Ауа райы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-тарау «Табиғат құбылыстары» Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауа райы

Оқу мақсаттары

4.1.3.1* - тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша түйінді тұстарын және ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдалған ақпарат мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдер құрайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған ақпаратты толықтыру барысында жаңа сөздерді орынды қолданып, сұрақтар мен жауаптар құрастырады.

Лексикалық минимум

Ауа райы, болжам, жауын, синоптик

Грамматикалық минимум

Үндестік заңы

Қосымшаларды үндестік заңын сақтап қолданады.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар құрастыруда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz; iMektep.kz мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, шеңбер бойымен тұрғызу. «EXPO -2017» көрмесінің символына айналған Сәуле, Қуат, Мөлдір суреттерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Бүгінгі сабаққа қандай көңіл-күймен келгендерін табиғат құбылыстарын пайдалана отырып айтады. Мысалы:

Бүгін мен жұлдыздай жарқыраймын.

Ай сияқты биіктен көрінемін.

Желден тез жауап беремін, т.б.

- Бәрекелді, онда балалар, сөзді іспен дәлелдеп, үй жұмысын тексеріп жіберейік. «Табиғат құбылыстары» тақырыбы бойынша үйден сұрақтар дайындап келу тапсырылған. Дайынбыз ба?

- Дайынбыз.

«Серпілген сұрақтар» әдісі бойынша бір-біріне сұрақтарын қойып, жауап береді.

  • Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

( Табиғаттағы өзгерістер).

  • Күн бұлтты болса не болады?

( Жаңбыр не қар).

  • Қар жылдың қай мезгілінде жауады?

(Қыста).

  • Қыста су қандай өзгеріске ұшырайды?

( мұз болып қатады).

  • Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естиміз?

( Тырс-тырс)

  • Қатты жел болғанда қандай дыбыс естіледі?

( Гу –у-у).

  • Жарайсыңдар, балалар! Жақсы сұрақтар мен жауаптар айтқан оқушылар үшін шапалақ ұрайық.
  • Енді мына суреттерге назар аударайық.
  • Осы суреттер нені білдіреді? Мұндай белгілерді қай кезде қолданады деп ойлайсыңдар?
  • Қар жауады; жаңбыр жауады, күн ашық,т.б.
  • Теледидардан ауа райы туралы айтқанда.
  • Өте жақсы. Сонда біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?
  • Ауа райы туралы.
  • Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз «Ауа райы» тақырыбында сабақ өтеміз.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру3 минут

Сабақтың ортасы 29 минут

5 минут

6 минут

9 минут

Бейнебаянды тамашалайық.

  • Балалар, бейнебаянды тамашалау барысында өздеріңе таныс емес сөздер болды ма?

Сол сөздерді тақтаға жазайық.

Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздер: ауа райы, болжам, жауын, синоптик, метеорологиялық станция (мұғалім әр сөздің дұрыс айтылуы, оқылуы, жазылуының оқушылардың естерінде сақталуына көңіл бөледі.).

Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрайды.

(Мыс: Ауа райы болжамы. Синоптиктер болжайды. Жауын жауды.т.б).

Бейнебаян не туралы?

  • Ауа райы болжамын кімдер жасайды?
  • Жәндіктер мен жануарлар ауа райын болжай ала ма?

Есте сақта!

Жауын – жауын-шашын – жаңбыр.

Бізге жақын таныс жаңбыр сөзін жауын немесе жауын-шашын деп те қолдануға болады. Жауын жауды, жауын-шашын болды.

Бейнебаянды көріп отырып, өзімізге таныс біраз мамандық атауларын естідік. Өткен тақырыптар есімізде қаншалықты қалғандығын тексеріп, мына тапсырманы орындап көрейік:

1-тапсырма. Сөздер мен қосымшаларды сәйкестендіріп, себебін түсіндіріңдер.

Ұшқыш

Теңізші -лар, - лер

Көлік жүргізуші -дар , - дер

Маман - тар , - тер

Синоптик

2-тапсырма. Саралау тапсырмалары

3 топтың да алдында бір нұсқадағы АВС тапсырмалары болады. (А4 парағында). Соңынан тапсырмаларды барлық топ мүшелері компьютер арқылы бірге талқылап, жауаптарын тексереді.

І) «Артығын тап» ойыны

  • Ауа қысымы, ауа ылғалдығы, қар, ауа температурасы.
  • Метеорология. Синоптик, ауа райы, көкжиек
  • Жауын,жел,тау,ауа.

ІІ) Дұрыс/ бұрыс

  • Ауа райын болжаумен айналысатын мамандарды синоптиктер дейміз. +2. Ауа райының жағдайына бақылау жүргізіп отыратын мекеме метеорологиялық станция.+3. Синоптиктер жұмысы ең алдымен кеңседе жұмыс істейтіндерге көмегін тигізеді. -4. Кейбір жануарлар мен жәндіктер ауа райының құбылысын болжай алатын сезімтал келеді. +

ІІІ) Тест

  • Фильм қандай тақырыпқа арналған?

А) Көбелектер өмірі

В) Ұшқыштар жайлы

С) Жел туралы

Д) Ауа райы туралы

  • Ауа райын болжайтын мамандар –

А) Балгерлер

В) Болжағыштар

С) Синоптиктер

Д) Метеорологтар

  • Метеорология дегеніміз не?

А) Аспан мен оның өзгерісін зерттейтін ғылым

В) Жауын –шашын мөлшерін өлшейді

С) Ауа райын болжайтын мамандар

Д) Ауа райына бақылау жүргізетін мекеме

  • Метеорологиялық станцияда ауа райы картасының неше түрлі үлгісі жасалады?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

  • Метеорологиялық станция дегеніміз не?

А) Аспан мен оның өзгерісін зерттейтін ғылым

В) Жауын –шашын мөлшерін өлшейді

С) Ауа райын болжайтын мамандар

Д) Ауа райына бақылау жүргізетін мекеме

  • Метеорологиялық станцияда жасалмайтын жұмыс түрі

А) Ауаның температурасын өлшейді

В) Өсімдіктердің өсуін бақылайды

С) Желдің күші мен бағытын өлшейді

Д) Ауа ылғалдылығын өлшейді

  • Синоптиктер жинақталған мәліметтерді не істейді?

А) Жер серігіне береді

В) Тыңдарманға хабарлайды

С) Ауа райы картасына түсіріп, болжам жасайды.

Д) Ұшқыштарға хабарлайды

  • Синоптиктер жұмысына аса мұқтаж мамандар иесі

А) Ұшқыш

В) Мұғалім

С) Заңгер

Д) Дәрігер

  • Ауа райы өзгерістерін алдын-ала нелер сезеді?

А) Карта

В) Көліктер

С) Техника

Д) Жануарлар

  • Жер серіктері метеорологиялық станцияларға қандай мәлімет жібереді?

А) Күннің бетіндегі дақтардың фото суретін

В) Жер бетіндегі бұлтты алқаптардың суретін

С) Ауа ылғалдылығының мөлшерін

Д) Ауа температурасын

Дескриптор

  • Артық ақпаратты табады.
  • Ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажыратады.
  • Ақпарат бойынша берілген сұрақтарды түсініп, жауабын анықтайды.

3-тапсырма. Берілген сұрақ бойынша тиісті қосымшасын ( - лы , - лі; -ды, - ді;-ты, - ті) дұрыс жалғап жаз/айт.

Не? Қандай?

Бұлт Бұлтты

Жауын

Қар

Жел

Боран

«Бас бармақ» әдісі арқылы ҚБ жүргізіледі.

https://imektep.kz/kz/aua-rayi

https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1094

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1449

https://imektep.kz/kz/game#quiz-1095

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Үй тапсырмасы:

3-тапсырмадағы қандай сұрағына жауап беретін сөздерді қолданып, ертеңгі күннің ауа райын 3 сөйлеммен жазып келіңдер.

(Мыс: Ертең Алматыда күн бұлтты болады. Жауын жауады. Жауынды ауа райында қала тұрғындары мен қонақтарының қолшатырларын ұмытпауын ескертеміз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу