Балаларға арналған тақпақтарды оқу (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Балаларға арналған тақпақтарды оқу (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп/ рөлге бөліп оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.

Көптеген оқушылар: шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.

Кейбір оқушылар: шағын мәтінді толықтай түсініп, мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийлері

Шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Үй жануарлары, төрт түлік, пайдасы, сүт, қаймақ

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Кірпі» туралы ертегіні мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сөйлемдер тізбегі».

Оқушылар «Кірпі» ертегісін мазмұндап, қадамдар жасап жарысады. Бір сөйлем – бір қадам.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

3 мин

7 мин

6 мин

(МК) Суреттер сөйлейді. Оқушылар берілген суреттерге қарап, нені көріп тұрғанын әңгімелейді. «Төрт түлік» ұғымымен танысады. Үй жануарларының пайдасы туралы әңгімелейді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, үй жануарлары туралы білімдерін жаңғырту.

) «Оқы, біл!» Оқушылар берілген өлеңді алдымен іштей оқиды, өзіне таныс сөздерді белгілейді. Содан соң жұпта бір-біріне мәнерлеп оқиды. Таныс сөздері арқылы өлеңнің не туралы екенін айтады.

Мінезім жайлы – сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім – дәмді, сүтім – бал,

Сырымды менің ұғып ал:

Қажет болса сүт, қаймақ,

Балауса шөп бер, сиыр бақ.

Тапсырманың мақсаты – оқушының оқылым дағдысын қалыптастыру, мәнерлеп оқуға баулу.

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • Мен өлеңді түсіндім.

(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар өлең бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың өлең бойынша білімдерін қорытындылау.

  • Өлең не туралы?
  • Сиырдың қандай пайдасы бар?
  • Өлеңге қандай ат қоюға болады?

Дескриптор:

  • өлең тақырыбын анықтайды;
  • сұраққа дұрыс жауап береді;
  • өлеңге ат қояды.

(Ө) «Аяқталмаған сөйлемдер». Оқушылар өлең мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді толықтырып айтады.

  • Сиыр ...............................
  • Сиырдың сүтінен ................
  • Сиырдың еті .......................
  • Сиыр ............. жейді.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін ...........................

Маған бүгін .......................

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу