8-ге көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Көбейту және бөлу №36 сабақ. Тақырыбы: 8-ге көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту және бөлу. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық Математика сабағын, Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі деп сананың, Мәнінен ой табамыз. Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған түрлі –түсті қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу. «Қызыл», «Сары», «Жасыл». Кіріспе тапсырма. (Т.Ж.) Жасырынған сөзді тап. Әрбір топтағы оқушыларға жасырынған сөзді табуға арналған тапсырманы таратып беру. Тапсырманы орындау барысында «көбейту» деген сөзді шешеді. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы көбейту туралы алған білімдеріне еске түсіріп, пысықтау. Тапсырма
Оқушыларды жаңа сабақ мақсатымен таныстыру «Смайлик» арқылы бағалау | №2 слайд «Қызыл», «Сары», «Жасыл» сөздері жазылған қима қағаздар № 3 слайд №4 слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Ұ.Ж.) Оқушылар математикалық тренажёр арқылы 6, 7, 8 –ге көбейту кестесін қайталап, есте сақтау дағдысын бекітеді. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»т.с.с. Кім жылдам? ойыны (Ж.Ж.)Түсіп қалған санды жаз.Оқушыларға уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде түсіп қалған сандарды тауып жазу керек. Оқушылар алды мен жеке орындайды. Дұрыс жауаптарын тексеру үшін жұбымен жұмыстарын ауыстырады.Кім алғашқы бестікке кірсе сол оқушыларға ынталандыру рет жұлдызша беруге болады. Оқушылар бұл ойын арқылы көбейту кестесі туралы алған білімдерін толықтырады және математикалық есептеуге жылдамдығын арттыруға жаттығады. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау (Т.Ж.) Есепті шығарып көр. Әрбір топқа әртүрлі тапсырма беру. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды.Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.Оқушылар бұндай тапсырмаларды орындау арқылы жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе артық / кем» қатынастарымен байланысты) талдайды және шығаруды үйренеді. Тапсырма
Суда 8 үйрек жүзіп жүр, ал аспанда одан 4 есе артық қаз ұшып жүрді. Аспанда үйрекке қарағанда қанша қаз артық ұшып жүр?
Аспанда 32 қаз ұшып жүр, ал суда одан 4 есе кем үйрек жүзіп жүрді. Суда қазға қарағанда қанша үйрек кем жүзіп жүрді?
Өрнек бойынша есеп құрастыр және шығар. 4 ∙ 5 +4= Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. Теңдеуді шеш. (Т.Ж.) Оқушыларға бірдей тапсырма беріледі. Теңдеуді шешу барысында 8-ге көбейту кестесін еске сақтау дағдысын бекітеді. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топ өз жауабын таныстырады. Тапсырма А)72 : х= 9 Ә)8 ∙а =48 Б) х: 4 = 8 «Смайлик» арқылы бағалау Ойлан тап. (Ө.Ж.) Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң дайын жауап арқылы өзің –өзі тексеріп бағалайды. Кейбір оқушылардан түсіндіріп беруін сұрау. Тапсырма Жолаушы жүретін жолдың ені 3м, ал ұзын көшенің ені 5 есе артық. Есептің шешуі болатын өрнекті тап. Түсіндір.
«Басбармақ» арқылы бағалау | № 5-11 слайд №12 слайд ламинатталған парақтар, маркерлер Тапсырма жазылған қима қағаздар №13 слайд №14 слайд №15 слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі | №16 слайд | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Смайлик» арқылы бағалау. Оқушыларды сөздік бағалау «Басбармақ» арқылы бағалау Геометриялық фигура арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?