ac; қосындыны санға бөлу ережесі (а+в):с.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттері, санды және әріптік өрнектер, формула.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

Оқушылар шеңберге тұрып,қол ұстасып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

(Т.) "Мозайка"әдісі

Сәндік- қолданбалы өнер туралы суреттермен таныстырып, әрі қарай топтарға геометриялық фигуралар беріліп, сол фигураларды пайдалана отырып, құрақ көрпеше өрнегін құрастыру тапсырылады.

Оқушылардан көрпеше құрастыру барысында қандай математикалық білім қажет болғанын сұрау.

Топта бағалау.

Топтар жұмыстарын орындап болған соң сынып қабырғаларына іліп, топтар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап шығады.

2-слайд

3-слайд

Геометриялық фигуралар,А-4 ақ қағазы, желім,қайшы

4-слайд

3-5

Белсендіру.

(Т.) №1 тапсырманы топта орындату.Оқушылар сәндік-қолданбалы фабрикада болды. Олар ұлттық кәдесыйлардың қалай жасалатынын бақылады. Кәдесыйларды қораптарға салған кезде, балалар санауға көмектесті. Оларға есептеу амалдарын түсіндіруге көмектесіңдер.

5-слайд

Тұсаукесер, оқулық, дәптер

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Екі бағандағы мысалдарды қара. Есептеу жолын түсіндір.

(60+10):2=60:2+10:2= 70:2=60:2+10:2=

(600+100):2=600:2+100:2= 700:2=

(600+100):20=600:20+100:20= 700:20=

Санды бөлу үшін оны разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу қажет.

Тапсырманы оқушылар топта талдайды. Соңынан әр топтан бір оқушы шығып, тақтада қорғайды.

Отшашу арқылы бағалау

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

6-слайд

Оқулық, тұсаукесер.

7-слайд

11-28

"Математикалық эстафета" әдісі

(Ө.) Оқулықтағы №2 тапсырма есептеудің тиімді тәсілдерін ашуға көмектеседі.

Негізгі қорытынды – бөлінгішті ыңғайлы немесе әрқайсысы осы санға бөлінетін қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

Бұл тапсырманы екі нұсқа бойынша орындату.Яғни тақтаға әр нұсқадан бір оқушы шығып, бірінші өрнекті орындайды да, орнына барады, екінші өрнекті екінші оқушы жалғастырады.

600:5= (500+100):5=500:5+100:5=120

500:4=(400+100):4=400:4+100:4=125

90:2=(80+10):2=80:2+10:2=45

500:2=(400+100):2=400:2+100:2=250

900:2=(800+100):2=800.2+100:2=450

900:20=(800+100):20=800:20+100:20=45

700:5= (500+200):5=500:5+200:5=140

300:20=(200+100):20=200:20+100:20=15

Смайлик арқылы бағалау.

Тақтаға шыққан оқушыны смайлик беру арқылы бағалау

(Ө.)№3 тапсырманы "Салыстыру картасы" әдісі бойынша шығарады.

Оқушылардың алдына өрнектер және "артық", "кем", "тең" белгілері қима қағазбен тасталады.Осы қима қағаздар бойынша өрнектерді салыстыру.

500:2 1000:4 70:5 300:50

900:2 700:50

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Формативті бағалауы бар дәптер бойынша жұмыс.

Тиімді тәсілмен шығар.

Ережемен байланыстыр:

5•50=250

800:5=(500+300):5= 500:5+300:5=160

91:7= (70+21):7=70:7+21:7=13

5•95•2= 5∙2∙95=950

Балаларға өзін-өзі тексеру үшін парақтар таратып беру.

Критерий бойынша тексеру:

Мен:

  • көбейту мен бөлудің амалдарының қасиеттерін қолдана отырып есептеу;
  • көбейту мен бөлудің амалдарының қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету.

Қиындықтарды түсіндіру

Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу мақсатын айтады.

Кітаптан немесе дәптерден оқушылардың таңдауымен есеп шығаруды ұсыну.

Сергіту сәті.

Оқушылар орнынан тұрып, оң қолын көтеріп, ағылшынша 5-ке дейін санайды, сол қолын көтеріп, ағылшынша 5-ке дейін санайды.Еңкейген қалпында 5 рет ха-ха дейді.Содан соң 4 рет,3рет,2рет,1 рет.Осылайша жалғастырады.

8-слайд

Дәптер, оқулық.

Смайлик

9-слайд

10-слайд

11-слайд

29-37

Өткенмен жұмыс.

(Ө.) Оқушылардың даму деңгейіне байланысты әр оқушыға жеке тапсырма беру.

Бұл сабақта есептер әртүрлі тәсілмен орындалады. Осындай есептерді шешу алгоритмдерін оқу.

№4тапсырмада жұптар мынадай құрылым бойынша есеп құрастыру:

(□ + □) : □ немесе □ : □ + □ : □.

Музейге 40 қыз және 30 ұл барды.Оларды теңдей бөліп 2 автобусқа отырғызды.Әр автобусқа қанша баладан отырды?

Есептің 1-тәсілі:

1.Барлығы қанша бала келді?

2.Әр автобусқа қанша бала отырды?

Есептің 2-тәсілі:

1.Қыздар неше автобусқа отырды?

2. Ұлдар неше автобусқа отырды?

3. Барлығы қанша автобусқа отырды?

(40+30):2=70:2=35

(40+30):2=40:2+30:2=35

Жұпта бағалау

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар дәптерлерін алмастырып, жұпта тексереді.

(Т.) №8 тапсырманы баған түрінде орындауға беру.

658+174=832 100-65=35

217+361=578 456-321=135 574+254=828 789-654=135

237+343=580 789-98=691

Фишкамен бағалау

Тапсырманы орындап болған соң топтар бір-бірін фишкалар арқылы бағалайды.

"Коллаж" әдісі.

Әр топ көбейтудің қасиеттеріне коллаж жасайды

1-топ – ауыстырымдылық қасиеті;

2-топ–терімділік қасиеті;

3-топ–үлестірімділікқасиеті;

4топ – 1-гекөбейту;

5топ–0-гекөбейту.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақ құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін

Дәптер, оқулық.

12-слайд

Фишкалар

А-4 қағазы, маркер,қайшы

38-40

Рефлексия.

Оқушылар сабақ соңында кері байланыс жасайды.

Мен бүгінгі сабақта мынаны түсіндім, білдім, ұғындым...; (бұл оқушылар нені түсінгенін жазады)

«Мен өзімді … үшін мақтай аламын»; (бұл оқушылар бүгінгі сабақта өзінің жетістігін жазады )

«Маған әсіресе … ұнады»; (бұл оқушылар сабақта өздеріне қатты ұнаған жерлерін жазады)

«Бүгін менің қолымнан ... келді».(бұл оқушылар өзінің қандай жұмысты өз бетінше орындай алғанын жазады)

Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі

Жетістік жолағы.

Стикер

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ
Пікір жазу