Балық аулайды. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

10-сабақ «Балық аулайды»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. «Ең зейінді» ойынында оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
  • Ой шақыру кезеңінде балалар назарына суреттер қатары ұсынылады. Суреттердің сабаққа қандай қатысы бар екендігі анықталады. Қандай тақырыппен жұмыс жасалатындығы жайлы сұралады. Сынып оқушыларының зейінін сурет арқылы сабаққа аударуға болады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушыларына жаңа сөздер қатары сөздер мен суреттерді сәйкестендіруге қатысты тапсырма беріледі. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына назар аударып, сөздерді орынды орналастыру керек.

Тыңдалым мен жазылым

  • Сынып оқушыларына тыңдалым алды тапсырмасын бере аласыз. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сурет бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
  • Тыңдалым тапсырмасында оқушылар мәтінді мұқият тыңдай отырып, жаңа сөздерді мәтін ішінен белгілейді. Мәтін мазмұнына назар аудару қажет.
  • Берілген сұрақтар тізбегіне мәтін мазмұны бойынша жауап жазуы қажет.
  • Сынып оқушылары сурттер көмегімен топтарға бөлінеді. Әр топ мәтін мазмұнына сай мәтінге ат қойып, берілген кестені толтыруда кейіпкерлерге сипаттама беріп, тірек сөздерді орынды қолданып, тілдік норманы сақтап тапсырманы орындауы қажет. Тапсырманы орындауда туындаған қиындықтарға назар аударып оқушыларға кері байланыс жасалады.
  • Сергіту кезеңінде «Жылдам фото» ойыны ұйымдастырылады. Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
  • Грамматикалық қоржын кезеңінде шақ түрлері бойынша ереже түсіндіріліп, мысал келтіріледі.
  • Шақ түрлерін игерту мақсатында оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне доп лақтырады да «Мен дүкенге...» деп етістіксіз айтады, допты ұстап алған оқушы сол сөзді белгілі бір етістіктің шағына қойып айту керек. Бұл жұмыс түрі етістікті сөйлем ішінде орында қолдана алуға бейімдейді. «Шапалақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды, комментарий береді.
  • Жазылымның 1- тапсырмасында қажетті тыныс белгіні қойып жазуға беріледі.Ал 2-тапсырмада суреттерді сөзбен жазып, сөйлемдерді толықтыру, етістіктің шағын анықтау тапсырмасын ұсына аламыз. «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында «Бес саусақ» атты рефлексияға белсенді қатысуын қадағалауды естен шығарып алмаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу