Құпия кодтарды шешу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлім: «Өрнектермен танысу» | Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Көкшетау қаласы | |||||
Күні: 3 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Құпия кодтарды шешу | |||||
Оқу мақсаттары | ТТ1.1 a+b=b b-х=a b-a=х теңдеуін шешу | |||||
Сабақ мақсаттары | Әріпті өрнек туралы біледі, ажырата алады. Теңдеу туралы біледі, шешу жолдарын түсіндіре алады. | |||||
Бағалау критерийлері | «теңдеу» ұғымын біледі және теңдеудің шешімін дұрыс таба алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар жасай алады: Сандар мен шамаларды салыстырады және олардың теңдік немесе теңсіздік болатынын түсіндіре білу • сонша|бірдей,мәні сондай, тең, теңдік; теңсіздік • мәні басқа, бірдей емес,әр түрлі,), тең емес ,теңсіздіктерді қамтиды | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, еңбек және шығармашылық | |||||
Пәнаралық байланысы | ИКТ, | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | білдіреді,көрсетеді • санды өрнек, әріпті өрнек • ауыстырымдылық қасиет, орнын алмастыру • оған қарағанда артық/кем; тең, тең емес, теңдік, теңсіздік дегендерді қамтиды. | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Өлең жолдарын бірге қайталайық: Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталады. Мынау басым ақылды, Бәрі оны басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Сабақтың тақырыбын ашу Қандай сөз жасырынып тұр? 48 16 36 28 56 И Қ П Ұ Я | слайд | ||||
Сабақтың ортасы | (Ұ)«Түйілген орамал» ойыны. Шарты: мұғалім бір оқушының алдына түйілген орамалды тастайды да, оған бір өрнек айтады. Оқушы жауабын айтады және ойынды өзі жалғастырады. (Ұ) Дәптермен жұмыс. а/Тақтаға өрнекті жазу Мысалы, a = 9 + 7 -а-ның мәні нешеге тең екенін айта аласыңдар ма? Оқушылар өз ойларын ортаға салу керек. Оқушылардан өрнектің мәнін қалай тапқандығын сұрау. Мысалы, топтағы балалардың саны - 9 қыз және 7 ұл болуы мүмкін. ә/Әріпті өрнектер құрастыру. 1 минут ішінде. Тексеру.Кім ең көп жазды? (Т) «Бәйге» ойыны. Әр топқа тапсырма беріледі:Кұпия кодты тап. Бірінші топ: х+5=42 Екінші топ: а-16=24 Үшінші топ: 27+с=33 Төртінші топ: 52-х=8 Әр топтан бір бала шығып, шешу жолын түсіндіреді.Қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. (Ө) Сөзді есепті шығар.Есеп бойынша теңдеу құр. Маратта 6 асық болды, ал Қанатта а асық. Олардың екеуінде барлығы 13 асық екен. Қанатта неше асық? | Бір шеті түйілген орамал Теңдеулер жазылған А4 парақтары Есеп бойынша сурет | ||||
Сабақтың соңы | Бекіту:Ойын: « Сақина салу» Бір оқушы шығып басқа оқушыға сақина салады. Қалғандары оны тауып алу керек. Тауып алса өрнек айтады, ал оқушы оның мәнін табады. Рефлексия:Сөйлемдерді жалғастыр -Маған бүгін сабақта қиын болды, өйткені... -Маған сабақта .... көмектесті. -Мен үшін .... қызықты болды. -Мен ..... түсіндім. | Сақина Тақтада жазылған сөздер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар өздері теңдеу құрады | Бағалау – оқушылардың материалды меңгерудеңгейін тексеру жоспарыңыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?