Қандай әдемі балапан №8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Қандай әдемі балапан №8

Сабақтың мақсаты:

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер), кеспе қағаздар, аудиомәтін,ақ парақтар, фломастер

Сабақты жоспарлау

Сабақты жоспарлау кезінде міндетті түрде лексикалық минимумды сақтай отырып, сыныптың әлеуетін, аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, мәтінді түрлендіру (жетілдіру, қысқарту, түзету) керек.

Әр оқушының қай деңгейде тұрғанын, алдыңғы сабақтарда нені үйренгендіктерін, қандай кедергілер болғандығын ескеріңіз. Соған сәйкес тапсырмалар дайындауды ұмытпаңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Бұл сабақта жаңа сөздерді тек суретті сөздік арқылы меңгертесіз. Суретті сөздікті тақтаға немесе қабырғаға іліп қойыңыз. Оқушылардың көз алдыларында болса, сөздердің дұрыс жазылуы естерінде сақталып қалады. Сондай-ақ бұл сөздер келесі сабақтарда да көрнекі жерде болуы керек. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың лексикалық минимум сөздерді қолдануларын бақылап отырыңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.

Тыңдалым. Тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытады. Тыңдалым мәтінінде таныс емес сөздер болса, түсінік беріп кетіңіз. Мәтінді 2 рет тыңдайды. Әр оқушыға дидактикада берілген карточканы қиып, таратып беріңіз. Суреттер мен сөйлемдерді сызық арқылы сәйкестендіреді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады. Орындап болған соң, қатар отырған көршілер жұмыстарымен ауысады. Бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді.

Оқылым. Тапсырманы орындау арқылы оқушылар оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуге, интонацияны дұрыс қойып оқуға үйренеді. Тапсырманы жұпта орындайды. Диалогты рөлге бөліп оқиды. Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіріңіз. 1-2 жұптың жауаптарын тыңдап, сынып оқушылары комментарий айту арқылы бағалайды («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың»).

Айтылым. Тақырып бойынша сөздік қорларын қолдана білуге, сұрақ қоя білуге, тыңдай білуге үйретеді. Деңгейлері әртүрлі оқушыларды үш оқушыдан тұратын шағын топқа бөліңіз. Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс жасайды. .

«Тыңдап отырған үштік» әдісі. Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен суреттегі құстар туралы білетін ақпаратымен бөліседі. Қандай құс екенін, ұясын қада салатыны, немен қоректенетіні туралы әңгімелейді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жазылым. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастырыңыз. Кестеде берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды. Қабілеттеріне қарай сөйлем құрауларына да болады. Тек белгіленген уақытта аяқтауларын қадағалаңыз. Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Айтылым. Сурет салғанды жақсы көретін оқушылар балапанның суретін салуларына болады. Кейбір оқушыларға үй құстарының балапандары бейнеленген әртүрлі дайын суреттер беруіңіз. Ең бастысы, тірек сөздерді орынды қолдану арқылы сипаттау мәтінін қолдана білулері. Бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу