Өрнектері құру . Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Матматика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 А бөлім «Теңдеулерді құру және шешу»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Өрнектері құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.2 Сандық және әріпті өрнектерді құру және оқу

2.2.1.3 Әріптердің мәні берілгенде, әріптік өрнектердің мәнін табу

 Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы білулеріне және теңдік, теңсіздікті ажыратуға үйрету.

 Бағалау критерийлері

Cанды және әріпті өрнектерді, теңдік пен теңсіздіктерді біледі және ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

 

өрнек, сандық, әріптік, мағына, ауыспалы,үлгілеу, ұсыну, көрсету,бекіту, теңдеу, теңдік, теңсіздік, артық, …қарағанда, кем, … қарағанда, тең, тең емес

климат, жауын, жел, желдің бағыты

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өрнектердің эквиваленттілігін үйрену

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құра отырып психологиялық дайындық жүргізу.

Қатар -қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық

Жақсы болып сабақта

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа - нақ,

Дайындалдық бәріміз.

Сабақ ортасы

(Ұ,ОТ) «Кім жылдам?»

678,907, 879,364 ,190,300, 239, 450, 340, 278, 578.

- Берілген сандарды дұрыс өсу ретімен орналастыру.

- Сандарды кему ретімен орналастыру.

) Топпен жұмыс.

Сыныптағы оқушылар төрт топқа бөлінген.

Әр топқа заттар беріледі.

Осы заттарды пайдаланып өрнек құрастыру тапсырылады.

  • Қарындаштың түстеріне қарай қосу амалын пайдаланып өрнек құру;
  • Саматтың қолында алты кәмпит бар, оған тағы бес кәмпит берілді;
  • Аквариумдағы балыққа жеті балық қосылды;
  • Топ мүшелері бір біріне төменде берілген үлгідегідей өрнек құруды ұсынады және оның мәнін есептеу тапсырылады.

(Ұ,ОТ) Санды өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

а) 15-ті 5-ке арттырып, көбейтіндіні 2 есе кеміт; (15+5):2=

ә) 32-ні 2 есе арттыр және көбейтіндіден 24-ті азайт; (32*2)-24=

б) 27-ден 2-ні азайтып, айырманы 5 есе кеміт; (27-2):5=

в) 69-ды 3 есе кемітіп, бөліндіге 20-ны қос. (69:3)+20=

(ОТ) Жұппен жұмыс. Әріпті өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

а) Ойлаған санды 3-ке кемітіп, айырманы 2 есе арттыр; (а-3)*2ә) 32-ні 2 есе кеміт және оған ойлаған санды кос; (32:2)+х

б) Ойлаған санға 2-ні қосып, қосындыны 5 есе арттыр; (х+2)*5

в) 69-ды 3 есе арттырып, көбейтіндіден 20-ны азайт. (69*3)+20

Таныстырылым

Постер, маркер.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Мен үшін бүгінгі жұмыс … , себебі, …

Мен … үйрендім.

Енді мен

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу