Жергілікті жердің бедері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№9-сабақ
Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.8. Үш таңбалы сандардың жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Сабақты сыныпта жағымды ахуал туғызу мақсатында психологиялық дайындық жүргізуден бастаңыз. Сонан соң үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын еске түсіріп алыңыз. Сонан соң бүкіл сыныпқа математикалық диктант жаздырыңыз.
Жауабы:
258, 120, 803, 702, 301.
(Ұ.Ж) Ойлан, шығар. Сыныппен жалпылай жұмыс ұйымдастырыңыз. Тақтаға өрнектер жазылған қима қағаздарды іліп, ұқсастығы мен айырмашылығын сұраңыз. Сонан соң баған түрінде жазып, шығаруды ұсыныңыз.
Жауабы:
76, 54, 776, 254
«Смайлик» арқылы бағалау.
(Т.Ж)Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
651 + 125 = 776 мына өрнектің мәнін табу жазбашадан оңай, яғни бағанмен есептеу.
Сіздің қолыңыздан келе ме?
– Бұл кез бұрынғы оқыған кезден қандай айырмашылық бар (жүздік разряды қатысады) Алгоритм құрауды үйреніп көреміз.
«Смайлик» арқылы бағалау.
(Т.Ж) Жаңаны ашу.
Бұл тапсырманы топпен жүргізіңіз. Оқушылар топпен оқулықтағы 2-тәжірибелік жұмысты орындайды, қалай ауызша есептеу керектігін түсіндіреді, сандардың моделін құрайды.
(Ж.Ж) «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. Оқушыларға жазбаны бірі-біріне жұпта түсіндіруді сұраңыз. Оқушыларға, үш таңбалы сандарды есептеу, екі таңбалы сандарды есептеудің алгоритмімен жүретінін айтып өтіңіз. Оқушылар әрекеттеріне шолу жасау кезінде қосу мен азайтудың компоненттерін атайды және бір-біріне сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу разряд бойынша қосу мен азайтуды орындауға міндетті түрде қажет болатынын түсіндіреді. Бағанмен есептеу қалай болғанын қарайды жазбаша есептеу алгоритмін айтады. Орындап болған соң өзара парақтарын алмастырып, бірін-бірі тексеру жүргізеді.
Жазамын…
Бірліктерді қосамын…
Ондықтарды қосамын…
Жүздікті қосамын…
Жауабын оқимын…
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Жауабы:
677, 245, 682, 437, 717, 291, 720, 248
(Ө.Ж) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Егер интербелсенді құрал бар болса, эталон дайындаңыз және өздерінің жауаптарын салыстырып тексеруді ұсыныңыз.
«Смайлик» арқылы бағалау.
Жауабы:
573, 753, 633, 629, 565 , 921, 822, 169, 898, 458, 144, 308
(Т.Ж) Топтас, талқыла.
Оқулықтағы 5-тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін әр топқа ішінде сандар жазылған қима қағаздары бар 3 түрлі қорапша таратып беріңіз. Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап үш таңбалы сан құрайды, разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады, жазылғандардың ішінде барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды.
Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек:
- барлық сандардың астын сызамыз – бұл бірліктердің саны;
– бірліктен басқа сандардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны;
– бірліктер мен ондықтардан бөлек барлық сандардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны.
ә) жазған сандарында қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды.
Оқулықтағы 6-тапсырмада оқушылар топпен орындауды жалғастырады. 7-тапсырма оқушылар үш таңбалы аталған ауданнан тұратын өрнектің мәнін табады. Оқушылар қалай санайтынын түсіндіреді.
«Жұлдызша» арқылы бағалау.
(Ж.Ж) Ойлан, жұптас, тексер.
Оқулықтағы 7-тапсырманы жұптық түрде орындады ұсыныңыз. Жұптық талдау өткізіңіз. Оқушылар үш таңбалы сандарға амалдар қолдану арқылы құрама есепті шығаруы қажет. Қиындық туған жағдайда, есептің дұрыс шешімін табуға көмектесетіндей етіп, сызбасын құрастыруды ұсыныңыз. Жұптағы 1-оқушы оқулықта берілген мәлімет бойынша шығарады, ал 2-оқушы берілген мәліметтерлі өзгерте отырып шығарады. Сонан соң өзара бірін-бірі тексереді.
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Жауабы:
Үшінші таудың биіктігі 553 метр.
Рефлексия.
Сабақтың соңында балаларға өзін-өзі зерттеуге мүмкіндік беретін, сабаққа сапалы және саны бар шағын сауалнама беруге болады. Кейбір пунктерді өзгертуге, толықтыруға болады, сабақтың кейбір элементтеріне аса мән беріледі. Оқушыларды өз жауаптарын дәлелдеу қажеттігін сұраңыз.
1. Сабақта мен жұмыс жасадым...
2. Сабақта өз жұмысыммен мен ...
3. Мен үшін сабақ жақсы...
4. Сабақ үшін мен...
5. Менің көңіл-күйім ...
6. Сабақтың мынадай мәліметі болды ...
Балалардың мүмкіндіктеріне қарай үй тапсырмасы беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?