Ауа райы (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. Қоршаған орта

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауа райы (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеуде қолданады.

Бағалау критерийлері

Қарапайым сөздер мен фразалардың мағынасын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Ауа райы, күн ашық, шуақты, күн бұлтты, жел соғады, жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Жыл мезгілдері туралы болымды/болымсыз формалы етістікті пайдаланып сөйлемдер айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар тақырыпқа қатысты сөйлемдерді болымсыз формада айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Жұбынды тап!» ойыны. Тыңдалым алды жұмыс. Оқушылар берілген сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, жұптасады. Жаңа сөздердің мағынасын таниды. Оқушылардың қателесуі мүмкін, бірақ мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегі арқылы тапсырманы орындайды.

Күн ашық / шуақты

Күн бұлтты

Жел соғады

Жаңбыр жауады

Найзағай жарқырайды

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

(Ж) «Мен білемін!» Тыңдалым. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, сәйкестендіруді орындайды. Жасаған жұмыстарын шағын топтарда тексеріп, дұрыс жауабын сынып алдына шығарады.

Тапсырманың мақсаты – жаңа сөздерді тыңдау арқылы қабылдау дағдыларын дамыту.

Тыңдалым мәтіні:

Бүгін сәуірдің он екісі. Көкшетау қаласында таңертең күн салқын, аздап жел соғады. Күндіз күн ашық болады. Кешке күн бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады.

Қала

Таңертең

Күндіз

Кешке

Түнде

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды.

(Ө) «Ойлан, айт». Оқушылар берілген кестеге бір күннің ауа райын жазады, суретін салады. Жұмыстарын сынып алдында қорғап, дескрипторлар арқылы бір-бірін бағалап отырады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, жаңа сөздерді іс-жүзінде қолдануға үйрету.

Қала:

Күні:

Таңертең

Күндіз

Кешке

Түнде

Дескриптор:

  • сөздерді дұрыс айтты;
  • суретті дұрыс салды.

Сабақтың соңы

6 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу