Жергілікті жердің бедері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
9- сабақ. Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері
Тақырыбы: Жергілікті жердің бедері | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шарғынова С. | |||||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.8. Үш таңбалы сандардың жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану. 3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | ||||||||||
0-3 | Психологиялық дайындық. Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу! (Ұ.Ж) Математикалық диктант. Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын бекіту үшін бүкіл сыныппен орындалады. - 3 разряды 2 бірлік, 2 разряды 5 бірлік, 1 разряды 8 бірлік болатын сан. - 1 кластың 12 бірлігі болатын санды жаз. - 3 разряды 8 бірлік, 1 разряды 3 бірлік болатын сан. - 1 разряды 2 бірлік, 3 разряды 7 бірлік болатын сан. - 1 кластың 301 бірлігі болатын санды жаз. | Слайд №2 Слайд №3 | ||||||||||
4-6 | (Ұ.Ж) Ойлан, шығар. Тақтаға есептер жазылған: 51+ 25 86 – 32 651 + 125 486 – 232 Есепті қараңыздар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Есепті ауызша есептеңдер. Ал сіз бағанмен жазып, анықтай аласыз ба? (біз тек екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуда ғана бағанмен орындадық). «Смайлик» арқылы бағалау. | Слайд №4 Қима қағаздар | ||||||||||
7-11 | (Т.Ж) Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Топтарға өрнек жазылған А4 форматты парақ таратылып беріледі. 651 + 125 = 776 мына өрнектің мәнін табу жазбашадан оңай, яғни бағанмен есептеу. Сіздің қолыңыздан келе ме? – Бұл кез бұрынғы оқыған кезден қандай айырмашылық бар (жүздік разряды қатысады) Алгоритм құрауды үйреніп көреміз. «Смайлик» арқылы бағалау. | Оқулық, А4 форматтағы парақтар, маркер | ||||||||||
12-29 | (Т.Ж) Жаңаны ашу. Оқушылар топпен оқулықтағы 2-тәжірибелік жұмысты орындайды, қалай ауызша есептеу керектігін түсіндіреді, сандардың моделін құрайды. (Ж.Ж) «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, бағанмен есептеу қалай болғанын қарайды жазбаша есептеу алгоритмін айтады. Орындап болған соң өзара парақтарын алмастырып, бірін-бірі тексеру жүргізеді. Жазамын… Бірліктерді қосамын… Ондықтарды қосамын… Жүздікті қосамын… Жауабын оқимын… Оқушыларға, үш таңбалы сандарды есептеу, екі таңбалы сандарды есептеудің алгоритмімен жүретінін айтып өту. «Бағдаршам» арқылы бағалау. (Ө.Ж) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқушылар оқулықтан 4-тапсырманы дәптерлеріне орындайды, тексеріп, мысалдарды түсіндіре отырып шығарады. «Смайлик» арқылы бағалау. (Т.Ж) Топтас, талқыла. Оқулықтағы 5-тапсырманы топпен орындайды. Ол үшін әр топқа ішінде сандар жазылған қима қағаздары бар 3 түрлі қорапша таратылады. Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап үш таңбалы сан құрайды, разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады, жазылғандардың ішінде барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды. Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек:
– бірліктен басқа сандардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны; – бірліктер мен ондықтардан бөлек барлық сандардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны. ә) жазған сандарында қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды. «Жұлдызша» арқылы бағалау. | Слайд №5 Оқулық, дәптер, Слайд №6 Слайд №7 Слайд №8 | ||||||||||
30-40 | (Ж.Ж) Ойлан, жұптас, тексер. Оқулықтағы 7-тапсырманы жұптық түрде орындау тапсырылады. Оқушылар алдымен есептің берілгенін оқиды, жұпта талқылайды, сонан соң дәптерлеріне жазады. Жұптағы 1-оқушы оқулықта берілген мәлімет бойынша шығарады, ал 2-оқушы берілген мәліметтерлі өзгерте отырып шығарады. Сонан соң өзара бірін-бірі тексереді. «Бағдаршам» арқылы бағалау. | Слайд №9 Оқулық, дәптер. | ||||||||||
41-45 | Рефлексия. Сабақтың соңында балаларға өзін-өзі зерттеуге мүмкіндік беретін, сабаққа сапалы және саны бар шағын сауалнама беруге болады. Кейбір пунктерді өзгертуге, толықтыруға болады, сабақтың кейбір элементтеріне аса мән беріледі. Оқушыларды өз жауаптарын дәлелдеу қажеттігін сұрау. 1. Сабақта мен жұмыс жасадым...2. Сабақта өз жұмысыммен мен ...3. Мен үшін сабақ жақсы...4. Сабақ үшін мен...5. Менің көңіл-күйім ...6. Сабақтың мынадай мәліметі болды ... Балалардың мүмкіндіктеріне қарай үй тапсырмасы беріледі. | Слайд №10 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?