Спорт тұлғаларымен сұхбат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім « Тәні саудың – жаны сау» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Спорт тұлғаларымен сұхбат | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды 2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді Көбі: тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз орамдарымен сөйлемдер құрастырады, сұхбатқа қатысады. Кейбірі: өзі білетін спортшы туралы айтып береді. | ||
Жетістік критерийлері | Тақырыпқа қатысты сұхбатқа қатыса алады. | ||
Сөздік | Жеңіл атлетика, ауыр атлетика, атақты спортшы, олимпиада жеңімпазы, алтын медаль, әлем чемпионы, бірінші орын, жүлделі орын, күрестен әлем чемпионы, қазақстандық спортшы | ||
Құндылықтарды дарыту | Спорт тұлғаларын білу және құрметтеу, денсаулығын шыңдау, отансүйгіштік қасиет | ||
Пәнаралық байланыс | Дене шынықтыру | ||
АКТ қолдану дағдылары | Компьютерде тапсырмалар орындайды. | ||
Бастапқы білім | Ауа райын сипаттап жазу | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут | Денсаулық ол- күлуіңКөңіл – күйің жадырай,Денсаулық ол- жүруіңЕшбір жерің ауырмайДенсаулық ол-шыныққанБарлық дене мүшесі. Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Қандай адамның денсаулығы мықты болады? Сабақтың мақсатымен таныстыру: Тақырыпқа қатысты сөз орамдарын түсінемін. | ||
Сабақтың ортасы 3 минут
5 минут 6 минут 10 минут 2 минут 10 минут | (Ұ, Қ) Спортшы қандай болады? Кластер құру. (мықты, күшті, дені сау, еңбекқор, шыдамды, батыл, өз отанының патриоты) Жаңа сөздерді меңгерту(сөйлемдер құру) Жеңімпаз Белгілі, атақты, танымал Жүлделі орын (бірінші, екінші, үшінші) Алтын медаль (күміс, қола) Әлем чемпионы, олимпиада чемпионы Ауыр атлетика (жеңіл атлетика) Ауыр салмақ бойынша жеңіл салмақ бойынша (МК) Өздері білетін спортшылар туралы сұрау. Спортшылар туралы таныстырылым көрсету, ақпарат беру Боксшылар:
Спорт тұлғалары туралы сұрақтардың үлгісін ұсыну Сен бұл спортшы туралы естідің бе ? Ол қандай спорт түрімен айналысады? Ол қай елден? Оның бойы қандай? Ол туралы қызықты дерек айтып бер. (Ж, Қ) Спортшылар туралы карточкаларды қарайды және бір оқушы спортшының рөлін ойнайды, ал екіншісі оған дайын сұрақтарды қояды. Жинаған ақпараттар негізінде олар атақты спортшының кім екендігін табуға тырысады. (Ұ, Қ) Сұхбаттарын сыныптың алдында көрсету үшін жұптарды таңдау және оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалау:
Қалған оқушылар бағалайды. Сергіту сәті «Әлқисса» Оқушыларды үш топқа бөлу (Т) Спортшылар туралы карточканың көмегімен бір спортшы туралы мәтін құрастырып жазады, басқа топтарға оқып береді. Қалғандары бағалайды. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар спортшы туралы бірнеше сұрақтар қоя алады және оларға жауап бере алады, өзі білетін спортшы туралы мәлімет айтады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар негізгі мәселелерді түсіне алады және қабілеттері әртүрлі оқушы жұптарындағы екінші оқушының көмегімен үлгі бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады. | https://www.youtube.com/watch?v=TZdDf1hXnak Әлқисса | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия «Ағаш жапырақтар» әдісі Жасыл түс – толық түсіндім Сары түс – сұрақтарым бар Қоңырқай түс - түсінбедім | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Сұхбат үшін қабілеттері әртүрлі оқушылар жұптарын ұйымдастырамын. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өзі білетін спортшы туралы мәлімет айтады. | Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын. Егер оларға тапсырма жеңіл болса, олар басқа карточканы таңдауына мүмкіндік беремін. | Сергіту сәтін өткіземін. Қимыл, қозғалыста болу үшін түрлі тапсырмалар беремін. Денсаулық сақтаудың маңызын түсіндіремін. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру