1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақ: Математика | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: «3 саны және цифры» | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Жоғарыда. Төменде. Сол жақта. Оң жақта .Тура ретпен санау, кері ретпен санау | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы
| Ертеңгі шеңбер (Б) Оқушылар шеңберге тұрады, кезекпен саналады. Оқушылардың зейінін шоғырландыру; оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (Ө) «Өзім жайлы» тақырыбы аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі қарындаштарды және т.б. заттарды санату.
Өз киімдеріндегі түймелерін, гүлдерін, қалталарын санату. Екі затты көрсету арқылы, 3 саны және цифрымен таныстыру. Бірден кейін тұрамын. Сандар іші тұрағым. Бірді, бірге қосқанда Мен иіліп шығамын. Екі аяқпен жүремін, Екі көзбен көремін. Екі қолым бар менің, Екеу құлақ, білемін. (Ж) Оқушыларға өзі ұнататын заттардың топтамасын санату, оқушылар топқа немесе сыныпқа ұнататын түсі және сол түсті заттың қаншасын анықтағанын айтады. (Ж,Т,Ф) Оқушыларға жұппен немесе кішірек топтарда 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысал келтіру ұсынамын. Мысалы: 1- бөлмедегі мұғалімнің саны болуы мүмкін, 2- оқушының көздері болуы мүмкін және т.с.с. 0-ден басқа санау барысында аталатын сандар - натурал сандар деп аталады. Оқулықпен жұмыс Сан түзуінде 3 санының орнын анықтау. Сурет бойынша түсіп қалған сандарды табу. Сыныптан саны үшеу болатын заттарды табу. Шаңғышыға кедергіден өтуге көмектесу. 3 санының құрамын анықтау. Келесі сан қандай сан? Алдыңғы сан қандай? 1 және 3 сандары арасында қандай сан бар? Сандардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші? Сергіту сәті Енді қолымызбен 3 цифрін мүсіндеп көрейік.2 саны:Бірден кейін тұрамын,Сандар іші тұрағым.Бірге бірді қосқанда,Иіліп мен шығамын.3 саны:Екіден соң әрқашан,Үш саны болып қаламын.Қос мүйізі майысқан,Ұлттық ою саламын. Балалар, біздің ұлтымыз қай ұлт? (Қазақ).Қазақ халқын бірлікке, татулыққа шақырған қандай билер? Үш бидің суретін көрсету. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Жұмбақ Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) Бағдаршамның неше көзі бар? Дәптермен жұмыс. 3 цифрын ауада жазу
+ 1 1 2 3 Қалыптастырушы бағалау Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз. Миға шабуыл 1. Дүкеннен Ұланға анасы төртбұрышты 2 доп әкелді. Біреуін досыма бердім. Нешеуі қалды? Төртбұрышты доп болмайды 2. Құстың тұмсығы нешеу? 1 - еу 3. Қоянның неше құлағы бар? 2 - еу Үшбұрыштың неше бұрышы бар? 3 бұрышы бар 5. Дөңгелектің неше бұрышы бар? Бұрышы жоқ Төрт дөңгелек арбада, Төрт аяқ бар малда да... «Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5 деген сандарды тастаймын, «Ал, балалар, қараңдар, сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалуы керек. | Кеспе суреттер, https://www.youtube.com/watch?v=F2ZFn9ttH2w | |||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Қорытындылау Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Нені білдім? Нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім ? Рефлексия Бәрін түсіндім Кейбір нәрселерді толық түсінбедім Мен түсінбедім | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Санның құрылу жолын түсіндіруде қиналатын оқушыларға жетекші сұрақтар арқылы қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. | Оқушылардың санның құрылу жолын түсіндіруін бақылау, тыңдай отырып бағалау. | Сергіту сәтін жүргізу, қимыл- қозғалыс ойынын өткізу кезіндегі нұсқаулық. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?