Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? № 11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып "Қазақ тілі"

(Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л.Нұрмұханова, "Көкжиек-Горизонт" - 2018) оқулығы негізінде әзірленген.

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Сабақтың мақсаты:

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

Ертеңгілік шеңбер. «Жүректен жүрекке»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Сабақтың өту барысы.

Бұл нәтиже сабақ болғандықтан, оқушылардың осы бөлімде неге үйренгендерін тексеріп, бақылап, әрі қарай ілгерілеуіне өзіңізге қорытынды жасайсыз. Бірақ оқушылардың үрейін емес, қызығушылықтарын тудыру үшін сабақтың басында «Қазына іздеу» ойынын ұсыныңыз және соңында қазынаға жеткен оқушыларды тосын сый тосып тұрғанын айта кетіңіз.

«Қазына іздеу» ойынының орындау барысымен таныстырыңыз. Тақырыпқа байланысты құнды бір ақпаратты жасырып қойыңыз (қалауыңыз бойынша тәтті сыйлықтарды да жасыруға болады). Оқушылар жасырын ақпаратты табу үшін кедергілерден өтеді, яғни тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға ҚМЖ-да берілген карта (маршрут) ұсыныңыз. Кедергі 6 кезеңнен тұрады, яғни 1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу. 2-кезең. Сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтыру.

3-кезең. Сұрақтарға жауап беру. 4-кезең. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу. 5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау. 6-кезең. «Менің досым» деген тақырыпта фотоколлаж дайындау. Досыңның қандай бала екенін айту.

Барлық кезеңнен өтіп, қазынаға жеткенде оқушылардың белсенділігін мадақтап, жолдағы кедергілерден сүрінбей өтіп, қазынаға жеткендерін айтыңыз және қазынадағы құнды ақпаратпен таныстырыңыз (мақал-мәтелдер).

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде «Бір ауыз сөз» әдісін ұсынуыңызға болады. Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер жазылады (олар тақтаға алдын-ала жазылып қойылады): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу