Спорт тұлғаларымен сұхбат-2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Спорт тұлғаларымен сұхбат

Сабақтың мақсаты:

Тақырыпқа қатысты сөз орамдарын түсінемін.

Тақырып бойынша қысқа диалогке қатысамын.

«Бинго» ойыны

«Бинго» ойыны

Сөздік:

сүйікті спортшым

шебер спортшы

жеңіл салмақ бойынша

ауыр салмақ бойынша

бірнеше рет, көп рет

оның шәкірті

дайындайды, тәрбиелейді

біздің мақтанышымыз

үміт күтемін, сенемін

Ермахан Ибраимов

Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды. 1998 жылғы Азия ойындарының, бірнеше Әлем чемионаттарының жеңімпазы.

Ермахан Ибраимовтың шәкірті - Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз.

Сұрақтарға жауап бер

1.Ермахан Ибраимов кім?

А) боксшы

Ә) хоккейші

Б) шаңғышы

2. Ермахан Ибраимов Сидней олимпиадасында қандай жүлде алды?

А) алтын

Ә) күміс

Б) қола

3. Ол қай жылғы Азия ойындарының чемпионы болды?

А) 1978

Ә) 1988

Б) 1998

4. Чемпионның алтын жүлделі шәкірті кім?

А) Бекзат Саттарханов

Ә) Мұхтархан Ділдәбеков

Б) Бахтияр Артаев

Диалог үлгісі:

-Ермахан Ибраимов қандай спортшы?

-Ермахан Ибраимов - шебер спортшы.

Сан есім

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер.

Сұрақтары:

Қанша? Неше? (алты, жеті, жүз, мың)

Қаншасыншы? Нешінші?

-ншы, -нші, ыншы, інші (бір+інші, екі+нші, алты+ншы)

«Кейіпкерге сұрақ»

Ермахан Ибраимовқа қандай сұрақтар қояр едіңдер?

Үлгі:

Сіз неше жасыңыздан спортпен айналыстыңыз?

Сізге бокстан басқа тағы қандай спорт түрі ұнайды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу