Азға қанағат ет № 8 - 1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып "Қазақ тілі"

(Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л.Нұрмұханова, "Көкжиек-Горизонт" - 2018) оқулығы негізінде әзірленген.

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Азға қанағат ет - 2

Сабақтың мақсаты:

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабаққа қажетті құралдар:

Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз. Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

Ертеңгілік шеңбер. «Гүл сыйлаймын»

Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне гүл ұсынып, «Мен саған ... гүлін сыйлаймын» деп сөйлемге бір сөз қосып, айтады. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйледі мынандай сөздермен толықтырады: бақыт, ұқыптылық, әдептілік, тәртіптілік, әдемі, сыйластық т.б. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін дамыту. Бұл тәсіл сабақтың ең басында бір-біріне жақсы лебіз айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға әрі сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды. Осы жерде бірден жаңа сөздердің сөйлемде грамматикалық түрде қалай өзгеретінін бірден түсінідіріп кеткен дұрыс.

Оқылым.

Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Мақал-мәтелдерді оқиды, жанрын, тақырыбын анықтайды.  Мазмұны бойынша сурет салып, суреттерін сипаттайды. Өз жұмыстарын басқа топтардың алдында қорғайды. Соңында топтар «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды, мұғалім «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізеді. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз.

Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, өткен сабақпен байланыс ретінде диаграмманы толтырады, яғни салыстыру жұмысын жүргізеді. Кейіпкерлердің әрекетінде қандай ұқсастық бар екендігін анықтайды. Бұл жұмысты әркім өз бетінше орындайды. 2-3 баланың жұмысы тыңдалып, мұғалімнің ауызша комментарийі беру арқылы бағаланады.

Айтылым.

Келесі жұмысты оқушылар жұптасып атқарады, тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді, сұхбатқа түседі. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында 2-3 жұптың сұхбаттары тыңдалады, бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Жазылым.

Оқушылар суреттерді пайдаланып, мәтін құрайды. Қабілеті төмен оқушылар «Бірлесіп жазу» (мұғалімнің жазуды көрсете отырып, жазу барысында ойларын дауыстап айтады және оқушылардан өз идеяларын айтуды сұрайды) әдісімен мұғалімнің қолдауымен жазады. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіріп отырыңыз. Пунктуациялық белгілердің дұрыс қолдануын қадағалаңыз.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде «Жетістік баспалдағы» әдісін қолдануыңызға болады. «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу