Азға қанағат ет № 8 - 1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азға қанағат ет 8 - 1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіннің жанрын ажыратады, тірек сөздер бойынша мәтін құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, өз бетінше мәтін құрастырады.

Бағалау критерийлері

- оқыған мәтіннің жанрын анықтайды;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады;

- жіктік жалғауларды дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Еңбек, еңбекқор

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғаулары

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

ІІ бөлім. Азға қанағат ет № 8 - 1

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Тілді жаттықтыру.

Ойын: «Мен саған ... гүлін сыйлаймын»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір біріне өздері білетін сөздерді айтып, қағаз гүлді сыйға тартады.

Мысалы: Мен саған бақыт гүлін сыйлаймын, мен саған сәттілік гүлін сыйлаймын, мен саған әдептілік гүлін сыйлаймын, т.б.

Үй жұмысын тексеру

Бірнеше оқушы өздерінің жазған «Еңбектің наны тәтті» атты эсселерін оқиды, жұмыстарын жинап алу.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады)

- оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;

- жалғауларды дұрыс қолданамын.

Таныстырылым № 1

 

 

 

Таныстырылым № 2-3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: еңбек, еңбекқор

Сурет арқылы сөздерді меңгереді

Еңбек үйретеді, еңбекқор бала, балалар еңбектенеді, еңбек жолы.

(Ұ) Ой толғау:

  • Ы.Алтынсарин кім?
  • Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелері бар?
  • «Әке мен бала» әңгімесі не туралы?
  • Бұл әңгіме неге үйретеді?
  • Әңгімедегі нақыл сөз.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі.

Грамматикалық қоржын. Оқушылар бір-біріне допты лақытырып, айтады.

Мен еңбекқор+мын, біз еңбекқор+мыз

Сен тыңдай+сың, сендер тыңдай+сың+дар 

Сіз сатып ала+сыз, Сіздер сатып ала+сыз+дар

Ол айт+ты, Олар айт+ты

(Т) Мақал-мәтелдерді оқиды, жанрын, тақырыбын анықтайды.  Мазмұны бойынша сурет салып, суреттерін сипаттайды.

1-топ

Еңбек түбі - береке.

Ерінбеген етікші болады.

2-топ

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

3-топ

Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма? Неге?

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.Өткен сабақпен байланыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ

(Т) «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясымен «Әке мен бала» әңгімесі бойынша талдау жұмысын жасайды.

2-топ

(Т) Диаграмманы толтырады. Өткен сабақтағы Қадиша мен баланы салыстырады. Олардың әрекетінде қандай ұқсастық бар екендігін анықтайды.

Топтардың жұмысы тыңдалып, мұғалімнің ауызша комментарийі беру арқылы бағаланады.

(Ж) Оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

- Қадиша анасына көмектесті ме?

- Ол қуыршақтарын жинады ма?

- Бала әкесінің айтқанын тыңдады ма?

- Ол жерден не алып жеді?

- Қадишаның анасы не деді?

- Баланың әкесі қандай ақыл айтты?

2-3 жұптың сұхбаттары тыңдалады, оқушылар смайликтер арқылы бағалайды

(Ө, МК) Суреттерді пайдаланып, мәтін құрайды. Қабілеті төмен оқушылар «Бірлесіп жазу» әдісімен мұғалімнің қолдауымен жазады.

Қолдауға арналған жоспар:

- Әке мен баланың егіннен қайтуы

  • - Әкесінің жолда аттың тағасын тауып алуы
  • - Тағаны ұсталарға сатуы
  • - Үш тиынға шие сатып алуы
  • - Шиені баласына бермеуі
  • - Әкесінің баласына айтқан ақылы

Дескриптор:

1. Суреттерді пайдаланып шағын мәтін құрайды.

2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды

3. Жалғауларды дұрыс қолданады.

Таныстырылым № 4

Таныстырылым № 5

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8-9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12-13

Сабақтың соңы

(5 мин)

Рефлексия: Жетістік баспалдағы

Жақсы түсіндім

Түсіндім

Сұрағым бар

Мүлдем түсінбедім

Үй жұмысы:

Еңбек туралы үш мақал не мәтел жаттап келу.

Таныстырылым № 14

Таныстырылым № 15

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу