Тиімді есептеу. Сәндік-қолданбалы өнер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 81-сабақ. Тиімді есептеу.Сәндік-қолданбалы өнер

Оқу мақсаттары: 3.1.2.3** көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

3.1.2.9 - 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, + қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 - көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac;a(b–c)=ab–ac +қосындыны санға бөлуді(а+в):скөрсету және қолдану.

Тірек сөздер:

  • Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттері
  • Санды және әріптік өрнектер
  • Формула.

Ресурстар:

  • фишкалар
  • қайшы
  • фотосуреттер
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • тапсырма жазылған қағаздар
  • геометриялық фигуралар
  • жолақ қағаздар
  • желім
  • маркер
  • Сабаққа қатысты деректі материалдар
  • Тиімді тәсілмен есептеу үшін: көбейтудің терімділік

қасиетін (a*b)*c=a*(b*c);

  • көбейтудің үлестірімділік қасиетін a*(b+c)= a*b+a*c;
  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін a*b=b*a қолданады.

Сабаққа арналған ескертулер

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті а · в = в · а;

көбейтудің терімділік қасиеті (а · в) · с =

а · (в · с); көбейтудің үлестірімділік қасиеті а · (в + с)

= а · в + а · с

Оқушыларды шеңберге тұрғызып,қол ұстастырып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік айтқызыңыз.

"Мозайка"әдісі

Сәндік-қолданбалы өнер тақырыбында суреттерге шолу жасап, әрі қарай топтарға геометриялық фигуралар беріп, сол фигураларды пайдалана отырып, құрақ көрпеше өрнегін құрастыруды тапсырыңыз.

Оқушылардан көрпеше құрастыру барысында қандай математикалық білім қажет болғанын сұраңыз..Топтар жұмыстарын орындап болған соң сынып қабырғаларына іліп, топтар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап шығады.

Белсендіру.

№1 тапсырманы топта орындауға ұсыныңыз.Есепті оқып, талдаңыз.Оқушылар сәндік-қолданбалы фабрикада болды. Олар ұлттық кәдесыйлардың қалай жасалатынын бақылады. Кәдесыйларды қораптарға салған кезде, балалар санауға көмектесті. Оларға есептеу амалдарын түсіндіруге көмектесейік деп слайдты ашып, есепті шығартыңыз.

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Екі бағандағы мысалдарды салыстырып қарап, есептеу жолын түсіндіруін сұраңыз.

Бөлінгішті ыңғайлы немесе әрқайсысы осы санға бөлінетін қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

(60+10):2=60:2+10:2= 35 70:2=60:2+10:2=35

(600+100):2=600:2+100:2=350 700:2=350

(600+100):20=600:20+100:20=35 700:20=35

Санды бөлу үшін оны разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу қажет.

Тапсырманы оқушылар алдымен топта талдап,соңынан әр топтан бір оқушыны шығарып, тақтада қорғатыңыз.Топтардың жұмысын отшашу арқылы бағалаңыз.Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Оқулықтағы №2 тапсырманы "Математикалық эстафета" әдісі бойынша шығартыңыз.Бұл тапсырма есептеудің тиімді тәсілдерін ашуға көмектеседі.

Негізгі қорытынды – бөлінгішті ыңғайлы немесе әрқайсысы осы санға бөлінетін қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

Бұл тапсырманы екі нұсқа бойынша орындатуға болады..Яғни тақтаға әр нұсқадан бір оқушы шығып, бірінші өрнекті орындайды да, орнына барады, екінші өрнекті екінші оқушы жалғастырады.

600:5= (500+100):5=500:5+100:5=120

500:4=(400+100):4=400:4+100:4=125

90:2=(80+10):2=80:2+10:2=45

500:2=(400+100):2=400:2+100:2=250

900:2=(800+100):2=800.2+100:2=450

900:20=(800+100):20=800:20+100:20=45

700:5= (500+200):5=500:5+200:5=140

300:20=(200+100):20=200:20+100:20=15

Тақтаға шыққан оқушыны смайлик беру арқылы бағалаңыз.

№3 тапсырманы "Салыстыру картасы" әдісі бойынша шығаруға ұсыныңыз.

Оқушылардың алдына өрнектер және "артық", "кем", "тең" белгілері қима қағазбен тастаңыз.Осы қима қағаздар бойынша оқушылар өрнектерді салыстырып, беелгілерін орналастырады.

500:2 1000:4 70:5 300:50

900:2 700:50

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Формативті бағалауы бар дәптер бойынша жұмыс.

Тиімді тәсілмен шығар.

Ережемен байланыстыр:

5•50=250

800:5=(500+300):5= 500:5+300:5=160

91:7= (70+21):7=70:7+21:7=13

5•95•2= 5∙2∙95=950

Балаларға өзін-өзі тексеру үшін парақтар таратып беріңіз.

Критерий бойынша тексеру:

Мен:

  • көбейту мен бөлудің амалдарының қасиеттерін қолдана отырып есептеу;
  • көбейту мен бөлудің амалдарының қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету.

Қиындықтарды түсіндіру

Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріңіз.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу мақсатын айтады.

Кітаптан немесе дәптерден оқушылардың таңдауымен есеп шығаруды ұсынуыңызға болады.

Оқушыларға қызықты жаттығу жасап, сергітіп алыңыз.Оқушылар орнынан тұрып, оң қолын көтеріп, ағылшынша 5-ке дейін санайды, сол қолын көтеріп, ағылшынша 5-ке дейін санайды.Еңкейген қалпында 5 рет ха-ха дейді.Содан соң 4 рет,3рет,2рет,1 рет.Осылайша жалғастырады.

Өткенмен жұмыс.

Оқушылардың даму деңгейіне байланысты әр оқушыға жеке тапсырма беріңіз.

Бұл сабақта есептер әртүрлі тәсілмен орындалады.

№4 тапсырмада жұптарға мынадай құрылым бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз.

(□ + □) : □ немесе □ : □ + □ : □.

Есепті оқып беріп, талдаңыз

Музейге 40 қыз және 30 ұл барды.Оларды теңдей бөліп 2 автобусқа отырғызды.Әр автобусқа қанша баладан отырды?

Есептің 1-тәсілі:

1.Барлығы қанша бала келді?

2.Әр автобусқа қанша бала отырды?

Есептің 2-тәсілі:

1.Қыздар неше автобусқа отырды?

2. Ұлдар неше автобусқа отырды?

3. Барлығы қанша автобусқа отырды?

(40+30):2=70:2=35

(40+30):2=40:2+30:2=35

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар дәптерлерін алмастырып, жұпта тексереді.

№8 тапсырманы баған түрінде орындауға беріңіз.

658+174=832 100-65=35

217+361=578 456-321=135

574+254=828 789-654=135

237+343=580 789-98=691

Тапсырманы орындап болған соң топтар бір-бірін фишкалар арқылы бағаласын.

"Коллаж" әдісі бойынша топтық жұмыс жасатыңыз.Әр топқа А-4 қағазын, маркерлер беріп, тапсырманы түсіндіріңіз.Әр топ көбейтудің қасиеттеріне коллаж жасайды

1-топ – ауыстырымдылық қасиеті;

2-топ–терімділік қасиеті;

3-топ–үлестірімділікқасиеті;

4топ – 1-гекөбейту;

5топ–0-гекөбейту.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақ құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушыларға сұрақтар құрастыруды ұсыныңыз. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін

Рефлексия.

Оқушыларға сабақ соңында кері байланыс жасатыңыз.Алдарына стикер таратып беріңіз.

Мен бүгінгі сабақта мынаны түсіндім, білдім, ұғындым...; (бұл оқушылар нені түсінгенін жазады)

«Мен өзімді … үшін мақтай аламын»; (бұл оқушылар бүгінгі сабақта өзінің жетістігін жазады )

«Маған әсіресе … ұнады»; (бұл оқушылар сабақта өздеріне қатты ұнаған жерлерін жазады)

«Бүгін менің қолымнан ... келді».(бұл оқушылар өзінің қандай жұмысты өз бетінше орындай алғанын жазады)

Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескере отырып беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу