«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында әңгімелер (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Дені саудың – жаны сау

Күні: 25.01.2017

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында әңгімелер (2-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/ қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: үлгі негізінде 1-2 сөйлемнен тұратын сөзді мұғалімнің көмегімен сөйлейді.

Көптеген оқушылар: үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.

Кейбір оқушылар: үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөзді байланыстырып сөйлейді.

Бағалау критерийлері

Берілген үлгі бойынша сөйлейді.

Тілдік мақсаттар

Тазалық сақтау, жуыну, жуу, тіс тазалау, шаш тарау, сүрту, сабын, тіс щеткасы, тарақ, сүлгі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Дені сау болу үшін не істеу керектігі жайлы сөйлемдер айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуенді тыңдап, сөздерді айналып жүреді. Әуен тоқтаған кезде қай сөздің қасында болса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады.

  • тазалық
  • тамақтану
  • айналысу
  • жуу
  • денсаулық
  • пайдалы
  • тазалау
  • сабын
  • сүлгі
  • дәрумен

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

2 мин

1 мин

7 мин

(Ұ) Ой шақыру. Үстел басындағы әңгіме. Оқушылар шағын мәтінді тыңдап, берілген сұрақ бойынша өздерінің ойларын ортаға салады. Алдымен өздері жеке ойланып, содан соң жұпта талқылап, кейін топта бөлісіп, соңында шеңберде тұрып әңгімелейді.

Ертеде Арман деген бір бала болыпты. Арманға кітап оқу, теледидар көру ұнайды. Бірақ Арман көп ауыра береді. Көп ауырмау үшін Арманға қандай кеңес беруге болады?

(Ж) «Ойлан, айт!» Оқушылар жұпта мәтіндегі кейіпкерге кеңес береді. Кеңес беруге көмек ретінде оқушыларға суреттер ұсынылады. Оқушылар жасаған жұмыстарын сынып алдында қорғап, бір-бірін берілген критерийлер арқылы бағалап отырады. Бағалау кезінде «үнсіз бағалау» қолданылады. Яғни оқушылар бір-бірінің бағаларын қойып, жұмысқа жабыстырады. Мұғалім де өз бағалауын жүргізеді. Егер сәйкессіздік болса, оқушылар қойған бағасына комментарий жасайды.

Арманға кеңес

Не істе?

Не істеме?

Бағалау критерийлері:

Кеңесті дұрыс берді

Сөздерді дұрыс айтты

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Оқушылар Whiteboard парақтарына смайликтердің бірін салып көрсетеді.

- тапсырма жеңіл болды.

- тапсырма аздап қиындау болды.

- тапсырма қиын болды.

Сергіту сәті. «Алақай, балақай!»

Оқушылар тақпақты айтады және орындайды.

1 – бір орында жүгір,

2 – 2 аяқпен секір,

3 – үш отырып, үш тұрып,

4 – қолыңды төмен түсір.

(Ө) «Ойлан, жаз!» Оқушылар мәтінді оқып, кейіпкерге кеңес жазады.

Ертеде Арман деген бір бала болыпты. Арманға кітап оқу, теледидар көру ұнайды. Бірақ Арман көп ауыра береді. Көп ауырмау үшін Арманға қандай кеңес беруге болады?

Кеңес:

Дескриптор:

  • кеңесті дұрыс береді;
  • сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа балаларға көмек ретінде сөз тіркестері ұсынылады. Бұл сөз тіркестері «жедел жәрдем» жәшігіне салынады.

Көп теледидар көрме

Далада серуенде

Пайдалы тағамдар же

Жаттығу жаса

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу