Қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НЗМ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

2-сабақ

Қандай ғимарат?

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Тірек сөздерді қолданып, кесте бойынша ғимараттарды сипаттап айтады.

Оқушылардың кейбірі: Мәтінді талдап оқып, сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • Өткен сабақта танысқан жаңа сөздер мен үй тапсырмасын тексеру/пысықтау үшін сізге сұрақтар жазылған жеке-жеке парақтар (7 сұрақ 7 парақта) мен орамал керек. Әр параққа 1 сұрақты жазып, алдын ала домалақтап алыңыз. Ыңғайлы матадан жасалған орамал немесе лентаны дайындап қойыңыз.
  • Дидактикалық материалдардан кірпіш үйдің, ағаш үйдің, киіз үйдің суреттерін оқушылар санына сәйкес шығарып, жеке-жеке қиып алыңыз.
  • №3 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті сөздікті әр топқа 1 дана болатындай етіп шығарып алыңыз.
  • №4 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда кестені тірек сөздерімен қоса әр топқа 1 дана болатындай етіп шығарып алыңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. Әр топқа 1-2 дана болатындай етіп, мәтін жазылған кестені шығарып алыңыз.
  • №6 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген материалды топтар санына сәйкес (3 дана) жеке парақтарға шығарып алыңыз.
  • №7 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда «Жетістік баспалдағын» үлкен етіп шығарып, тақтаға іліп қойыңыз.
  • №8 слайдпен танысыңыз. Үйге берілетін тапсырманы (кластерді) оқушылар санына қарай көбейтіп, жеке-жеке қиып алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, «Мина» ойынына шақырыңыз. Ортаға 1 оқушыны шығарып, орамалмен көзін байлаңыз. Ортада айналып жүріп, аяғы тиген қағазды алуы керек. Қағаздағы сұрақты дауыстап оқытыңыз. Жауабын тыңдап, «Шапалақ» әдісі арқылы қолдау көрсетіңіз. Жауап толық болмаған жағдайда, сыныптастарынан көмек сұрауға мүмкіндік беріңіз. Ортаға келесі оқушыны шақырып, ойынды жалғастырыңыз. Үй тапсырмасы мен жаңа сөздерді қайталауға аралған бұл ойынға 4-5 минут уақыт бөліңіз.
  • Қолыңызға оқушылар санына сәйкес алдын ала дайындаған суреттерді алыңыз. Суреттерді көрсетпей, шеңбер бойымен тұрған оқушыларға таратыңыз. Оқушылар назарын суреттерге аударыңыз. 1-суретті көрсетіп, «Бұл қандай ғимарат?» деп сұраңыз. Осы сұрақты қайталай отырып, келесі суреттермен де жұмыс жүргізіңіз. Оқушыларға тақырыпты жариялаңыз.
  • Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін 3-сынып оқушыларымен бірлесе құру – қиын да қызықты процесс. Тақырыпты жариялағаннан соң: «Бүгінгі сабақта нені білгің келеді? Тақырыпқа қатысты нені білуіміз керек? Оларды меңгергеніңді қалай білеміз?» деген сұрақтарды қойыңыз. Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқу мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады. Оларды оқушылардың өздеріне жазғызыңыз (тақтаға) немесе дайын слайдты (қағазды) тақтаға іліп қойыңыз (№2 слайд).
  • Оқушыларды қолындағы суреттер бойынша 3 топқа біріктіріп отырғызыңыз.

(1-тапсырма) №3 слайдты ашып, жаңа сөздерді меңгертіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті сөздікті қолданып, жаңа сөздерді меңгертіңіз. Тез әрі дұрыс жауап берген топ жеңмпаз болатынын ескертіңіз. Әр жауапты барлық оқушылармен біріге отырып, «Бас бармақ» әдісімен бағалаңыз.

(2-тапсырма) №4 слайдты немесе алдын ала дайындап алған үлестірмелі қағаздарды (тірек сөздер мен кесте) пайдаланыңыз. №4 слайдты активстудио флипчаартына көшіріп, активқалам көмегімен мәтінді интербелсенді тақтада толықтыруға болады. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала шығарып алған үлестірмелі материалды әр топқа таратыңыз. Кестені толтыруға 4 минут, мазмұнын топта айтуға 1 минут, сыныпта мазмұндауға 1 минут берілетінін ескертіңіз. Әрбір топтық жұмыстың «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланатынын ескертіңіз.

(3-тапсырма) Мәтінді оқу барысында шартты белгілер қою – ақпараттарды талдау операциясы. Оқушыларға (топтарға) алдын ала дайындаған мәтінді таратыңыз. Мәтінді оқып, ақпараттарды талдауға 5 минут, сұрақтарға жауап дайндауға 1 минут, топтық жұмысты қорғауға 1 минут берілетінін ескертіңіз. Әр топтың жұмысынан кейін дескриптор арқылы бағалауды жүргізіңіз. Жауап берген топтың жұмысын басқа 2 топ дескриптор арқылы бағалайды. Төмен бағалаулар бойынша оқушылармен бірлесе отырып кері байланыс жүргізіңіз. №6 слайдты ашып (немесе алдын ала дайындаған грамматикалық анықтағышты таратып), реттік/есептік сан есімдердің «қабатты/ қабатта» сөздерімен тіркесу жолдарын (грамматикалық ережелер мен терминдерді атап көрсетпей) түсіндіріңіз.

(рефлексия) №7 слайдты ашыңыз. Оқушыларға сабақтағы өз жұмыстарына баға беруін сұраңыз. Төмен баға берген оқушылармен «кері байланыс» жүргізіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда «Жетістік баспалдағы» плакатын (алдын ала дайындап алған) қолданыңыз.

№8 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала шығарып алған үлестірмелі қағаздарды әр оқушыға таратыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу