9 санына көбейту және бөлу кестесі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

37 сабақ. Тақырыбы:9 санына көбейту және бөлу кестесі

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және

қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы 8, 9 сандары мен бір таңбалы сандардың көбейтінділерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі есептер шығаруда, теңдеулер шешуде көбейту кестесін қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі амалдарды орындауда көбейту кестесін қолданады

Ғылыми тіл

Оқушылар 9 санына көбейтудің әртүрлі жағдайларын және бөлудің сәйкес жағдайларын айтып береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есептеудің қай тәсілі әлдеқайда қолайлы болып табылады?

Есеп шығаруда көбейту кестесін қалай қолдануға болады?

Теңдеулер шешуде көбейту кестесін қалай қолдануға болады?

Шаманың мәнін қалай көбейтуге және бөлуге болады?

Бірнеше амалға берілген өрнектердің мәндерін есептеуде қандай

амалдар орындайды?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту

және бөлу.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Психологиялық дайындық

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан!

Оқушыларды топқа бірігуАлдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Ай», «Күн», «Бұлт».

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж.)Миға шабуыл. Өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қою, толық жауап алу. Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескерту.

Тапсырманы математикалық диктант түрінде құрастыру. Егер жауабымен келісетін болса алдын ала таратып берілген «ия», жауабымен келіспесе «жоқ» деп жазылған таратпа қағаздарын көрсетеді.

Тапсырма:

-Бірінші көбейткіш 7, екінші көбейткіш 8, көбейтіндінің мәні 56 (иә).

- Бөлудің компоненттері: бөлінгіш, бөлінгіш, бөлінді (жоқ).

- Бөлінгіш 63, бөлгіш 7, бөліндінің мәні 6 (жоқ).

- 2 пен 9-тің көбейтіндісі 6-ға қалдықсыз бөлінеді (иә).

-5 мысықта 24 аяқ (жоқ).

-Көбейту мен бөлу – өзара қарама-қарсы амалдар (иә).

- 8 бен 6-тің көбейтіндісі 48-ге тең (иә).

Санды 5-ке арттыру, 5-ке көбейтуді білдіреді (жоқ).

Санды 3 есе кеміту, оны 3-ке бөлуді білдіреді (иә).

Сөздік бағалау «Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!» т.с.с.

Cлайд №2

«Ай», «Күн», «Бұлт» жазылған

қима қағаздар

«ия», «жоқ» таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж.) Әрбір топқа тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыруға тапсырма беру.

9+9+9+9+9+9+9+9+9=9∙9

-81 алманы 9 бала нешеден бөліп алады? 81:9=9

-Барлығында 9 шықты,керемет!

- Енді бүгінгі сабағымыз Санды 9-ға көбейту кестесін түсіндіру.

9∙9=9∙8+9 9∙9=81 81:9=9

-Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?

-Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін қолданамыз.

Сөздік бағалау «Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!» т.с.с.

Сен білесің бе?

(Ұ.Ж.) Мынандай қызықты байланыс арқылы 9- дың көбейту кестесін жаттап алуға болады. Ол үшін екінші көбейткішті бір болса оннан, екі болса жиырмадан, екінші көбейткішті кемітіп отыруға болады.

9∙1= 10-1= 9

9∙2= 20-2=18

9∙3=30-3= 27

9∙4=40-4=36

9∙5=50-5=45

9∙6=60-6=54

9∙7=70-7=63

9∙8=80-8=72

9∙9=90-9=81

9∙10=100-10=90

(Т.Ж.) «Бірліктер- ондықтар»

Бұл ойын арқылы оқушылардың санды 9-ға көбейтудің ең қара-пайым және ыңғайлы,оңай тәсілін үйренеді.

Оқушылар үстелге екі алақандарын төмен қаратып қояды. Саусақтар түзу жатды. Ал енді (солдан оңға қарай) қай санды 9-ға көбейтеді, соны қайырады да санайды.

Ескерту: қайырылған саусақтан сол жағы-ондықтар, ал оң жағы – бірліктер. Сонымен солдан 6 саусақ бұл -60 яғни 6ондық + 3саусақ оң жақтан бұл -3 бірлік. Нәтижесінде 9 х7- сі =60+3=63

Осылай саусақпен ойнау арқылы алдымен жаттығады, сосын саусақтарды алып тастап көз алдында елестетеді. Осылайша қарапайым саусақтарды санау арқылы 9-ға көбейтуді үйренді.

Сөздік бағалау «Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!» т.с.с.

(Ж.Ж.) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушылардың санды 9-ға көбейту және бөлу туралы алған білімдерін тиянақтау.

Оқушыларға өрнектің мәнін табуға тапсырма беру. Оқушылар алдымен тапсырманы жеке орындайды. Содан кейін жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі. Бірнеше жұп өз жұмыстарымен

таныстырады.

Тапсырма:

9∙ (38-30) =

8∙7+ 5∙9=

9∙9 – 28 : 7=

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

(Ө.Ж.)Теңдеу құр және шеш.

Оқушылар кестелік көбейту мен бөлуді және көбейтіндінің белгісіз компонентін табу туралы білімін пысықтап, 9-ға көбейту және

бөлуді қолдануға берілген қарапайым теңдеулерді құрады және оны

шешеді. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар дәптерлерін сағат тілімен ауыстыра отырып тексеріп, бірін - бірі геометриялық фигуралар арқылы бағалайды.

Математикалық эстафета

(Ұ.Ж.) Оқушыларға «терезелері» бар бірдей кестелер дайындау. Оқушылардың әр қатарына кестені тарату.Ойынның басталуы туралы берілген белгісі бойынша бірінші партаның оң жағында отырған оқушы бірінші «терезені» жаба бастайды, яғни бірінші бос шаршыны толтыра бастайды.Бірінші «терезені» жаба отырып, ол кестені өзінің көршісіне береді және ары- қарай.Қатардағы соңғы оқушы тапсырманы орындап, алдын ала «мықты» оқушылардан таңдаған экспертке береді. Эксперт кестенің толытрылуының дұрыстығын тексереді. Бұл тапсырма арқыла оқушылардың көбейту және бөлудің кестелік жағдайлар бойынша білімін дағдысын тексеруге болады.

«Смайлик» арқылы бағалау

Ақиқат немесе жалған.

(Ұ.Ж.) Оқушыларға есепті оқып беру. Ал оқушылар оның ақиқат не жалған екендігін анықтайды. Өздерінің таңдауларын олар «А» - «ақиқат» - ақиқат бекіту, «Ж» - «жалған» - жалған бекіту таратпа қағаздары арқылы көрсетеді.

Тапсырма:

  • А) Кітапта 54 бет бар. Марат күніне 9 беттен оқиды. Ол кітапты
  • 6 күнде оқиды.
  • Ә) Түйеқұс жұмыртқасының массасы 2кг. Түйеқұстың 9 жұмырт-
  • қасының массасы 20 кг болады.
  • Б) Бір собықта 9 дән бар. 9 собықта 81 дән бар.
  • В) Құстардың 7 тобының әрқайсысында 9 торғайдан бар. Барлығы
  • 16 торғай.
  • Г) Сары шымшық 9 жыл тіршілік етеді. Ал қырғауыл одан 3 есе
  • артық тіршілік етеді. Қырғауыл 27 жыл тіршілік етеді.

«Бағдаршам» түстері арқылы өзінөзі бағалау

№3,4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

№ 7слайд

№ 8 слайд

Әрбір топқа таратпа қағаздар

«А», «Ж»

таратпа қағаздар

№9 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

-Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды.

-Мен сабақты жақсы түсіндім.

-Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.

№ 10 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу