Шынайы өмір ситуацияларын зерттеу үшін есептеу дағдыларын қолдану. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 А – Біздің әлемдегі сандар | Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : Омарова А.Е. | ||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Шынайы өмір ситуацияларын зерттеу үшін есептеу дағдыларын қолдану. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.3 ** көлем (сыйымдылық): л/ аудан: дм2, м2, га/уақыт: секунд ,мин, с, тәулік, жыл, ғасыр мәндерін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: •өлшеу үшін қолданған бірліктеріне мысалдар келтіру; • дұрыс өлшем бірлікті таңдау; •өлшеу үшін іс жүзіндегі құралды пайдалануы керек. Оқушылардың көпшілігі • тиісті бірліктердің көмегімен, өлшеуді бағалау; •өлшеу құралымен масшабты өлшеп және түсіндіру; •жазылған өлшемнің мақсаттылығына қатысты шешім қабылдау; •тиісті бірліктер және өлшеулер үшін басқа обьектілер ұсынуы керек. Кейбір оқушылар: •өлшемдерді тиісті бірліктермен көрсете алуы, мысалы, см- мен де, м-мен де •өлшенген шамаларды есептеп және салыстыра алуы керек. | ||||||||
Жетістік критерилері | Бағасы, саны, құнын таба алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: • тиісті өлшем бірлігін қолдана отырып, қоршаған ортадағы өлшенетін затты анықтай алады Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: •бағалау, өлшеу •ұзындық, аудан, көлем, салмақ, биіктік •метр, сантиметр, сантиметр квадрат, сантиметр куб, килограмм •...қарағанда артық, ...қарағанда кем, тең, шамамен, дәл Диалог / жазу үшін қолданылатынсөз тіркестері : Талқылауға арналған сұрақтар : •Қайсысы (ұзындығы, ауданы , салмағы , т.б.) үлкен? •Мынаны (...) қалай салыстырамыз ? •Сіз қандай бірліктерді қолданар едіңіз? •Сіздің таңдауыңыз мүмкін басқа өлшем бірліктері бар ма? Сіз неге .. екенін айта аласыз ба? •…біз метрді сантиметрге айналдыра аламыз ? Жазбаша тапсырмалар: •Сіз орындаған өлшемдерді атаңыз, дұрыс бірліктері қамтылғандығына көз жеткізіңіз. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Еңбекке баулу ,дүниетану | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосу және азайту дағдыларын кеңейту | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы (0-5 мин) | (Ұ) Ең үздік математикті анықтау. Ең үздік математик ойынының шарты бойынша оқушылар арасынан 1-2 оқушы таңдалады. Математикалық сұрақтар арқылы оқушылардың математикалық білімі тексеріледі. Үй жұмыс бірін-бірі бағалау арқылы тексеру. | «Ең үздік математик» тәжі | |||||||
Сабақ ортасы (5-35 мин) | (Ұ) «Show me» ойыны ұйымдастырылады. Ойын шарты бойынша мұғалім ауызша есептер мен амалдар айтады,оқушылар тек жауаптарын жазып, мұғалім нұсқаулығы ббойынша жоғары көтереді. Осы кезде қалыптастырушы бағалау жүзеге асады. 1. 7 бірл- 7 жүз.- 7 жүз. 6 бірл.- 8 мың.5 жүз.1бірл.- 2. «Бір адам қабырғаны 6 сағатта бояйды. Екі адам бірге жұмыс істесе қабырғаны қанша уақытта бояп шығады?» «Нан пісіруші бір сағатта 50 бәліш пісіреді. Нан пісіруші 3 сағатта қанша бәліш пісіреді?» «Жеңіл машинамен 1 сағатта 70 км жол жүруге болады. Ал 4 сағатта неше км жол жүруге болады?» «Дүкенде 1 балмұздақтың бағасы 150 теңге тұрады. Егер 5 балмұздақ сатып алатын болсақ, неше теңге төлеу керекпіз? Бір қап картоптың салмағы 45 кг.Осындай 6 қап картоптың салмағы қанша болады? (ЖЖ) Интервью ұйымдастыру. Оқушылардан жұпта бір-бірінен интервью алуды ұсынамын. Жауаптарын дәптерлеріне жазып отыруды сұраймын. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қоюды сұраймын.
(Ұ) Оқушылар жауаптарын дәптерлеріне жазып болған соң,жауаптар арасындағы байланысты табуларын ұсынамын. Осы арқылы жаңа тақырып пен сабақ мақсатына шығамыз. Сабақтың мақсаты мен тақырыбы айқындалған соң, ұжымдық тапсырма орындаймыз.
Жеңіл машина 50км/сағ жылдамдықпен 300 км жол жүрді. Автокөлік жолда қанша уақыт болды? Ш: 300 : 50 = 6(сағ) Ж: 6 сағат жолда болды
(Т) Ұжыммен жұмыс аяқталған соң топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топтар бірін-бірі тексеру жұмыстарын жүргізеді. Ітоп V– 70 км/с S– 280 км T- ? сағ Ш: 280 : 70 = 4(сағ) Ж: 4 сағат ІІ топ S- 84 м V– 14 м/с T- ? с Ш: 84 м : 14м/с = 6 с. Ж: 6 секунд ІІІ топ V – 60 км/сағ S – 720 км T - ? сағ Ш: 720 : 60 = 12 (сағ) Ж: 12 сағат (Ұ) «Кубизм» стратегиясы бойынша /экранда кубиктің қырына сай сұрақтар шығып отырады. Сұрақтарға жауап бере отырып мына сандарды сөйлету. 365 12 4 7 24 60 Мұғалім: 1-ші қыры: «Ойлан, тап.» Бір жылда неше күн бар? қаңтар, ақпан, желтоқсан айларында неше күн бар? Оқушы : Бір жылда 365 күн бар. /31,31,28/29 күн бар Мұғалім: 2-ші қыры : «Сен білесің бе?» Бір жылда неше ай бар ? Бәйшешек қай кезде гүлдейді? Оқушы: Бір жылда 12 ай бар. / көктемде. Мұғалім: 3-ші қыры: «Тез,ойла» «Қ» әрпінен басталатын ай аттарын айт. Бір жылда неше мезгіл бар? Оқушы: Бір жылда 4 мезгіл бар. қаңтар, қазан, қыркүйек, қараша Мұғалім: 4-ші қыры: «Әрі оқу, әрі ойын» Сөздердің аудармасын тап. Дүйсенбі- .., тоңазытқыш-… Бір аптада неше күн бар? / понедельник, холодильник / Оқушы: Бір аптада 7 күн бар Мұғалім: 5-ші қыры: «Қызықты грамматика» қай әріп жоқ ? Са…ат, уа…ыт, қа…тар, /қ,ң, ғ/ | Ламинатталған қағаздар Презентация Презентация Кубик | |||||||
Сабақтың соңы (35-40 мин) | «Кім алғыр?» ойыны «Жеңіл машинамен 1 сағатта 800 км жол жүруге болады. Ал 5 сағатта неше км жол жүруге болады?» «Дүкенде 1 балмұздақтың бағасы 150 теңге тұрады. Егер 5 балмұздақ сатып алатын болсақ, неше теңге төлеу керекпіз? Бір қап картоптың салмағы 45 кг.Осындай 6 қап картоптың салмағы қанша болады? | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
|
|
| |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру