Экологиялық мәселелер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 4

Қатысқандар саны: ______

Қатыспағандар саны: _____

Сабақ тақырыбы

Экологиялық мәселелер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сұрақтар мен жауаптар құрастыру.

Пунктуациялық нормаларды сақтау

Сабақ мақсаттары

4.​3.​4.​1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру;

4.​4.​3.​1 сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтін мазмұнына тірек сөздер мен сұрақ құрастырады.

Сөздердің қарама-қарсы және мағыналас нұсқасын құрастыру және сөйлеу кезінде қолдану.

Тілдік мақсаттар

Сыйлау, көмектесу, орын беру, қария, алғыс айту, әдепті

Құндылықтарды дарыту

Туған жерге деген сүйіспеншілік

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Суреттер сөйлейді» тәсілі арқылы қандай тақырып өткелі жатқанына болжам жасайды. Оқушылар суреттен не көріп тұрғандарын айтып береді.

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар? Қандай тақырып өтуіміз мүмкін?

Оқу мақсатын талқылау алу. (оқушыларға оқытып, бүгін қандай дағдыларды меңгеретінімізді айту.)

  • мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру;
  • сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану.

№ 1 презента- ция

Сабақтың ортасы

8 минут

10 минут

Жұпта, топта тірек сөздерді талқылау

5 минут

Бағалауға 10

1-тапсырма.

(Т) «Талқылаңдар!» айдары.

  • «Біз қоршаған ортаға қандай экологиялық зардаптар әкелуіміз мүмкін?»
  • «Біз қандай экологиялық зардаптарды жоя аламыз?»
  • «Экологиялық апаттарды жою мүмкін бе?» деген сұрақтардың бірін таңдап, шағын топтарда жауап іздеңдер.

(Ж) 2-тапсырма. Берілген мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі. Біраз жер апатты аймақтарға айналды. Теңіз жануарларының, өсімдіктердің көптеген түрлері жойылып кеткен. Біздің өміріміз қоршаған ортаға байланысты. Сондықтан табиғатты аялау керек. Оны көркейтуге мән беруіміз қажет.

(Ж.Ж.) Бағалау. Жұпта құрастырған сұрақтарыңды салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен кемшіліктер барын талқылаңдар.

(Ж) 3-тапсырма.

  • Табиғатты бүлдіретін сөздердің тізімін жаса.
  • Жұбыңмен, шағын топта салыстырып, толықтыр.
  • Тізбектелген сөздердің бірнешеуін қатар орналастыра отырып сөйлем құрастырыңдар.
  • Тыныс белгілерін қойыңдар.
  • Жазбаларыңды жұпта тексеріңдер.

Бағалау:

Дескрипторлар:

Жауабы

Тірек сөздерді жаза алады;

Тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыра алады;

(Комментарий, ұсыныс түрінде ауызша беріледі).

Тыныс белгілерін қоя алады.

http://expert.mektep.kz/ru/shop/125761-4_klass/126012-aza_tl_4/1

Сабақтың соңы

2 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу