Аудан. Ауданның өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

№ 21 сабақ. Тақырыбы: Аудан. Ауданның өлшем бірліктері

Оқу мақсаты:Ауданы болатын нысандарда атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

Сабаққа қажетті ресурстар: әрбір оқушыға арналған палетка-палетканың торкөздері 1см2,әртүрлі фигуралар

Сабақта қолданатын деректі материалдар: палетка (француз тілінен алғанда pallette

«пластинка»)-мөлдір пластинка немесе бетіне тор тәрдізді сызықтар салынған пленка(кейде-нүктелер). Жазықтық координатасындағы жоспар мен картадағы және ауданды өлшеуге арналған.Оқушылар сабақта торкөздері 1 см2 болатын палетканы пайдаланады.

Кіріспе тапсырма.

Мұғалім оқушылардан отбасы құндылығын қалай түсінетіндігін, мысалдар келтірулерін сұрайды. Оқулықтағы 1- тапсырманың суреттерін оқушыларға көрсетіп, отбасы құндылықтарына қатысты жазбаларды таңдатады. Таңдауларының дұрыстығын тексеру үшін оқушылар (Ұ.Ж.)1- тапсырманы орындайды, өрнектердің мәнін табады. Отбасы құндылықтарына өрнектің мәнін табуға арналған карточкадағы жазбалар жатады.(Отбасы құндылығы жайлы тірек сөздер арқылы ойларын ортаға салу.)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

(Ж.Ж)Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, торкөз дәптердің бетіндегі фигуралардың қайсысы көп орын алатынын көз мөлшерімен анықтайды. Бұл тапсырмада оқушылар фигураның кеңістіктегі алатын орнын немесе фигура ауданын көрсетеді.

(Т.Ж)Топқа геометриялық фигуралар арқылы бірігеді. Оқулықтың 3- (а) тапсырмада оқушылар жер телімін шығару үшін қанша тақтатас кеткенін санайды. (18 тақтатас)

3-(ә) тапсырмада оқушылар жер телімін жабуды толықтыру үшін қанша тақтатас қажет екенін анықтайды. (18 тақтатас және 12 тақтатас).Бұл тапсырмалар арқылы балалар аудан өлшем бірлігінің мәнін түсінеді.

(Т.Ж) «Кім жылдам?» ойыны.

Аудан туралы ұғымын толықтыру үшін әрбір топқа әртүрлі шаршы, тіктөртбұрыштардың аудандарын табады..

1-топ.Тіктөртбұрыштың ауданын табады.Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтеміз.

2-топ.Шаршының ауданын табады.Шаршының ауданын табу үшін екі қабырғасын көбейтеміз,өйткені барлық қабырғаларының ұзындығы тең.

3-топ.Палетка арқылы фигураның ауданын табады.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Ж.Ж. (Қ.Ж) 4-(а) тапсырмада оқушылар қандай фигуралар стол үстінде көп орын алатынын анықтайды. 4-(ә) тапсырмада қай фигураның ауданы үлкен екенін салыстырту арқылы оқушылар фигура ауданы мен аудан өлшем бірлігі деп аталуына ереже шығарады.

Фигуралардың бір-бірімен беттестіргенде, бір фигура басқа фигураға сыйып кетсе,сол фигураның ауданы кіші болады.

Ауданның өлшем бірлігі –сантиметр квадрат (см2)

Ауданды өлшеу

Ж.Ж. (Қ.Б)Оқушылар 5-(а) тапсырманы қзіндік жұмыс түрінде орындайды, фигураның ішінде қанша торкөз барын санайды. 5-(ә) тапсырма – тәжірибелік жұмыс. Оқушылар фигура ішіндегі толық торкөздер мен толық емес торкөздерді санайды.Фигураның ауданын толық торкөздерді қосу арқылы және 2-ге бөлінген толық емес торкөздерді санау арқылы анықтайды.

S=(a+b): 2

«Басбармақ» арқылы кері байланыс беру

Есепте .

(Ө.Ж.) 6-тапсырмада амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындау.

-Бірінші қай амалдарды орындаймыз?

-Бірінші көбейту мен бөлуді орындаймыз.

-Содан кейін қосу мен азайтуды солдан оңға қарай ретімен орындаймыз.

-Егер жақша кездессе, жақша бірінші орындалады. Содан кейін ереже бойынша орындалады.

1 3 2 1 3 2 4

32:8+7·5= 39 7 ·5 – 7 ·4 + 360 = 367 675+25-5·7=665

36:9+ 4· 6 =28 905-(25+15):8=900 (7+21):7 + 100=104

(7+24:3):5=3 800+45:9+7·3= 826 (600-3·4)-39=549

(24+6):5+2 =8 220+5·8+27:3= 269 100-(20:5+16)=80

«Смайликтер» арқылы бағалау

Т.Ж.Оқулықтағы 7-тапсырмада оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды. . Әр топқа әртүрлі формадағы және түрлі өлшемдегі фигуралар беріледі. Оқушылар ақ қағаздан палетка жасайды, сыртынан 1 см болатындай торкөз бойынша бүктейді. Фигуралардың ауданын өздеріне таныс тәсілмен анықтайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Оқулықтағы 8-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар пәтер сызбасын қарайды, қонақ үйдің, кіреберістің барлық жағындағы ұзындықтарын қосып, периметрін анықтайды.Тапсырманың соңғы сұрағы оқушыларда функционалды сауаттылық қалыптасқанын тексереді. Оқушылар қажетті еденкемердің (плинтус) ұзындығы есіктің ауданын алып тастағанда, қонақ бөлменің периметрі болатынын түсінеді.

-Бөлменің периметрін қалай табамыз?

-Бөлменің периметрін табу үшін бөлменің барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз.

Қонақ бөлме: Р= 6 м+6м +4м+4м=20 м

Жатын бөлме: Р=6 м+ 6м +2м +2м=16 м

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Кері байланыс

«Ыстық орындық» әдісі арқылы жүргізіледі.

-Тік тқртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

-Палетка деген не?

-Палетканы қалай пайдаланады?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу