Мамандықтардың бәрі жақсы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Т2

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім атауы

4-бөлім. Мамандықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы

Мамандықтың бәрі жақсы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

4.1.5.1 тыңдаған оқиға /әңгіме/ ақпараттың қорытынды бөлігін болжау

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, тірек сөздерден кластер құру және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

4.4.5.1 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазу

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар: «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру арқылы оқушылар тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлемде қолдана алады.
  • Оқушылардың басым бөлігі Оқушылар топ болып талдай отыра қаңқаның басына тақырып мәселенің шешімін жазады.
  • Кейбір оқушылар: Тақырыпқа байланысты сөздерді мәтін ішінде қолданады, дауыссыз к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесіне назар аударады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

  • «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру арқылы оқушылар тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлемде қолдана алады.
  • Оқушылар топ болып талдай отыра қаңқаның басына тақырып мәселенің шешімін жазады.
  • Тақырыпқа байланысты сөздерді мәтін ішінде қолданады, дауыссыз к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесіне назар аударады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Лексикалық минимум: тігінші (12 рет),

тік (8 рет)

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын...

Құндылыққа бағытталған мақсаттар

Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Пәнаралық байланыс

әдебиет

АКТ қолдану

әдістемелік құрал, ақпаратты мәтіндер.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

6 минут

Мамандықтың бәрі жақсы

Тыңдалымалды тапсырмасы:

Сөздік жұмыс:

Тігінші - киім тігетін адам.

Тік - инемен не іс машинасымен киім-кешек т.б. заттарды көктеу.

Назар аударыңыздар:

Тік – тіг+у, тіг+еді, тіг+ілді

Тік – тік+ті, тік+се, тік+кен

Суреттер, сөздіктер

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

5 минут

8 минут

Тыңдалым тапсырмасы:

(Ұ) «Кел, тыңдайық»

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді. Кестені толтырады.

Мәтін:

Ай неге жалаңаш қалды

 Бірде ай өзіне көйлек тіктіреді. Тігінші айдың бойын өлшеп алады да көйлекті, тігуге кіріседі. Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа екен. 

 - Иә, мен дұрыс өлшемеппін, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта тігеді.

 Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Көйлегі тағы да қысқа болыпты.

 - Иә, тағы да дұрыс өлшемеппін, - дейді тігінші. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайта тігуге кіріседі.

 Ай тағы да көйлегін алуға келеді. Тігінші алыстан өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді.

 

Сұрақ:

Тігінші не істеді деп ойлайсың?

Айға көйлек неге сыймай қала береді?

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Айға кім көйлек тікті?

+

Айдың көйлегі өзіне дәл болды.

-

Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

+

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(Ө) «Болжайық»

Оқушылар тыңдаған әңгіменің қорытынды бөлігін болжайды.

3-ойын. Құрал-жабдықтар.

Егер қажетті құрал-саймандары болмаса, құрылысшы үй сала алмас еді, тігінші киім тіге алмас еді, т.б.

Мұғалім құрал-сайманның суретін оқушыларға көрсетіп, атын атайды, оқушылар қайталайды.

Содан соң мұғалім үнсіз суретті көрсетеді, ал оқушылар сурет реті бойынша құралдың атын дәптерлеріне жазады.

Кез келген құралдың атауымен сөйлем құрастырып, сыныпқа оқып береді.

(Ұ, қ) дифференциация. Қабілеті жоғары оқушылар өздерін болашақта қалаған мамандығының иесі болғандығын елестетіп, өзі туралы әңгімелейді. Жоспар:

  • Мен қай мамандыққа ие болдым?
  • Мен жұмыста не істеймін?
  • Адамдарға қандай пайдам бар?

Қабілеті төмендеу оқушылар мамандық атауларымен сөйлемдер құрайды.

(Ұ) Оқушыларға күлдіргі әңгіме айтыңыз.

Анасы: Қызым, түскі ас ішеміз. Қолыңды жуа қой.

Қызы: Анашым, қолымды жусам, аппақ болады. Сіз маған ақсаусақ болма деп едіңіз ғой.

Оқушылар «ақсаусақ» сөзін қалай түсінеді?

Тыңдалым мәтіні

суреттер

Сабақтың соңы

3 минут

3 минут

Дескриптор:

  • «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру арқылы оқушылар тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлемде қолдана алады.
  • Оқушылар топ болып талдай отыра қаңқаның басына тақырып мәселенің шешімін жазады.
  • Тақырыпқа байланысты сөздерді мәтін ішінде қолданады, дауыссыз к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесіне назар аударады.

ІІІ. Ой-толғаныс.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушыларға қолдау көрсетуді әрбір тапсырма құрастыру барысында ескеріп отырамын. М: тыңдалымалды тапсырма, тыңдалымнан кейінгі тапсырма жасауда.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бұлардың барлығы әр сабақ барысында ескеріліп отырады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу