Спорт тұлғаларымен сұхбат-2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім « Тәні саудың – жаны сау»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Спорт тұлғаларымен сұхбат-2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды

2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді

Көбі: тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз орамдарымен сөйлемдер құрастырады, сұхбатқа қатысады.

Кейбірі: өзі білетін спортшы туралы айтып береді.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сұхбатқа қатыса алады.

Сөздік

Жеңіл атлетика, ауыр атлетика, атақты спортшы, олимпиада жеңімпазы, алтын медаль, әлем чемпионы, бірінші орын, жүлделі орын, күрестен әлем чемпионы, қазақстандық спортшы

Құндылықтарды дарыту

Спорт тұлғаларын білу және құрметтеу, денсаулығын шыңдау, отансүйгіштік қасиет

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Компьютерде тапсырмалар орындайды.

Бастапқы білім

Спорт тұлғаларымен сұхбат

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Бинго» ойыны Тақырыбы: Қазақстан боксшылары

Ермахан Ибраимов

Серік Қонақбаев

Бекзат Саттарханов

Серік Сапиев

Геннадий Головкин

Бақтияр Артаев

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Тақырыпқа қатысты сөз орамдарын түсінемін. Спортшылар туралы қысқа диалогке қатысамын.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

2 минут

10 минут

(МК) Жаңа сөздерді меңгерту(сөйлемдер құрастыру)

сүйікті спортшым

шебер спортшы

жеңіл салмақ бойынша

ауыр салмақ бойынша

бірнеше рет, көп рет

оның шәкірті

дайындайды, тәрбиелейді

біздің мақтанышымыз

үміт күтемін, сенемін

(Ұ) Бірлесіп оқу. Сан есімдердің оқылуына тоқталу.

 Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды. 1998 жылғы Азия ойындарының, бірнеше Әлем чемионаттарының жеңімпазы.

Ермахан Ибраимовтың шәкірті Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз.

Сұрақтарға жауап бер.

1.Ермахан Ибраимов кім?

А) боксшы

Ә) хоккейші

Б) шаңғышы

2. Ермахан Ибраимов Сидней олимпиадасында қандай жүлде алды?

А) алтын

Ә) күміс

Б) қола

3. Ол қай жылғы Азия ойындарының чемпионы болды?

А) 1978

Ә) 1988

Б) 1998

4. Чемпионның алтын жүлделі шәкірті кім?

А) Бекзат Саттарханов

Ә) Мұхтархан Ділдәбеков

Б) Бахтияр Артаев

(Ж, Қ) Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру

Үлгі:

-Ермахан Ибраимов қандай спортшы?

-Ермахан Ибраимов - шебер спортшы.

Сергіту сәті «Әлқисса»

(Ө) Мәтіннен сан есімдерді тауып, сөзбен жазу.

71- жетпіс бір

, Қ) «Кейіпкерге сұрақ»

Ермахан Ибраимовқа қандай сұрақтар қояр едіңдер?

Үлгі:

Сіз неше жасыңыздан спортпен айналыстыңыз?

Сізге бокстан басқа тағы қандай спорт түрі ұнайды?

Сіз қалай тамақтанасыз?

Сіздің сүйікті спортшыңыз кім?

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен спортшы туралы диалог құрастыра алады,кейіпкерге сұрақ қоя алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар қойылған сұраққа жауап береді және үлгі бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады.

https://www.youtube.com/watch?v=TZdDf1hXnak

Әлқисса

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. Өзіңді бүгінгі сабақта нешінші орынға қоясың?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұхбат үшін қабілеттері әртүрлі оқушылар жұптарын ұйымдастырамын.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар кейіпкерге бірнеше сұрақ қояды.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Сергіту сәтін өткіземін. Қимыл, қозғалыста болу үшін түрлі тапсырмалар беремін. Денсаулық сақтаудың маңызын түсіндіремін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу