8 санына көбейту және бөлу кестесі. Математика, 3 сынып, қосымша материал..


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: көбейту және бөлу кестесі

№ 35 сабақ. Тақырыбы: 8 санына көбейту және бөлу кестесі

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.4. – 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану .

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, топқа бөлінуге арналған қима қағаздар, флипчарт, А4 форматтағы қағаз, ламинатталған парақ, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Санды 8-ге көбейту кестесі:

8 ∙ 1 = 8 8 ∙ 6 = 48

8 ∙ 2 = 16 8 ∙ 7 = 56

8 ∙ 3 = 24 8 ∙ 8 = 64

8 ∙ 4 = 32 8 ∙ 9 = 72

8 ∙ 5 = 40 8 ∙ 10 = 80

Сабақ бойынша ұсыныстар:

.Ж.) Сабақтың басында оқушылардың көбейту кестесін қаншалықты білетінін «Кубизм» әдісі арқылы тексеріңіз. Ол үшін оқушылар жұбына ойын сүйегін таратып беріңіз. Бірінші оқушы ойын сүйегін лақтырады, қандай сан шықса, сол санды екінші оқушы ұсынған санға көбейтіп, жауабын жылдам айтуы тиіс.

Оқушыларды сөздік бағалау

(Ұ.Ж) Сынып ұжымымен Миға шабуыл ойынын өткізіңіз. Өткен сабақтарды пысықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз, ал оқушылар өз кезегінде жылдам әрі дұрыс жауап берулері керек. Соңында сөздік бағалау жүргізіңіз.

Жауабы:

  • 56 саны 7-ден неше есе артық? (8 есе)
  • 6 санының 51-ден нешеуі кем? ( 45 )
  • 7 бен 9 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап. (63)
  • Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (мм, см, дм, м, км)
  • 1 километрде неше метр бар? ( 1000 м)
  • 1000 грамм 1 килограмға тең деп айта аламыз ба? ( иә)
  • Санды 1-ге көбейткенде шығатын сан. ( сол санның өзі)
  • Санды 0-ге бөле аламыз ба? ( жоқ)

(Т.Ж.) Кесте құрастыр. Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әр топқа тапсырма жазылған А4 форматтағы қағаз таратып шығыңыз. Сандық сәуленің көмегімен 8-ге көбейту кестесін құру тапсырылады. Оқушылардан сандық сәулені санмен толтыру барысында не байқағанын сұраңыз (әрбір сан алдыңғы саннан 8-ге артық). Қалай түсіндіруге болатынын сұраңыз. Әр қадам сайын қосылғыштардың саны артып отырғанын, яғни қосындыға 8-ге тең қосылғыш қосылатынын түсінуге көмектесіңіз.

(Ж.Ж.) Ойлан, жұптас, талқыла.

Оқушыларды жұпқа біріктіріңіз. Тапсырманы орындау үшін, 8-ге көбейту кестесін пайдаланатындықтарын ескертіңіз. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы сабақтың тақырыбын бекітеді және көбейту мен бөлу амалының өзара кері амал екені туралы алдыңғы сабақтағы білімін еске түсіреді. Есепті неліктен көбейту, бөу амалдары арқылы шығарғандарын сұраңыз. Оқушылар тапсырманы ламинатталған парақта орындап болған соң, парақтарымен алмасып, өзара тексеру жүргізуін сұраңыз.

Жауабы:

1-оқушы:

32 жаңғақ бар.

2-оқушы:

4 бұтаққа ілді.

.Ж.) Мысалдар тізбегі. Оқушылардың шапшаңдығы мен тез есептеу қабілетін айқындау мақсатында бұл тапсырманы жеке жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Тапсырма жазылған парақтарды таратып беріңіз. Тапсырманы орындап болған соң, бір оқушы мысалдар тізбегін рет ретімен оқиды, қалған оқушылар өзін-өзі тексереді. Қателік болған жағдайда түзету жүргізеді. Бұл тапсырмада оқушылардың математикалық тілде дұрыс сөйлеуіне баса назар аударыңыз.

Жауабы:

72 : 8 = 9 + 31 = 40 : 5 =8 – 4 = 4 · 9 = 36 + 20 = 56 : 8 = 7

(Т.Ж.) Есепті теңдеу құру арқылы шығар. Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға алдымен есепті топта талқылауды ұсыныңыз. Қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Есепті теңдеу құру арқылы шығару үшін белгілі мен белгісіз мәліметтерді анықтайды. Есепті шығарып болған соң әр топтың өкілі басқа топқа барып, өз тобының шешімімен таныстырады, олардың жауаптарымен салыстырып, сұрақтарына жауап береді.

Оқушыларды сөздік бағалау

Жауабы:

Түстен кейін 4 рет су әкелген.

(Ө.Ж) Суретті теңдеу.

Бұл тапсырманы 8-ге көбейту және бөлудің кестелік жағдайын еске сақтауға жаттығу үшін пайдаланыңыз. Оқушылар түсіп қалған санды жазып қана қоймай, сол мысалды толық айтуға жаттығады. Тапсырманы орындап болған соң,оқушылар жұмыс парақтарын жанында отырған оқушының жұмыс парағымен ауыстырып, өзара тексеру жүргізуді ұсыныңыз.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Жауабы:

Алма – 3, шие – 8, банан – 6, ананас – 7, қара өрік – 5, жүзім – 2.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылаңыз. Осы сабақта алған білімдерін аяқталмаған сөйлеммен толықтыруларын сұраңыз.

Бүгінгі сабақта мен...үйрендім.

Маған... қызықты болды.

Маған ... қиын болды.

Мен ... түсіндім..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу