Әріпті өрнек. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім Санды өрнек әріпті өрнек Теңдеулер

Күні

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әріпті өрнек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құру, оқу, жазу және тану

Сабақ мақсаттары

  • өрнектің түрлерін айыра біледі
  • әріпті өрнектің мәнін табуды үйренеді
  • әріпті өрнек құрастырады

Бағалау критерийлері

Әріпті өрнекті айра біледі, әріпті өрнектің мәнін табады.

Тілдік мақсаттар

Әріпті өрнек

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс, тренажёр

http://shkolnayastrana.ucoz.uo

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Қол алысып, қәне, біз,

 Достасайық бәріміз.

 Айтарым бар сендерге,

 Тез тұрыңдар шеңберге.

 Қандай жақсы бір тұру,

 Достарменен бір жүру!

 Қандай жақсы дос болу!

ОМ таныстыру

  • өрнектің түрлерін айыра білетін боласың әріпті өрнектің мәнін табуды үйренесің.

(Ұ) Оқушыларға тапсырмасы бар кеспеқағаздар таратып беру.

«Өткен аптада кітапханаға 75 оқушы, ал осы аптада кітапханаға а - ға кем оқушы келді. Кітапханаға осы аптада қанша оқушы келді?»

Әр топқа өрнек жазуды ұсыну. (75-a) Бұл өрнектің мәнін қалай табуға болады?

Оқушылар жауап беруге қиналады. Себебі, а - ның мәні белгісіз.

- а - ның орнына қандай санды қоюға болады?.

Топта а-ның мәнін тауып көріңдер.

- Барлық өрнектерден нені байқадыңдар?

(бірінші сан үнемі тұрақты болып, екінші сан өзгеріп отырды). а - ның мәні 76 болуы мүмкін бе? -Жауабын кім түсіндіреді?

- Әріптік өрнектердің қалай қолданылатындығын түсіндір.

Әріптің мәнін білмей, неліктен өрнекте немесе есептеуді орындауда оның орнын білуіміз керектігін талқылау.

Оқулық;

әрбір топ үшін есептер жазылған кеспеқағаздар;

белгі беретін кеспеқағаздар;

ламинатталған қағаз

маркерлер

Сабақтың ортасы

) Жарыста блиц турнирі.Есепті талқылау.

Өрнек құрастыр

Спорт жарысына 14 қыз бала және а ұл бала қатысты спорт жарысына қанша бала қатысты

Хоккей турниріне 1команда 15 2оманда d шайба соқты. Екі команда қанша шайба соқты?

Жауабы: А (14+a)+14

Ә. 15-b.

Б.с+3

Ереже Санды өрнектер сандардан құралады.Әріпті өрнектер әріптен құралады.

(Ж) Қар қиыршықтары

Қар қиыршықтары өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқы. Өрнек болмайтын жазуды тап.Өрнектің мәнін тап Жауабын өзара тексер.

Өрнектер: 82-48; c + n; 100 -36; 28+34-18;

61+a; 61-28+35

Санды өрнектердің мәні: 34,64,44.

(Ж) Шығарып көр

Қайратта а марка, ал Сәкенде в марка бар. а + в, а - в а=60, в= 36

Жауабы:

60+36=96

60-36=24

Өрнек дегеніміз сандар мен әріптер амалдар таңбасымен байланысқан жазу

(Т) Есеп Оқушылар екі есеп сызбасын қарастырып олардың шарттарын салыстырады. Есептің шешуін ламинатталған қағазға шығарады.

Жауабы:

А. 49+a

Ә. (49+a) +49 а= 6

Сабақтың соңы

Сабақты бекітуге арналған тапсырма

Әріпті өрнек құрастыр. Оның мәнін тап.

Жұмыс дәптерімен жұмыс. Кесте. Кестені үлгі бойынша толтыр.

Сиқырлы сағат

Сағат циферблатында сандардың орнына әріптер жазылған. Осы әріптерден оқушылар мысал жауабына – сандарға сәйкестендіріп таңдап алады. Мысалы 12 санының орнына «Ң» әрпі тұр. Демек, мысал жауабы 12 болса,оқушылар осы әріпті таңдауы керек. Сандар мысал жжауаптарын оқушылар кестенің жоғарғы жолын өсу ретімен жазады. Барлық таңдап алынған әріпті сәйкес сандар астына, кестенің төменгі жолына жазу керек. Сөйтіп шыққан сөзді оқу.

Жауабы:

Сандар: 3,6,7,8,9,10,11,12.

Сөз: ЖАРАЙСЫҢ.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Жарыста блиц турнирі», «Қар қиыршықтары», «Шығарып көр» тапсырмаларын орындаған кезде қиындық туындаған оқушыларға жек қолдау көрсету.

Оқушылар санды өрнек пен әріпті өрнектерді, теңдік пен теңсіздікті айыра ала ма екенін бақылау арқылы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу