Жергілікті жердің бедері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№ 11- сабақ. Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: сандар жазылған қима қағаздар, баған түрінде қосу, азайту кестесі, өрнектер жазылған кестелер, белгісіз компонентті табуға арналған кестелер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: қазақстан табиғаты туралы видеоларҮш таңбалы сандарды қосу мен азайту разряд бойынша орындалады: жүздік – жүздікке, ондық – ондыққа, бірлік – бірлікке қосылады, жүздіктен – жүздікті, ондықтан – ондықты, бірліктен – бірлікті азайтады.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Сабақ тақырыбына сәйкес Таулар, олардың тегіс жазық даладан айырмашылығы, олардың биіктіктері , тау өсімдіктері мен жануарлары туралы видео көру, сол арқылы әңгіме жүргізу.
https: //youtu.be/6-6qOdh9wYc
«Санап көр» ойыны үш топқа үш түрлі тапсырма: (т.ж)
І топ 200-ге 1- ді қоса отырып 300-ге дейін сана, кему ретімен жаз
ІІ топ: 500-ге 10-ды қоса отырып 600-ге дейін сана
ІІІ топ: 800-ге 100-ді 1000-ға дейін сана, кему ретімен жаз. Қандай сандар шыққанын оқыта (ж.ж ) отырып үш таңбалы сандар екендігін атау, жазылған әрбір санның жүздігінің астын сызу (т.ж)
(ж.ж)кез-келген үш таңбалы сандардың разрядттық бірліктерін атау
Мына өрнектерді тақтаға жазып 458 + 152 900 – 128 100 – 58 654+345 1000 – 658
Нені байқадың? Бізге таныс емес жағдай бар ма?
Қиындық туған жерді көрсетіңіз.
Жаңа құбылыс 654 + 345 пен 1000 – 658. Олар 100-ге дейінгі қосу мен 100-ден азайту тәсілдеріне ұқсайтындығын түсіндіріп өту.
2- тапсырмада оқушыларға үш таңбалы сандардың қосу мен азайту жазбаша алгоритмін қарау керек.
– бірліктерді қосамын…
– ондықтарды қосамын…
–жүздіктерді қосамын… 10 жүздік – бұл 1 мың. 1 мыңды жүздіктің сол жағына жазамын.
Азайтуда осы сияқты ұқсас.
Осы сандарды баған түрде жазамын.
1000
- 658
Алдымен бірліктерін азайтамын.
(азайғышта бос бірлік 0, бос ондық 0, Бос жүздік 0)
– Бірліктер қайда тығылды? (ондықта)
– Қалай болады енді? (1онд.10 бірл.ауыстыру)
– Ондықтар қайда тығылды? (жүздікте)
– Қалай болады енді? (1 жүздікті 10 ондықпен ауыстыру)
– Жүздіктер қайда тығылды? (мыңдықта)
– Қалай болады енді? (1 мыңдықты 10 жүздікпен ауыстыру.)
– Ары қарай? (әдеттегідей азайтамыз)
10 бірліктен 8 бірлікті азайтамыз 2 бірлік оны бірлік астына жазамыз
9 ондықтан 5 ондықты азайтамыз 4 ондық оны ондықтың астына жазамыз
9 жүздіктен 6 жүздікті азайтамыз 3 жүздік оны жүздік астына жазамыз айырма мәнін оқимыз 342
Толықтыру тақтасында толықтырылған алгоритм және орындалған есептің сызбасы.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
–3 -тапсырманы оқулықтағы түсіндірмемен орындауға ұсыныңыз. (жж)
Эталон бойынша жұптарымен түсіндіріп шешеді.
– мысалдарды шығарғанда қандай қателіктер жібердіңіздер? Қандай қиындықтар кездесті?
Жауабы: 345+655=1000 1000-645=355 802+198=1000
782+218=1000 1000-367=633 933-399=534
666+334=1000 1000-443=557 1000-888=112
4 -тапсырма топпен орындалады.(тт)
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы карточкада немесе дәптерде орындауды ұсынады.
Бағалау критерийлері талқыланады:
Мен:
-үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмдерін қолданамын;
-екі әріпті өрнектердің берілген мәні бойынша сандық өрнектің мәнін табу.
Әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады, қандай әрекет орындаймыз сұрағына жауап алып толықтыру жасау.
Қосылғыш | 70+30 | 200+200 | 192-6 |
Қосылғыш | 60 | 360-80 | 250 |
Қосындының мәні | 160 | 680 | 436 |
Өткенді қолдану (тт)
5- тапсырманы орындау ұсынылады. Қазақстандағы көлдердің жалпы судың тірі табиғат үшін маңыздылығы турлы бүгінгі өмірмен байланыстыра айту. Топта талқылау, шарты мен шешуін табу, жауабын бірі-бірінің жұмысын тексеру арқылы салыстыру.Қысқаша шарты
І-күні 276 метр
ІІ-күні-? 185м артық ?м
Шешуі:276+185=461
Жауабы: барлығы көлдің 461 метрін зерттеген
Неліктен қосу амалымен орындалды, қосуды баған түрінде қалай орындадың сұрақтарына жуаап алу.
20 | |
15 | |
8 | |
35 |
6- тапсырма көбейту мен бөлу кестесін қайталауға бағытталған. Тақтаға берілген тапсырманы орындау «Кім жылдам» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ауызша белгісіз компоненті табу. (жж)
5-ке көбейт
2 | |
27 | |
5 | |
9 |
4-ке бөл
24 | |
8 | |
36 | |
7 |
2-ге көбейт
24 | |
8 | |
36 | |
7 |
7-тапсырма үйге беріледі
Рефлексия.
– Сабақта біз қандай жаңалық аштық?
– Қандай жаңа мысалдарды шешуді үйрендік?
– Алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?
– Жеттіңіз бе?
– Мысалдарды шешуде ненің көмегі тиді?
Кері байланыс жүргізу. Сабақты аяқтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру