Тәні саудың – жаны сау Спорт тұлғаларымен сұхбат. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 4.05.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тәні саудың – жаны сау

Спорт тұлғаларымен сұхбат. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А 3 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді, сұрақ қояды, сұраққа жауап береді.

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз орамдарын түсінгендігін қимыл/сурет арқылы көрсете алады

 Сөздік қор

Тор, қақпа, шахмат, коньки, шаңғы, көзілдірік, таспа, зілтемір, айналысу, жүлде, спорт түрі, жетістік, құрал.

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Спорт түрлерін атай алады, спортшыларды сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту.

) «Алақай, балақай!» Жаттығу сәті.

Алдымен мұғалім көрсетеді, кейін оқушылардың біреуі айтып тұрады, қалғандары орындайды.

  • Орнымыздан тұрамыз.
  • Қолымызды белге қоямыз.
  • Басымызды оңға, солға бұрамыз.
  • Денемізді оңға, солға қозғаймыз.
  • Бір орнымызда отырып тұрамыз.

Презентация

Сабақ ортасы

7 мин

3 мин

12 мин

10 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) «Мен білемін!» Оқушылар жұптарда білетін сөздерін жарысып айтады. Кестеге жазған ақпараттарымен дұрыс/бұрыстығын салыстырады.

Футболдың құралы – қақпа.

  • Тор
  • Қақпа
  • Шахмат
  • Коньки
  • Шаңғы
  • Көзілдірік
  • Таспа
  • Зілтемір

Спорт түрі

Құралы

Спортшы қандай болу керек?

Спортшы не істейді?

(Ұ) Сергіту сәті

Бейнематериалда берілген әуенге сай қимылдар жасайды.

(Ж) «Түпнұсқамен салыстыр»

Сұрақтарды жинақтайды. Түпнұсқамен салыстырады. Дұрыс жинақталған сұраққа жауап жазады.

  • Сіз спорттың қай түрімен айналысасыз?
  • Сізге спортпен айналысу үшін қандай құралдар керек?
  • Футболшы болу үшін қандай қасиеттер керек?
  • Сіздің қандай жетістіктеріңіз бар?
  • Спортшы болу үшін не істеу керек?

, Қ) «Спортшымен сұхбат». Әр оқушыға кездейсоқ таңдау арқылы спортшылар мен спорт атаулары беріледі. Оқушылар жұпта отырып, біреуі сұрақ қоюшы екіншісі сұраққа жауап беруші роліне кіріп, диалогке түседі. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз орамдары беріледі. Қабылдау деңгейі төмен оқушыларға дайын сұрақтар ұсынылады. Сұрақтарды толықтырып, өз сұрағы ретінде қояды.

  • Теннисші
  • Мәнерлеп сырғанаушы
  • Футболшы
  • Ауыр атлетик
  • Сіз қай спорт түрімен айналысасыз?
  • Қандай спорт түрі сізге ұнайды?
  • Спортпен неше жастан айналысасыз?
  • Спортта қандай жүлделер алдыңыз?

https://www.youtube.com/watch?v=8QDaf94molo

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) "Сиқырлы доп". Доптың суретін салып, әр бөлігіне сабақта не білгенін жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу