Мамандықтардың бәрі жақсы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


4-бөлім. Мамандықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы:

«Мамандықтың бәрі жақсы»

(Тігінші мамандығы)

Сабақтың оқу мақсаты:

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

4.1.5.1 тыңдаған оқиға /әңгіме/ ақпараттың қорытынды бөлігін болжау

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, тірек сөздерден кластер құру және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

4.4.5.1 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру арқылы оқушылар тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлемде қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі Оқушылар топ болып талдай отыра қаңқаның басына тақырып мәселенің шешімін жазады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа байланысты сөздерді мәтін ішінде қолданады, дауыссыз к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесіне назар аударады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

«Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру арқылы оқушылар тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлемде қолдана алады.

Оқушылар топ болып талдай отыра қаңқаның басына тақырып мәселенің шешімін жазады.

Тақырыпқа байланысты сөздерді мәтін ішінде қолданады, дауыссыз к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесіне назар аударады.

Сөздік жұмыс:

Тігінші - киім тігетін адам.

Тік - инемен не іс машинасымен киім-кешек т.б. заттарды көктеу.

Назар аударыңыздар:

Тік – тіг+у, тіг+еді, тіг+ілді

Тік – тік+ті, тік+се, тік+кен

Мәтін:

Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіреді. Тігінші айдың бойын өлшеп алады да көйлекті, тігуге кіріседі. Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа екен. 

- Иә, мен дұрыс өлшемеппін, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта тігеді.

Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Көйлегі тағы да қысқа болыпты.

- Иә, тағы да дұрыс өлшемеппін, - дейді тігінші. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайта тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келеді. Тігінші алыстан өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді.

Кел, тыңдайық!

Сұрақ:

Тігінші не істеді деп ойлайсың?

Айға көйлек неге сыймай қала береді?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Кестені толтырыңыздар. Әңгіменің қорытынды бөлігін болжаңыздар.

«Болжайық»

Оқушылар тыңдаған әңгіменің қорытынды бөлігін болжайды.

Ойын. Құрал-жабдықтар.

Егер қажетті құрал-саймандары болмаса, құрылысшы үй сала алмас еді, тігінші киім тіге алмас еді, т.б.

Мұғалім құрал-сайманның суретін оқушыларға көрсетіп, атын атайды, оқушылар қайталайды.

Содан соң мұғалім үнсіз суретті көрсетеді, ал оқушылар сурет реті бойынша құралдың атын дәптерлеріне жазады.

Кез келген құралдың атауымен сөйлем құрастырып, сыныпқа оқып береді.

3-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша сөйлем құрастыр.

Мен қай мамандыққа ие болдым?

Мен жұмыста не істеймін?

Адамдарға қандай пайдам бар?

Анасы: Қызым, түскі ас ішеміз. Қолыңды жуа қой.

Қызы: Анашым, қолымды жусам, аппақ болады. Сіз маған ақсаусақ болма деп едіңіз ғой.

 

Ақ саусақжалқау (лентяй)

 

Сөзмаржан

Шығу парағы

Қандай жаңа тіркестерді меңгердің?

Рефлексия

Сабақта қай тапсырмалар күрделі болды?

Саған кім көмектесті?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу