8-ге көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
№36 сабақ. Тақырыбы: 8-ге көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, ламинатталған парақтар, маркер,қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Санды 8 есе арттыру (есе кеміту) дегеніміз сол санды 8-ге көбейту (бөлу) дегенді білдіреді.Сабақта оқушылар 8-ге көбейту кестесін қолданып, сандарды көбейту және бөлуге берілген есептерді шығарады.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Қызыл», «Сары», «Жасыл».
(Т.Ж.) Жасырынған сөзді тап. Сабақты әрбір топтағы оқушыларға тапсырманы таратып беруден бастаңыз. Оқушылар топта берілген тапсырманы орындау барысында «көбейту» деген сөзді шешеді. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы көбейту туралы алған білімдеріне еске түсіртіп, пысықтауды ұмытпаңыз.
Жауабы:
Оқушыларға «Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Әрі қарай бүгінгі жаңа сабақтың мақсатымен таныстырып өтіңіз.
(Ұ.Ж.)Сабақты одан әрі ұжыммен математикалық тренажёр ойынын ойнатумен жалғастырыңыз.Ойын шартымен таныстырап өтіңіз.Егер көбейту кестесің жауабын дұрыс шешетің болса, онда құстар көлге қонады. Оқушылар ойын арқылы 6, 7, 8 –ге көбейту кестесін қайталайды, әрі есте сақтау дағдысын бекітеді. Ойын барысында оқушыларға «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»т.с.с. сөздік бағалау жүргізіп отырыңыз.
Жауабы:
36; 24; 63; 35;64; 28
«Кім жылдам?» ойыны
(Ж.Ж.) Сабақты «Кім жылдам?» ойынын жеке оқушымен жүргізіңіз. Ойын шарты бойынша белгіленген уақытта оқушылар түсіп қалған санды бос орынға жазып болуы керек. Оқушыларға алдымен жеке орындауды тапсырыңыз. Тапсырманы орындап болған оқушы мұғалім алдын ала «мықты» оқушылардан таңдаған экспертке береді. Эксперт тапсырманың дұрыстығын тексереді, ал мұғалім оқушыларға экранға дұрыс толтырылған тапсырманы көрсетіп немесе оны тақтаның артына дайындап, тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік берді.Тапсырманы алғашқы болған оқушыларға ынталандыру рет жұлдызша ұсынуыңызға болады. Оқушылар бұл ойын арқылы көбейту кестесі туралы алған білімдерін толықтырады және математикалық есептеу жылдамдығын арттыруға жаттығады.
Оқушыларды «Басбармақ» әдісі арқылы бағаласаңыз болады.
Жауабы:
А)8; 20 Ә)72;57 Б)56;54;6;42;65
(Т.Ж.) Сабақты әрі қарай әрбір топқа әртүрлі тапсырма беруден бастаңыз. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды тапсырыңыз. Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазуды тапсырыңыз Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізсін. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалау жүргізеді.Оқушылар бұндай тапсырмаларды орындау арқылы жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе артық / кем» қатынастарымен байланысты) талдайды және шығаруды үйренеді.
Жауабы:
- Топ
Үйрекке қарағанда 24 қаз артық ұшып жүр.
- Топ
Қазға қарағанда 24 үйрек кем жүзіп жүр.
- Топ
Барлығы 24 құс
Оқушыларға геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.
Теңдеуді шеш.
(Т.Ж.) Топтық жұмысқа теңдеу шешуге тапсырма беріңіз. Теңдеуді шешу барысында 8-ге көбейту кестесін еске сақтау дағдысын бекітеді. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топқа өз жауабын таныстырады.
Жауабы:
А)х= 8 Ә) а =6 Б) х = 32
Оқушыларды «Смайлик» арқылы бағалаңыз.
Ойлан тап.
(Ө.Ж.)Сабақтың соңында оқушыларға жеке тапсырма беруді ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындап болған соң дайын жауап арқылыоқушылар өзің –өзі тексеріп бағалайды. Кейбір оқушылардан түсіндіріп беруін сұрасаңыз болады.
Жауабы:
2) 3∙5
Оқушыларға «Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Сабақты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс алумен аяқтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?