Тазалықты сүйемін № 7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Тазалықта сүйемін № 7

Сабақтың мақсаты:

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

3.​1.​4.​1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Осы сабақ оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Ертеңгілік шеңбер. «Сенім аралы»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтауға болады: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б. Бұл тәсілдің мақсаты жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Үй жұмысын тексеру: «Шеңбер бойымен әңгімелеу»

Оқушылар шеңбер бойынан кетпей тұра береді. Мұғалім 1 оқушыға үй тапсырмасын әңгімелеуді бастауды тапсырады (өткен сабақтағы оқылым мәтіні), ол бірінші сөйлемді айтады. Екінші сөйлемді келесі оқушы жалғастырып айтады. Осылайша шеңбер бойымен мазмұндау жалғаса береді. Бұл әдіс оқушылардың мәтінді мазмұндау барысында өзін еркін сезінуге ықпалын тигізеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Суреттер және «Жерге қоқыс тастама!» атты қысқа бейнефильм көрсету арқылы сабақтың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-ишараны қолданыңыз. Осы ретте грамматика бойынша етістіктің болымсыз түрін мысал ретінде келтіріп, түсіндіріп кеткен дұрыс (таста/тастама, көтер/көтерме) Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Тыңдалым.

Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Алайда аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда, міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет оқып беріңіз. Одан кейін сұрақтарға әркім өзбетінше жауап береді. Тыңдалым мәтінін түсінгендіктерін тексеру мақсатында ұсынылған жауаптардың арасынан 1 немесе 2 дұрыс жауапты таңдайды,. Сұрақтарды тақтадан көрсетіп қойыңыз немесе қағазға шығарып беріңіз (әр партаға біреуден). Тапсырманы орындап болғаннан кейін, тақтадан дұрыс жауапты көрсетіңіз. Әркім өз жұмысын тексеріп, тақтада көрсетілген критерий бойынша бағалайды. Барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 оқушыдан сұрасаңыз жеткілікті. (Жұмыстарын жинап алып, сабақтың соңынан тексеріңіз). Осыдан кейін тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастырады. Ол үшін жұптасып ҚМЖда ұсынылған кестені толтырады. Соңында жұптар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды, смайликтер бойынша кері байланыс жүзеге асырылады.

Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, берілген суретке қатысты сөздерді жазады. Сол сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырады. Жұпта отырған оқушылар бір-біріне 3-5 сөйлем көлемінде әңгімелейді. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім тарапынан Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды? деген сқрақтармен кері байланыс беріледі, мадақтау айтады.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісін ұсынуға болады. Бұл әдіс тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Оқушының алған білімін саралай білуге дағдыландырады.

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендерді еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша өткен сабақтан қандай білім алғанын білуге болады.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.

Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу