Нысанның бағытын және орналасуын зерттеу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 А бөлім «Түзулер және оларды құру» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 3 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Нысанның бағытын және орналасуын зерттеу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.2.13 Бастапқы позицияны, бағытты, қозғалысты (оңға, солға, тура, толық бұрылу, жартылай, төрттен біріне бұрылу, сағат жүрісі бағытымен, оған қарсы бағытпен , тілдері бір-біріне қарсы бағытта) анықтау үшін нұсқау беру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Нысанның орналасуын тиісті терминдерді қолдана отырып, бағыттармен жүру арқылы анықтау | ||||
Бағалау критерийлері | Берілген нұсқау бойынша нысанның орналасқан жерін анықтай алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Бағыт, нысан, оңға, солға, алға, артқа, бұрыш, тік бұрыш, айналма жол, тура жол сөздерін қолдана отырып, математикалық тілді дамыту. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады, өзара көмекке ұмтылады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, дүниетану пәндерімен байланысады. | ||||
АКТ | АКТ-дан нысандардың орналасуын анықтап көрсетеді.. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Параллель және перпендикуляр түзулер туралы түсінік алды. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
| (Ұ) Оқушыларға ойынға қатысу ұсынылады. 1-топ параллель түзу жасап тұрады; 2-топ перпендикуляр түзу жасап тұрады; 3-топ үшбұрыш жасап тұрады; 4-топ шаршы құрып тұрады. оңға, солға, тура, толық бұрылыс, бұрылыстың жартысы , бұрылыстың төрттен бірі, сағат тіліне бағыттас, сағат тіліне қарсы, бір-біріне қарсы, қарама-қарсы бағытта сөздерін қолдана отырып, әр топ белгілі бағытпен жүріп орындарын ауыстырады. | Бағыттауыш сөздер жазылған карточкалар
| |||
Сабақ ортасы 30 минут | (МТ.Ұ) Оқушыларды нысанның күйін сипаттауға қажет терминологиямен таныстыру үшін жұмсақ ойыншықты қолдану (мысалы, қоян, күшік, қонжық) Оқушылардан ойыншықтардың партада орналасқан жерін (мәселен, «үстінде», «астында», «жанында» сөздерін қолданып) сипаттауларын сұраймын. (Ұ) Оқушылардан ойыншыққа бөлменің басқа жеріне орын ауыстыруы керектігін елестетулерін ұсыну. Олар оған қозғалыс жолын қалай көрсетеді? Ойыншықты оқушылардың нұсқауына сәйкес орналастырып, олар қолданған сөздерді анықтап, жазып алу. (Ұ,Қ) «Роботтар» ойыны. Оқушылар ойын алаңына жиналады. Оқушылар нұсқау бойынша нысандардың күйі мен бағытын анықтайтын терминологияларды қолданып, қозғалулары қажет. (Т) Әр топқа суреттер беріледі. Әр топ келесі топқа осы суретте көрсетілген нысанға жету бағытын анықтауды ұсынады. Мысалы, қолдаында асхананың суреті бар топ көрші топқа асханаға жету жолының схемасын көрсетуді тапсырады. т.с.с. (Ж) Оқушыларға ертегі кейіпкерлері бар суреттер беріледі. Кейіпкерлердің белгілі нысанға жету бағытының алгоритмін құрастырады. (Ж.Дифф.Қ) Әр жұпқа қала картасы беріледі. /картада әр шағын аудандар көрсетілген/ Көшедегі машинелерді /суреттер/ әртүрлі орындарға орналастыру тапсырылады. Оқушылар нұсқамалардың әр тізімін талқылаулары және бағалаулары керек. | Ойыншықтар Үлестірмелі парақтар Қала картасы, машинелер | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Тақырыпты өте жақсы түсіндім деген оқушылар бағыт бойынша мен жасырған жасыл нысанның қасына барып тұрады, ал қосымша көмек қажет ететін оқушылар қызыл нысанның қасына барып тұрады. | Гүлдер | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға қала картасына мәшинелермен қатар, басқа да нысандарды орналастыру ұсынылады. Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі. | Оқушылардың нысанның орнын анықтауда тиісті терминдерді айтуы бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. Картамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесі ескертіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?