Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй құстары №6 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары)

1-тарау

Жанды табиғат

6-сабақ

Үй құстары

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдылары тексеріледі. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсініп, сол мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жазуға үйренеді. Оқушылардың мәтінді көшіріп алмай, сөйлем құрылымын мағынасын жоғалтпай өзгерте білуге, кейбір сөздерді мағыналас сөздермен алмастыруға дағдыландыруға көңіл бөлу керек. Ең бастысы, мәтіннің мазмұны сақталу керектігін түсіндіру керек. Грамматикалық минимум ретінде қимылды білдіретін сөздер қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жазады және қимылды білдіретін сөздерді қолдау арқылы қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын жазады, қимылды білдіретін сөздерді орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі, мәтін мазмұнын жазуда мағыналас сөздерді қолданады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Бинго ойынын оқушылар қызыға ойнайды. Сондықтан тақырыпқа қатысты сөздерді естеріне сақтауға тырысады.

«Үй жануарлары және төлдері» тақырыбына «Бинго» ойыны.

Алты ұяшықтан тұратын кесте сызып, оның ішіне тақырыпқа қатысты сөздерді жазыңыз. Кестедегі ұяшық санын көбейтуіңізге де болады. Кестені таныстырылымнан да, плакаттан да көрсетуге болады. Кестені көрсетпей, оқушылардың өздеріне төркөздерге үй жануарлары мен төлдеріне қатысты алты сөз жазуды тапсырыңыз. Оқушылар жазып болған соң, кестені тақтадан көрсетіңіз. Мұғалімнің жазғанымен (тігінен немесе көлденеңінен) үш сөзі сәйкес келген оқушы «Бинго!» деп айтады. Сол оқушы жеңімпаз болады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Бұл сабақта жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгертесіз болмаса қимыл арқылы көрсетуге болады. Мағынасын түсінетін оқушының қимылмен көрсетуін сұраңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың лексикалық минимум сөздерді қолдануларын бақылап отырыңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.

Жаңа сөздерді меңгергеннен кейін, тақырып бойынша жұмбақтар жасырыңыз. Бұл оқушылардың тыңдалым дағдысын әрі ойлау дағдысын дамытады. Егер қажет десеңіз, жұмбақтардың мәтіндерін таныстырылымнан көрсетіңіз.

Оқылымға көшпес бұрын БББ кестесін толтыруды тапсырыңыз. Бұл кестені сабақтың басында, ортасында, соңында толтырады. Үй құстары туралы білетіндерін кестенің бірінші бағанына жазады, білгені туралы екінші бағанға, білгісі келетінін үшінші бағанға жазады. Бірінші бағанды толтырғаннан кейін, бірнеше оқушыға оқытыңыз. Сосын «Бірлесіп оқу» әдісі бойынша мәтінді әр оқушыға қағазға шығарыңыз немесе таныстырылымнан көрсетіңіз. Бұл әдіс бойынша өзіңіз жетекшілік жасап, оқушылармен бірлесе оқисыздар.Мәтінді оқу барысында таныс емес сөздерді қимыл арқылы, мағыналас сөздер арқылы меңгертіп отырыңыз. Арасында оқушылардың түсініп отырғандарын тексеру мақсатында сұрақ қойып отырыңыз. Мәтінді оқып болғаннан кейін, жақсы оқитын бір оқушыға оқытыңыз немесе тізбек бойынша бір сөйлемнен оқып шықсын. Мәтіннің мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін 4 сұрақты жеке-жеке қиып, үстелге қойыңыз. Сосын сұрақты оқып, «балмұздақ таяқшалары әдісімен кез-келген оқушының аты жазылған қағазды суырып аласыз. Қай оқушының аты шықса, сол оқушы сұраққа жауап береді. Бұл әдісті қолданудың тиімділігі: сұраққа барлыққа оқушы дайын отырады. Бұдан кейін мәтіннен қимылды білдіретін сөздерді бірлесіп атап шығуларын сұраңыз. Содан кейін БББ кестесінің екінші бағанын толтыруға уақыт беріңіз. Оқылымнан кейінгі тапсырмада оқушылар топқа бөлініп, Венн диаграммасын толтырады. Жабайы құстар мен үй құстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады. Әр тапсырмаға белгілі бір уақыт беруді және уақытқа жұмыс істей білулерін қадағалап отырыңыз. Қылым тапсырмасы бойынша оқушылардың жұмыс жасауларына кері байланыс беріп, бағалаңыз. Ал оқушылар тапсырмаға қатысты өздері «Пайыздық көрсеткіш» әдісі арқылы кері байланыс берсін.

Екінші мақсат бойынша берілген тапсырмада оқушылар оқыған мәтіннің мазмұнын жазады. Тапсырманы әр оқушы өз бетімен орындайды. Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұнын өз сөздерімен жазулары керек. Тапсырманы орындамас бұрын, сөйлем құрылымын өзгертудің, синоним сөздермен алмастыру жолын көрсетіңіз.Дескриптормен алдын-ала таныстырып кетіңіз. Оқушылар орындап болғаннан кейін қалаулары бойынша бірнеше оқушының жұмыстарын тыңдап, сыныптастары дескриптор бойынша бағалайды. Сабақ соңында оқушылардың дәптерлерін жинап алып, дәптерлеріне кері байланыс жазыңыз.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Сабақта оқыған жұмбақтардың 2-3 таңдап, жаттап келуді тапсырыңыз.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Сабақ барысында толытырған ББб кестесі бойынша сөйлеулерін сұраңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу