Балаларға арналған тақпақтарды оқу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: 23.02.2018

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Темирова Ж.А., Лепесбаева А.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Балаларға арналған тақпақтарды оқу (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.

Көптеген оқушылар: үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.

Кейбір оқушылар: үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және толық сақтайды.

Бағалау критерийлері

Жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Үй жануарлары, төрт түлік, пайдасы, сүт, қаймақ, көлік ретінде міну, алыс жерлерге апару, дауласу, жүн

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Төрт түлік малдың пайдасы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Бұл қай жануар?» ойыны.

Оқушылар тақырыпқа қатысты сөйлемдерді оқып, қай жануар туралы айтылғанын анықтайды.

  • Оны көлік ретінде мінеді.
  • Оның сүтінен қаймақ, айран жасайды.
  • Ол алыс жерлерге апарады.
  • Оның жүнінен киім тігеді.
  • Оның сүтінен қымыз жасайды.
  • Оның сүтінен шұбат жасайды.
  • Ол - кішкентай үй жануары.
  • Оның екі өркеші бар.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

3 мин

7 мин

10 мин

(Ж) «Кім көп біледі?» Оқушылар жұптарға бөлініп, ертегіні тыңдай отырып, орны ауысқан сөздерді ретімен қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын дамыту.

Ерте, ерте, ертеде төрт түлік мал дауласыпты. Сиыр айтады:

  • Жоқ, - деп келіспейді жылқы.
  • Ең пайдалы жануар – менмін! – дейді түйе.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды.

Сары түс – аздап қиын болды.

Қызыл түс – қиын болды.

) «Сұрақтар мен жауаптар» Оқушылар берілген сұрау есімдіктерін пайдаланып, ертегі бойынша сұрақтар құрастырады.

  • қандай?
  • не?

Дескриптор:

  • сұрақтарды дұрыс құрастырады;
  • сөйлем құрылысын сақтайды.

(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру.

  • Қойдың пайдасы қандай?
  • Жылқы сүтінен не жасайды?
  • Түйенің қандай пайдасы бар?
  • Адам қай жануарды көлік ретінде пайдаланады?

Дескриптор:

  • сұрақтарға дұрыс жауап берді;
  • сөйлемдердің құрылысын сақтады;
  • қатесіз жазды.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін ...........................

Маған бүгін .......................

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу