Мезгілді сипаттап жазу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Мезгілді сипаттап жазу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4.2.1 Сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: тақырыпқа байланысты сипаттау сөздерді жазады. Көбі: жай сөйлем құрап жазады, сипаттау сөздерді жазуда орынды қолданады, Кейбірі: көлемді сипаттау мәтінін жазады,басқа жыл мезгілдерімен салыстырады. | ||
Жетістік критерийлері | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін біледі Сипаттау сөздерін қолдана алады | ||
Сөздік | Төрт мезгіл бойынша өткен сөздерді еске түсіру, сөйлемде қолдану | ||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім, денсаулықты шыңдау. | ||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | Компьютерде мәтінді теріп жазады. | ||
Бастапқы білім | Жыл мезгілі –идеялар жинау | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Сабақтың мақсатымен таныстыру Мезгілді сипаттап жаза аламын. (Ұ) Шеңберге тұрып, төрт мезгіл туралы бір сөйлем айтады, келесі тұрған оқушы қай мезгіл екенін анықтайды. Мысалы, қар жауады.
. | Вивалдинің «Төрт мезгілі», оған суреттер, 42 минут:http://www.youtube.com/watch?v=GRxofEmo3HA | |
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 2 минут 7 минут 3 минут | (Ұ) Вивалдидің «Төрт мезгіл» шығармасынан үзінділер тыңдату. Өздеріне ұнайтын мезгілдер туралы сөздерді парақшаларына жазады. Жазған сөздерімен бөліседі және сыныптың тізіміне қосады. (МК) Бірлесіп жазу.
Сергіту сәті Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп, Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиiжаттығып, Үлкен кiсiболамыз. (Ө, Қ) Мезгілге байланысты суреттерді сипаттап жазады. (Т, Қ) Бағытталған жазу Оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалау:
(Ұ) Қалаулары бойынша бір-екі оқушы сипаттамаларын сыныпқа оқиды, ал оқушылар пікір айту арқылы бағалайды. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар көлемді сипаттама жаза алады/мезгілдерді салыстыра алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар үйренген негізгі сөздерін өздерінің суреттері туралы сөйлемдерді құруға қолданады. | Сергіту жаттығулары | |
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Бағдаршам» әдісі Жасыл түс – толық түсіндім Сары түс – сұрақтарым бар Қызыл түс - түсінбідім | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар өздігінен көлемді сипаттама жазады, ал қабілеті орташа оқушылармен жеке топ құрып, бағытталған жазуды жүргіземін. | Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру