Мақтаншақ көлшік. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

9-сабақ «Мақтаншақ көлшік»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым мен айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. «Айна» тренингісін ұйымдастыра аласыз. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. Осы тренингті ұйымдастыру арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады.
  • Ой шақыру кезеңінде «Шашыранды сөз» ойыны. Берілген шашыранды сөздерден мақал-мәтел құрастырып, сабақтың мазмұнын болжайды. Сынып оқушыларының зейінін ойын арқылы сабаққа аударуға болады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушыларына жаңа сөздер қатары беріледі. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына назар аудару үшін әр сөз анимация арқылы көрсетіліп меңгертіледі.

Оқылым мен айтылым

  • Сынып оқушыларына оқылымалды тапсырма бере аласыз. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып, үлгінің негізінде сөйлемдер қатарын құрастырады.
  • Оқылым тапсырмасында оқушылар мәтінмен таныса отырып, жаңа сөздер мен қиын сөздерді белгілейді. Мәтін мазмұнына көңіл аудару қажет.
  • «ВЕЕР» әдісін қолдану арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгендігін анықтауға болады. Оқушылар қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне мәтінге қатысты сұрақтар жазып шықса, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Осы әдістің тиімділігін жұмыс барысында байқай аласыз.
  • Оқылымнан кейінгі тапсырмада сөздер мен қатар суреттер беріледі. Оқушылар суреттердің ретін белгілей отырып, берілген тірек сөздерге сүйеніп, «Мақтаншақ көлшік» мәтінінің мазмұнын айтады.
  • Оқушылардың орындаған тапсырмасына «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша кері байланыс беріледі. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат, Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе жайында айтылады. Мұғалім мен оқушылардың қатысуы арқылы «Біз де» деген ойынды ұйымдастыра аласыз. Оқушылар қаншалықты әңгімені зейін сала тыңдап отырғаны, бұрыс пікірге

қосылмауын мұғалім қадағалайды. Бұл ойын түрі байқампаздыққа, шапшаңдыққа,

ойлауға жетелейді.

  • Айтылым мен жазылым дағдысын ұштауға қатысты мәтінннен көлшікті сипаттайтын сөздер тізбегін табу арқылы оқушылар сөйлем құрастыруда бірізділікпен жұмыс жасауға бейімделеді. Әрі сөздердің айтылуы мен жазылуын есте сақтауға үйренеді. Оқушыларға смайликтермен кері байланыс жүргізуге болады.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында «Рефлекторлық экран» атты рефлексияға белсенді қатысуын қадағалауды естен шығарып алмаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу