Академик Қаныш Сәтбаев № 4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Академик Қаныш Сәтбаев 4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтін мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен ақпаратты табады, сұхбаттасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тақырып бойынша ақпараттарды іріктеп, кестеге түсіреді, диалогке қатысады

Оқушылардың кейбірі:

Тақырыпқа қатысты өз бетінше ақпараттарды іріктейді, сұхбатқа түсу барысында басқалардың ойын толықтырады.

Бағалау критерийлері

  •  Тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктеп, кестеге түсіреді;
  •  Тақырып бойынша диалогке қатысады.

Лексикалық минимум

Ғалым, зерттеу

Грамматикалық минимум

Жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Ғалымның еңбегін бағалау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Көрнекті жазушы № 3 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Тілді жаттықтыру: Ойын «Жылы жүрек»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне 2 cөзден ғана тұратын жақсы тілек айту керек. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Мысалы: Мейірімді бол! Әдепті бол! Сыпайы бол! немесе Жалқау болма! Тәртіпсіз болма! Ұқыпсыз болма!

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Бірнеше оқушы Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңін жатқа айтады.

Өткен сабақпен байланыстыратын сұрақтар:

- Ы.Алтынсарин кім?

- Ы.Алтынсарин ұстаз ретінде не істеді?

Ой шақыру.

Оқушылар сабақтың тақырыбын суреттер, бейнеролик арқылы анықтайды.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- Қосымша ақпараттарды іріктеп, кестеге түсіремін;

- Тақырып бойынша диалогке қатысамын.

 

 

 

 

 

Сен білесің бе? Қаныш Сәтбаев

https://www.youtube.com/watch?v=R70HBSEuiGI

 

Ойлан, тап! Қаныш Сәтбаев жайлы

https://www.youtube.com/watch?v=5h0niJ0Euz0

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: ғалым, зерттеу

Сөздерді суреттері, түсінік беру арқылы меңгерту.

Ғалым

Ғалым – оқыған, оқымысты адам.

Зерттеу – оқып білу

Оқушылар сөз орамдары мен сөйлемдер құрастырады.

Ғалым көп кітап оқиды. Ғалым зерттейді. Ғалым білімді болады. Мен ғалым боламын. Қаныш Сәтбаев, Әл-Фараби, Альберт Эйнштейн әйгілі ғалымдар.

Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі.

) Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.

Қаныш Сәтбаев Баянауыл ауданыПавлодар облысында туды. Ол алғашқы геолог-ғалым, академик. Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті болған. Қаныш Сәтбаев Қазақстандағы кен орындарының картасын жасады. Ғалым көп зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ғалымның көп еңбектері бар. Ғалымға тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген.

(Ұ) Ой қозғау

  • Мәтін кім туралы?
  • Қаныш Сәтбаев кім?
  • Ол қайда туды?
  • Қаныш Сәтбаев не жасады?
  • Ғалым немен айналысты?

Тірек сөздер: ғалым, зерттеу, тұңғыш, кен орындары, еңбектер.

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздерді қолданады.

Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) Етістіктің өткен шақ формасы

Мәтіннен өткен шақ тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазады, бірнеше сөйлем құрастырады.

Үлгі: Қаныш Сәтбаев ғалым болған.

Грамматикалық терминдерді қолданбаймыз!!!!

Кері байланыс. Жасыл немесе қызыл түсті стикер қағаздарымен тапсырманы орындаудағы көңіл-күйін білдіреді. Жасыл түс – тапсырма мен үшін қызықты да түсінікті болды, ал қызыл түс – тапсырманы орындау қиындық тудырды.

Сергіту сәті:

Кәне, кәне, тұрайық!

Алға, артқа бұрылайық.

Ағаштар секілді тербелейік,

Самал желдей соғайық.

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

(Ж) Оқушылар арнайы дайындалып қойған дереккөздерден (ғаламтор, энциклопедия, т.б.) Қаныш Сәтбаев туралы қосымша ақпарат іздейді. Ақпаратты кестеге жазады.

Әйгілі ғалым. (кім?)

Туылған уақыты.

(қашан?)

Ғалымның еңбектері.

(қандай?)

Ғалымның атында.

(не?)

Қосымша ақпарат.

  • Табылған ақпарат және мәтіннің негізінде диалог құрастырады, сұхбатқа түседі.

Дескриптор:

  • тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді;
  • ақпаратты кестеге түсіреді;
  • диалог құрастырады.

Кері байланыс: Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдау, жұптар бір-бірін төмендегідей бағалайды.

жақсы

орташа

төмен

(Ө) «Ғалым» деген сөзге бес жолды өлең құрастырады. «Синквейн» әдісі

1. Ғалым

2. Қандай? Қандай?

3. Не істейді? Не істейді? Не істейді?

4. Төрт сөз бар сөйлем.

5. Мағынасы жақын бір сөз.

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

Сен білесің бе? Ғылыми орталық (KZ)

https://www.youtube.com/watch?v=OhhxB0YRbgM

Уикипедия

https://kk.wikipedia.org/wiki/Қаныш_Имантайұлы_Сәтбаев

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Алма ағашы».

Оқушыларға сабақ басында үш түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына іледі.

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Сары түсті- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ әлі де сұрақтарым бар: көңіл – күйім орташа.

Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

Үй жұмысы

Қаныш Сәтбаев туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелеу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу