Шынайы өмір ситуацияларын зерттеу үшін есептеу дағдыларын қолдану. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 А тарау «Біздің әлемдегі сандар» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 1-тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Шынайы өмір ситуацияларын зерттеу үшін есептеу дағдыларын қолдану. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.3 Көлем (сыйымдылық): л/ аудан: дм2, м2, га/уақыт: секунд, мин, с, тәулік, жыл, ғасыр мәндерін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық амалдар орындау. | ||||
Сабақ мақсаттары | Қосу және азайту амалдарын шынайы өмірмен байланыстыру. | ||||
Жетістік критерийлері | Қосу және азайту амалдарына байланысты мысалдарды өмірмен байланыстыра біледі және қатесіз орындайды. | ||||
Тілдік мақсаттар | Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттері, математикалық тілді дамыту. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды шынайы өмір негізінде алады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану | Тапсырмалар Power Point презентациясында ұсынылады. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосу және азайту дағдыларын кеңейту. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар шамалар туралы білімдерін көрсетеді. Ол үшін таңдаған карточкаларындағы сұрақтарға жауап береді. км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар) Қандай өлшем бірліктері?- км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері- т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері. Үш аптада қанша күн бар? (21) • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды? (150 мин) • 2 сабақ қанша минутқа созылады? (90 мин) • Жазғы каникул неше айға созылады? (3 ай) • Қайсы айда ең аз күн? (ақпан) • Бір аптада неше күн бар? (7 күн) • Бір есік, бір есікте мың есік? (Елеуіш) • Үш тілі бар, үшеуі де жүреді? (Сағат) • Егер «Т-дан» бастасаң, -санмын. «Т-ны» алып тастасаң, жаумын? (Төрт) - Уақыттың ең бірлігі? - 1 жылда неше ай бар? - 1 жылда қанша тәулік бар? 1 айда ше? - 1 сағатта неше минут бар? - 1 минутта ше? - Уақытты өлшеуге арналған құрал? (сағат, секунд өлшеуіш) - Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер? (механикалық, электронды, құмсағат, сусағат, күнсағат). | Карточкалар | |||
Сабақ ортасы 33 минут | (Б) Оқушыларға «Ненің жақсы, ненің жаман екендігі (жарық пен қараңғылық)» тақырыбы бөлігі ретінде мектепте тұтынылатын су туралы ақпарат табатындықтарын айту. (Ұ,Қ) Мүмкіндіктер мектептегі жағдайға байланысты болады. Кейбір мысалдарға келесілер кіреді: Әр күні тамақ пен сусын дайындауға қолданылатын су мөлшері туралы ақпарат алу үшін мектеп асханасындағы жауапты адамнан сұхбат алу. Есептер құрастыру. Таңертеңгі шай - 35л су Түскі ас – 150л су Барлығы - ? л су Әр кеш сайын мектепті тазалауға кететін су мөлшерін табу үшін тазартуға жауапты адамнан сұхбат алу. Есептер құрастыру. 1 сынып бөлмесіне – 10 л су 7 бөлмеге - ? су Ауыз су диспенсерлерге жауапты адамнан олардың қаншалықты жиі толтырылатындығын және толтыруға қанша су кететіндігін білу үшін сұхбат алу. Есептер құрастыру. 1 аптада – 15 л 12 сынып 1 аптада - ? л су. (ЖЖ/Т) Шағын топтарда жұмыс істейтін оқушыларға жиналған ақпаратты есептеулерде қолдануға тапсырма беру, мысалы: асхана мен тазартуға бір күнде кететін судың барлық мөлшерін немесе бір аптада тұтынылатын сусын мөлшерін табу. Олар өз есептеулерін сыныпқа ауызша айтуға және көрсетуге қабілетті болуы керек. (Б) Оқушылардың есіне қарама-қайшылық қолданылу жолын салу, мысалы: азайтудан қосу жасау. Есептеу нәтижесін жылдам тексеру үшін оның қалай қолданылатынын көрсету. 1км-де неше метр бар? 1000м1дм-де неше мм бар? 100мм1 м-де неше мм бар? 1000мм1тоннада неше кг бар? 1000кг1тоннада неше центнер бар? 10ц (Қ) Алматы қаласынан Көкшетау қаласына екі ұшақ бірдей уақытта ұшып шықты. Біріншісі 1 сағ 20 минутта, ал екіншісі 90 минутта Көкшетау әуежайына келіп қонды. Ұшақтың қайсысы кешігіп қонды? Футбол алаңындағы алғашқы ойын 2 сағат 45 минут , ал екінші ойын 1 сағат 55 минут ойналды. Алаңда барлығы қанша минут ойын ойналды? | ||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға практикалық тапсырма кезінде қабілеті төмендеу оқушыларға көмектесу керектігі ұсынылады. | Есеп шығару дағдылары бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Интерактивті тақтада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?