Қысқы демалыс. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Күні:

Сынып: 3

3-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қысқы демалыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2. тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

3.4.2.1. оқыған /аудио/ бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, тірек сөздерді орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдаған / оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады.

Лексикалық минимум

Қыс, қолдан

Грамматикалық минимум

Жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Қыс уақытының ерекшеліктерін ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

2-бөлім:

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Қарлы кесек» ойыны.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. «Қыс» сөзіне кезектесіп ассоциацияларын айтады. Шарты: әр оқушы алдыңғы айтқан оқушылардың сөздерін айтып, өз сөзін қосу керек.

Ой шақыру

Оқушылар сабақ тақырыбын сурет, жұмбақ арқылы анықтайды.

  • Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?

  • Балалар, бұл қай кезде болады?

Аяз қысып,Өрнек сызып,Терезені торлайды.Қарға омбығып,Бет домбығып,Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Тыңдаған / оқыған материалдың мазмұнын жазамын.

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материалдар

 

 

 

 

 Слайд

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Оқушылар назарына суреттер топтамасы ұсынылады. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы 4 жыл мезгілін анықтаймыз?

Қай мезгіл жоқ?

Қыста осы заттарды не істейміз?

Қолдан (қолданамыз)

Анимация арқылы Қыс және қолдан деген сөздер шығады.

Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі.

) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер.

Қыс келді. Қыста күн суық болады. Балалар қыс мезгілін жақсы көреді. Қыс мезгілі ең тамаша мезгіл. Балалар қыста шаңғы, шана және коньки тебеді. Шананы, шаңғыны, конькиді сырғанақ тебу үшін қолданады. Қыста балалар қардан аққала жасау үшін шелекті қолданады.

) Ой қозғау

  • Мәтін не туралы?
  • Қай мезіл сипатталады?
  • Қысқы демалыста балалар не істейді?
  • Қандай жағдайда шана, шаңғы, коньки қажет?
  • Аққала жасау үшін не керек?

Тірек сөздер: қыс, қолдан, үшін, шелек, сырғанақ.

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздерді қолданады.

Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) Табыс септік – кімді? Нені?

Табыс септігінің сұрағы барлық зат есім, яғни, түбір сөзге –ны, -ні, -ты, -ті, -ды, -ді жалғауы жалғанады.

Мысалы: ағаш-ты, адам-ды, шана-ны ...

Грамматикалық терминдерді қолданбаймыз!!!!

(Ж) Дұрыс жалғауды таңда!

Мен қыс...(ды, ты) жақсы көремін. Себебі қыста шаңғы...(ны, ні) тебемін. Қыста аққала...(ны, ды) жасаймыз. Қысқы демалыс...(ды, ты) асыға кұтемін.

(ЖЖ) Сурет бойынша жұмыс

Тапсырма: Тірек сөздерді қолданып, суретті сипаттап жаз.

Нені көрдің?

Үлгі: -

Мен суреттен ағашты көрдім.

Ал сен нені көрдің?

Тірек сөздер: қыс, бала, шырша, автобус, машина, үй, жол, қолдан, ұя, тиін, құс

Дескриптор:

  • Тірек сөздерді орынды қолданады;
  • Суретті сипаттап жазады.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

Сергіту кезеңі: «Төрт құбылыс» тренингіБалалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші: «қыс», - десе қолдарын алдына созады, «қар» десе жоғары көтереді, «аяз» дегенде екі қолын айналдырады, «боран» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.

) Жазылым

Тапсырма: Суретті сөзбен жазып, сөйлемді толықтыр.

А. Жыл мезілі .

Ә. -та адамдар жылы киеді.

Б. қыста жасау үшін

-ті қолданады.

Кері байланыс: «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

Дескриптор

- сурет бойынша сөйлемді толықтырып жазады;

- тірек сөздерді қолданып жазады.

(оқушылардың кейбірі құрмалас сөйлеммен ойын білдіреді.)

Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жеңіл болды

Ойландырды

Қиын болды

Есте сақта!

Қыс суық болады.

Қыста адамдар жылы киінеді.

Слайд

Таратпа материалдар

таратпа қағаз

слайд

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

жақсы, көңілді

орташа

төмен

Үй жұмысы

«Қыс» және «Қолдан» сөзін қатыстырып 3 сөйлем құрастырып келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу